Ашытқы концентрациясы
Ашытқы өсірілетін аппараттан алынған 0,5 л мөлшердегі сынаманы Бюхнер воронкасымен ірі саңылаулы фильтр қағаз арқылы сүзіледі.
Алынған ашытқы пластинкасы морылғыш болғанша фильтрленеді. Өлшенген пластинканың жоғалуын болдырмау үшін фильтр қағазды фильтр қағазды алмаймыз,екінші төменгі қағаздың дөңгелек бөлігі ашытқының өлшенген бөлігін табақшаға таразы гирімен бірге орналастырамыз ашытқы массасына өзгерістер енгіземіз. Сосын фильтрленген 5г ашытқыны өлшеп және оның ылғалдылығын анықтаймыз. Ашытқының өлшенген массасына өзгерістер енгізіп және 1 л престелген ашытқының 75% ылғалдылығын анықтаймыз.
Анализдеу үшін берілген қондырғыны тәжірибе кезінде бекітілген арнайы коэффицентті бірге 80 % құрайды. Мұндай кезде қайта есептеу коэффиценті 0,8 тең болады.
Ортадан тепкіш сепаратордың сызба нұсқасы
Ортадан тепкіш сепараторларды қолдана отырып, гравитационды аймақты процесті концентрлеу қазіргі кезде микробиологиялық өнеркәсіпте кеңінен қолданылуда және азықтық биомассаны алуда микробтық суспензияны концентрлеудің негізгі әдісі болып табылады. Микробтық суспензияны концентрлеу «Вестфаль фирмасының ТА-40-02 типті ортадан тепкіш сепараторында жүргізіледі. Суспензия ағыны кіріп (1) құбырдан (патрубкадан ) ішкі орталық қуысқа (2) құбыршаға келеді және арнайы саңлау (3) арқылы сепарирлейтін тарелкілердің (4) пакетіне келеді, (4) олардың саңылаулары бар.
Ортадан тепкіш күштің әсерінен тарелкідегі ағын жеңіл және ағын (микроорганизм жасушасын құрайтын) фракцияларға бөлінеді. Жеңіл фракция (ОҚЖ) сепараторлардың орталық өсі бойымен ортадан тепкіш насостың көмегімен жоғары қарай жеңіл фракция (5) үшін сепаратордан (6) құбырша арқылы шығарылады. Ауыр фракция кеңістіктің барлығын толтырып, қабырға бойымен жоғары қарай (8) құбыр арқылы бастапқы порциясымен, мөлшерімен шығарылады.
Жұмыстың орындалуы
1.Сепаратордың берілген өлшемі бойынша эскиздің сызбасын сызу.
2.Берілген параметрлер бойынша биомассаның концентрленуін жүргізу.
3.Процестің әрбір 30-40 минут сайын келесі параметрлерін, демек
бастапқы суспензиядағы биомасса концентрациясын,
- сепараторларға берілетін суспензиясының мөлшерін,
- концентрленген суспензиядағы биомасса концентрациясын,
- алынатын суспензияның мөлшерін,
- сепарирленген культуральды сұйықтық мөлшерін алып отыру керек.
1 – бастапқы суспензияны шығаруға арналған құбыр; 2- ішкі таратушы аумақ; 3- суспензиялардың табақшаларға өту жолындағы саңылау; 4- саңылаулары бар сепарациялаушы пакет; 5- жеңіл фракция үшін арналған ортадан тепкіш насос; 6- жеңіл фракцияларды шығаруға арналған құбыр; 7- қабырға ішіндегі аймақ; 8- концентрленген суспензияларды шығаруға арналған құбыр
5 сурет . ТА-40-02 сепараторының сызба-нұсқасы
4 Кесте - Сеператордың жұмысын оперативті бақылау формасы
Мерзім
|
Уақыт
|
Берілетін суспен
зияның саны, л/сағ
|
Берілетін суспен
зиядағы биомасса концентрациясы,г/л
|
Концентр
ленген
суспензияның саны,
л/сағ
|
Концентр
ленген сус
пензиядағы биомасса концентр
ациясы,г/л
|
Сеперация
ланған культуралды сұйық
тықтың саны,л/сағ
|
Концентрлен
ген
суспензиядағы
биомасса концентра
циясы,г/л
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өлшенетін көлемінің орташа мәні
|
Ескерту: Егер сепаратор сұйықтықтың ағынын 3-ке бөлетін болса, онда әр ағынның мөлшерін анықтау керек.
Сепаратордың уақыт бірлігіне сәйкес материалдық балансын анықтау керек.
Концентрлеу коэффициентін есептеу (қоюлану) керек.
Барлық көрсеткіштерді кестеге енгізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |