Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет43/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53
Лаб

Өсіру және сақтау. Өсіру үшін өсімдік экстрактын қолданады, оларды қантпен байытады. Тез өсетін түйнек бактерияларын келесі ортада көбейтеді және сақтайды (г/л).
Бұршақ қайнатпасы — 100
Сахароза — 10-20
Агар - 20
Бастапқы рН - 6,8
Жәймен өсетіндер үшін – аналогично маннитті глюкозаға қосады. Қисық агары бар пробиркаға штаммдардың өзіне сәйкес егеді, және содан соң 4-10 тәулік бойы 28-30°С температурада ұстайды. Сұйық культура (инокуляторда) алу. Өсіруді тербелгіш қондырғыда колбаларда немесс 5 литрлік бөтелдерде жүргізеді. Орта - бұршақ қайнатпасы немесе фасоль+глюкоза, немесе сахароза + тұздар, г/л:
(NH4)2 SO4 - 0,5; К2НРО4 - 0,5; К2НРО4 ·З Н2О - 0,5; MgSO4 · 7Н2О-0,2; СаСО3 -1; рН = 6,3 - 7.
Бактериясы бар бір қисық агарлы пробиркадан 1 колбаға егеді. Колбадан 3-5 % сұйық культура алып бөтелкелерге егеді. Тез өсушілер (ТТБ) үшін өсіру уақыты 48 сағат, жәймен өсірушілер үшін (ЖБТ) 72-96 сағат, 1 мл-де 8-15 млрд.жасушасының концентрациясын алады. Дәл осындай ортада ферментерде өсіріледі (бұршақ қайнатпасының орнына бұршақ ұнын пайдалануға болады). ТТБ арналған уақыт 24-36 сағат, аэрациялау 0,7 - 1,5 айн/мин., ЖТБ 36-48 сағат үшін, аэрациялау үшін 0,3 - 1 айн/мин температурасы 28-30°С. Ферментерге көбік сөндіргіш қосады. Бактерия титрі—5 млрд/мл.
Торфты дайындау.Әлсіз қышқылды (рН - 3-6) ағаш торфын қолданады. Бөгде қоспалардан тазартылып алынған торфты 25-30 % ылғалдылыққа дейін кептіреді 0,1 мм дейін майдалайды, араластырғышқа салады, 35-40 % дейін ылғалдайды, рН = 6,8-7 болғанша бормен нейтралдайды, араластырады, полиэтилге буып орайды, әрбір пакет 150-160 гр және дәнекерлейді. Көлемі бойынша толтыру коэффициенті - 40-50%. Газ алмасу мүмкіндігін сақтау үшін полиэтилен пакетінің қалыңдығы - 0,006-0,008 мм етіліп жасалынады.
Залалсыздандыру.Термиялық залалсыздандыру дұрыс келмейді, сондықтан өндірістік қондырғыда радиациялық гамма-сәулелендіруді 2,5 Мрад/қуаты — 340 рад/сек мөшерлеп қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет