Микроорганизмдерді өсіру әдістерін тізімдеңіз және сипаттаңыз. Мысалдар келтіріңіз. (Почти толык)
Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.
Жасуша ішіне сыртқы ортадан енген қоректік заттардан жаңа заттардың түзілуі немесе олардың ыдырауы күрделі биохимиялық процестердің көмегімен іске асып отырады. Микроорганизмдер табиғатта қоректік заттарды өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан немесе тірі жасушалардан алады. Зертханаларда микроорганизмдерді өсіру үшін арнайы әзірленген қоректік орталар қолданылады.
Микроорганизмдерді дақылдауға арналған қоректік орта және олардың түрлері:
1. Табиғаты бойынша: табиғи, жасанды, синтетикалық
2. Құрамы бойынша: күрделі, қарапайым
3. Тығыздығы бойынша: тығыз, сұйық, жартылай сұйық
4. Қолданылуы бойынша: негізгі немесе универсалды, элективті, дифференциалды-диагностикалық, арнайы
Қоректік орталар. Құрамы.
Табиғи - сүт, сарысу, жұмыртқа, ет, картоп, сәбіз, бұршақ, өсімдіктер және олардың қайнатпасы
Жасанды қоректік орталар арнайы рецептор бойынша дайындалады. Олар жануар текті және өсімдік текті болып екіге бөлінеді.
Синтетикалық орта деп - белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын ортаны атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |