Жасушалық инженерия – арнайы әдістер арқылы жаңа типті жасушаларды құрастыру. Жасушалық инженерия міндеттеріне әртүрлі жасушалардың жеке фрагменттерінен тіршілікке қабілетті жасушаларды құрастыру, әртүрлі түрлерге жататын тұтас жасушаларды біріктіру және т.б. жатады. Жасушалық инженерия биотехнологияда теориялық мәселелерді шешу, пайдалы қасиеттері болатын және де ауруларға төзімді болып келетін өсімдіктердің жаңа формаларын жасау үшін қолданылады. Жасушалық инженерияда зерттеудің негізгі нысаны мен тәсілі жасушалық өсірінді болып табылады. Кез-келген әдіс сияқты жасушалық өсірінді әдісінің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Хромасомалық инженерия. Хромасомалық инженерияны эукариоттық организмдерде қарастыруға болады, өйткені прокариоттарда “хромасома” және “геном” түсініктемелері біртекті қарастырылады. Жалпы хромасомаларды және олардың фрагменттерін биологиялық обьектілерді өзгерту әдісі ретінде тасымалдау, әсіресе, болмашы рөл атқарады. Дегенмен, мұндай әдістің іргелі мағынасы зор және болашақта елеулі рөл атқаруы мүмкін. Хромасомаларды басқа клеткаға трансформациялау үшін алдымен оларды клеткадан бөліп алу қажет. Ол үшін клетка бөлінуін колхициннің көмегімен метафаза сатысында тоқтады. Одан соң клеткаларды гипотонизациялайды. Хромасомалардың таза бөлігін дифференциалды центрифугалау арқылы бөледі. Бүгін хромасома немесе оның бөліктері реципиенттік клеткаға пиноцитоз жолымен енеді. Клеткаға енген инактілі хромасомалар өздерінің құрылымын бірнеше ұрпақ деңгейінде сақтап тіпті репликациялана алады. Нәтижесінде мұндай хромасомалардың гендері полипептид синтезін іске асыра алады. Жалпы клеткаға енген хромасомалар ақырында лизосомалқ ферменттер әсерінен жеке бөліктерге ыдырайды. Хромосомалық инженерияның әдістері жануарлар хромасомаларының генетикалық картасын құрастыруға үлкен мүмкіндіктер береді.
1838 жылы голландия ғалымы Мульдер алғаш рет барлық тірі ағзаларда кездесетін күрделі органикалық затты белгілеу үшін «протеин» (ақуыз) терминін қолданған болатын. Тірі ағзаның құрамына кіретін ақуыздар немесе протеиндер (грекшеден protos – бірінші, алғашқы) органикалық қосылыстардың 50-85%-ын құрайды. 1871 жылы орыс химигі Н.Н.Любавин ақуыздардың амин қышқылдарынан тұратынын анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: |