Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология



бет7/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Ақуыздық инженерия. Қазіргі кезде көптеген аурулардың шығу себебі, ақуыз метаболизмінің бұзылуынан туындайтыны белгілі болып отыр. Сондықтан, ақуыздар мен олардың жүретін зат алмасу ерекшеліктерінің терең зерттелуі, денсаулық сақтау саласында гендерді зерттеудегіден де артық жетістіктеріне алып келуі мүмкін деген пікірлер жасалынуда. Ғылымдағы ақуыздар түзілуі мен олардағы метаболизм үдерісінің жүруін зерттейтін бағыт – протеомика деп атала бастады.
Ақуыздардың құрылымына тоқталу үшін, олар жөніндегі бірнеше маңызды мəселелерді еске түсіруге тура келеді. Ақуыздардың амин қышқылдарынан тұратыны белгілі. Амин қышқылдарының шеткі жақ үзіктері (цепь), кейбір жағдайларда циклдық құрылым түзетін көмірсутекті үзіктерінен құрылады. Амин қышқылдары өз кезегінде, аминдік топтарынан (–NH2) жəне карбоксилді топтарынан (–СООН) тұратыны бізге белгілі. Амин қышқылдары бір-бірімен пептидтік байланыс арқылы жалғаса келе, полимер түзеді.
Инженерлік энзимология – қажетті өнім алу мақсатында жекелей бөлініп алынған немесе тірі жасушалар құрамындағы ферменттің (немесе ферменттер жүйесінің) каталитикалық қызметін пайдалану болып табылады. Бұл жердегі биозерзаты – фермент (немесе ферменттер комплексі). Практикалық жұмыстарда көбінесе қызметі тұрақтандырылған жəне пролонгиланациялатын иммобильденген ферменттері (иммобильденген жасушалары сирегірек) қолданылады. Инженерлік энзимология əдістерінің негізгілерінің бірі – иммобильденген ферменттер дайындау. Иммобильденген ферменттер дегеніміз (лат. Immobilis жылжымайтын, қозғалмайтын) – табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі қабатына бекіген немесе полимерлік гельдер құрамына енгізілген, қозғалысы шектелген ферменттер. Иммобильденген ферменттердің белсенділігі – биотехнологиялық жүйелерді үздіксіз жүргізу, катализдейтін реакцияның жылдамдығын реттеу, өнімді синтездеу көлемін арттыру мүмкіндіктерімен анықталады. Иммобильдеу əдістері арқылы қажетті тасымалдаушыларын іріктеп алу, ферменттерге қажетті рН орталарына, температураға шыдамдылығы, денатурлаушы əсерлерге тұрақтылығы сияқты қасиеттерін мақсатты түрде өзгертуге болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет