Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Биотехнология мамандығы ғылым ретінде



бет5/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Биотехнология мамандығы ғылым ретінде заманауи биологияның маңызды бөлшегі болып табылады. Бұл сала XX ғасырдың 80-ші жылдарында жандана бастаған. Жаңадан шықан әдіснамалық және әдістемелік тәсілдер ғылымға аяқ басқан шақта осылардың барлығын іс жүзінде тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік берген. Оқымыстылардың болжамдары бойынша алдағы уақытта биотехнологиялық тауарлар әлем нарығын жаулап алады.
Биотехнология биологиялық ғылымдар, техникалық ғылымдар, экономикалық ғылымдар болып бөлінеді.
Биологиялық ғылымдарға: молекулалық биология, биохимия, генетика, физиология, микробиология, жалпы биология және экология жатады.
Техникалық ғылымдарға: гидрогеология, металлургия, энергетика, информатика, математикалық моделдеу, электроника жатады.
Экономикалық ғылымдарға; экономика, менеджмент және маркетинг жатады.



  1. Биотехнологияның негізгі обьектісі қандай? Қазіргі биотехнологияның қандай әдістері бар? (толық)

Биотехнологияның негізгі обьектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын негізгі биотехнологиялық əдістерге келесілер жатады:

  • гендік инженерия;

  • жасушалық инженерия;

  • хромосомдық инженерия;

  • ақуыздық инженерия;

  • инженерлік энзимология.

Генетикалық инженерия – бұл рекомбинантты РНҚ және ДНҚ алудың әдістері мен технологияларының, организмдерден гендерді бөлудің, гендермен манипуляцияларды жүзеге асырудың және оларды басқа организмдерге енгізудің тәсілдерінің жиынтығы. Генетикалық инженерия биотехнологияның – әр түрлі мақсаттағы өнімдер мен процестерді жасау және түрлендіру үшін тірі организмдердің немесе олардың туындыларының мүмкіндіктерін барынша толық іске асыруға мүмкіндік беретін табиғи және инженерлік ғылымдар интеграциясының құралы болып табылады. Гендік инженерияның нақты бір белгілердің жиынтығы бар генотиптердің өзгеріске ұшырайтын дәстүрлік селекциядан айырмашылығы интеграция жолымен және оған гендерді соның ішінде бөтен гендерді экспрессиялау арқылы организмнің геномын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл ретте өндірістің биотехнологиялық әдістерді пайдалану шығын деңгейінің төмендетілген өнеркәсіптік көлемдегі ГММ-дан өнім алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет