19
лып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ри-
залығыңа бөле!» – деп дұға жасайды. Алла Тағала:
«Әй Зәкария! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз.
Аты Яхия. Бұрын ешкімге ондай ат қоймаған едік», – дейді.
Сөйтіп Алла Тағала Зәкарияның дұғасын қабыл етеді. Ол ұлды
болатынына таңданып:
«Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кем-
пір. Расында өзім де кәріліктен қурадым», – деді.
Оған Алла
Тағала:
«Ол маған оңай. Өйткені, Мен сені жаратпастан бұрын
сен де жоқ едің», – деді. Тіршілікте ешбір жанға жаманшылық
жасап, қиянат қылмаған Зәкария қартайған шағында зор қу-
анышқа бөленді. Құдайдың құдіретімен
оның бедеу әйелі
ұл тапты. Нәрестенің есімін Яхия деп қойды. Бұл қиссаның
ғибраты мол. Сабыр сақтап Алладан тілеп, үміт үзбеу керек.
Әлемдердің Раббысы Алла Тағаланың құдіреті шексіз.
Зәкария пайғамбардың перзент сұраған дұғалары:
Рабби ля таҙарни фардан уа анта хайру-ль-уариҫина.
Мағынасы:
Раббым! Мені жалғыз қойма. Сен – ең жақсы
мұрагерсің.
Рабби hаб ли мин лядунка ҙурриййятан ҭаййибатан
иннака сами’у-д-ду’аъ
Мағынасы:
Раббым! Маған қасыңнан игі ұрпақ бер. Шәксіз
Сен – тілекті қабыл естушісің.
Перзент сүюді қалаған пенде
осы дұғалар арқылы Алла-
дан сұраса болады. Бұл дұға қаншама шаңырақты шаттыққа
бөлеп, талай отбасыға бала сүйгізді.
20
Тұтқын бала
Біздің қоғам пайдасыз ақпараттармен уланған. Арамызда
футболистердің аты-жөнін жанұясына дейін жаттап алғандар
жетерлік. Ал екі өмірімізге де
пайдалы тілге жеңіл, бірақ ақы-
ретте салмағы ауыр болатын сөздердің бар екенін де білмейтін-
дер баршылық. Алланы ұлықтайтын,
Пайғамбарымыз (Оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткен сөздерді жаттап,
айтып жүрсек барымызды бүтіндеп, жоғымызды толтырады
екен. Мысалы, бірде бір кісі Пайғамбарымызға
(Оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын) келіп:
«Менің балам жау қолында қалып қойды, олар оны
тұтқынға алып қинап жатыр», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз
(Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
Достарыңызбен бөлісу: