Бұл тұрақты, құбылыстар арасында қайталанатын байланыс



бет3/11
Дата02.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#173046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жоспарлау барлық басқару функциясының ішіндегі ең елеулісі болып саналады.

Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің мақсатын таңдап алудан тұрады, сондай-ақ осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады.



Ұйымдастыру. Ұйымдастыру – демек нендей бір құрылым құру. Ұйым өзінің жоспарын орындау, сол арқылы мақсатына жету үшін конструкциялауға қажетті көптеген элементтер болады.

Мотивация. Егер кімде кім ұйымдағы нақты жұмысын орындамаса, онда тіптен ойдағыдай жасалған жоспардың және ұйымның неғұрлым жетілдірілген құрылымның ешқандай мәні болмайды. Сондықтан да мотивацияның міндеті сол, ұйым мүшелері өздеріне бекітілген міндеттерді жоспарға сәйкес орындау.

Бақылау. Күтпеген жағдайға байланысты ұйым өзінің бастапқы, басшы белгілеген бағытын өзгертуі мүмкін. Сондықтан да басшының міндеті, ұйымға елеулі зиян келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгеру себебін тауып, анықтау болуы тиіс.

Бақылау – бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі.



3. Басқарудың бастапқы пункті – басқаруды қалыптастыру және мақсатты таңдау болып саналады. Мақсаткерлік – басқару жүйесінің басты қасиетінің бірі. Басқару мақсаты – басқару жүйесі тапсырмасының еңбек әрекеті нәтижесінде орындалуы, оған қол жеткізу үшін басқару объектісінің жұмыс істеуі.

Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды рөл атқарады. Мақсатты айқын тұжырымдаудың психологиялық мәні де бар, өйткені мұның өзі ұжымның өз ісіне сенімділігін арттырады, өз жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік береді, әрі кейбір мақсатының орындалуынан қанағат алады. Мақсат неғұрлым биік, мәртебелі болса, эмоция да соғұрлым әсерлі, мұның өзі түптеп келгенде мақсатқа тезірек жетуге ықпал етеді. Жануарлар организміндегі барлық рефлекстерді қарастыра келіп, И. П. Павлов былай деп жазды: мақсат рефлексінің маңызы ерекше зор, өйткені ол әрқайсысымыздағы өмірлік энергияның негізгі формасы.

Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиіс. Не ресурстардың жеткіліксіздігінен, не сыртқы факторлардан ұйымның мүмкіндігіне нұқсан келтіру қолайсыз жағдайға, баянсыз мақсатқа ұшыратуы мүмкін. Қол жетпеген мақсат жұмыскерлердің ынта-ықыласын кемітеді.

Басшы мақсатты айқындағаннан кейін стратегиялық жоспарлау процесінің диагностикалық кезеңін бастайды. Әуелі сыртқы ортаны үш параметрі (өлшемі) бойынша зерттейді.



  1. Ағымдағы стратегиясының әр түрлі аспектілеріне ықпал ететін өзгерістерді бағалау.

  2. Фирманың ағымдағы стратегиясына қандай факторлар қауіп төндіретіндігін анықтау. Бәсекелестер қызметін бақылау басшыға кездейсоқ қауіп-қатерге әзір болуына мүмкіндік береді.

  3. Жоспарды түзету арқылы жалпы фирмалық мақсатқа жету үшін қандай факторлардың көбірек мүмкіндік беретіндігін анықтау.

Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы стратегиялық жоспарды жасаушылар ұйым тарапынан тысқары факторларды бақылап, фирмаға төнетін қауіп-қатер мүмкіндігін анықтайды.

Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкіндікті болжалдау уақытына, кездейсоқ жағдайда жоспар жасау уақытына, қауіп-қатер төнген жағдайда күні бұрын ескерту уақытна және стратегияны белгілеу уақытына мүмкіндік береді.



Экономикалық факторлар. Бұлардың ішінде: инфляция немесе дефляция қарқыны, жұмыс бастылық деңгейі, халықаралық төлем балансы, салық ставкасы. Осы факторлардың әрқайсысы фирмаға қауіп-қатер төндіруі, немесе жаңа мүмкіндіктер беруі мүмкін.

Саяси факторлар. Бизнес пен кәсіпкер фирмалары жетекшілерінің саяси процеске белсене қатысуы ұйым үшін мемлекеттік саясаттың маңызды екендігін көрсетеді. Басшы жергілікті органдардың, үкімет билігінің нормативтік құжаттарын, қаржыландыру үшін ұзақ мерзімге салынған кредиттерін, жұмысшы күшін жалдау жөніндегі шектеулерді және сауда алу мүмкіндігін, сондай-ақ басқа елдерге қарсы бағытталған немесе басқа елдермен жасалған тарифтік және сауда келісімдерін қадағалауы тиіс. Үкімет іскерлік мәселелерге тұрақты және белсенді қатысатындықтан, ұйымдар саяси әрекетті мұқият қадағалауы тиіс.

Нарықтық факторлар. Өзгермелі нарықтық сыртқы орта тұрақты талдау объектісі болып саналады. Нарықтық сыртқы ортаның факторлары алуан түрлі, оған жататындар: сыртқы демографиялық жағдайдың өзгеруі, әр түрлі бұйымдардың өмірлік циклына нарыққа енудің жеңілдігі, халық табысының бөлінуі және саладағы бәсеке деңгейі. Әртүрлі нарықтық факторларды талдау басшыға оның стратегиясын айқындауға және бәсекелестер бойынша фирма позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Технологиялық факторлар. Сыртқы ортаның технологиясын талдау өндіріс технологиясындағы өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.

Халықаралық факторлар. Көпшілік ірі фирмалар мен мыңдаған ұсақ компаниялар халықаралық рынокта жұмыс істейді.

Осыған орай біршама кең ортадағы өзгерістерді тұрақты бақылап, бағалап отыруы қажет.



Бәсеке факторлары. Бәсекелесушілерді талдауға төрт диагностикалық элемент қатысады:

  1. бәсекелесушілердің болашақ мақсатын талдау

  2. бәсекелесушілердің ағымдағы стратегиясын бағалау

  3. бәсекелесушілерге қатысты саланың, сонда жұмыс істейтін компанияның алғышарттарын шолу

  4. бәсекелесушілердің күшті және осал жақтарын мұқият зерттеу.

Әлеуметтік мінез-құлық факторлары. Бұл факторларға қоғамның өзгермелі үміті, қарым-қатынасы мен әдет-ғұрпы жатады. Қазіргі кездегі кейбір маңызды факторларға қоғамның кәсіпкерлерге деген сезім күйі, қоғамдағы әйелдердің рөлі, менеджерлердің әлеуметтік мақсаты және тұтынушылар мүддесін қорғау қозғалысы жатады. Ұйым үшін көбінесе әлеуметтік фактор, проблеманы туғызады. Корпорацияның өзі де, әлеуметтік факторлардың өзгеруіне қарай бейімделіп отыруы тиіс.

Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауіп-қатерлерді пайымдап, соған қарсы күні бұрын әрекет ете алады.

Жүргізілген талдаудан кейін басшы ұйымның күшті және осал жақтарына баға береді. Жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін басшы ұйымның ішкі мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы, сондай-ақ сыртқы проблемалар хақында толық хабардар болуы тиіс.

Ішкі ортаны бағалау және талдау

Фирманың ішкі мүмкіндіктерді игере алатындығын, ал сыртқы мүмкіндіктерді пайдалана білетіндігін, сондай-ақ өзіндегі әлсіз тұстарын айыра алуын анықтаудың зор маңызы бар. Процестер көмегімен ішкі проблемалар диагнозын жүзеге асыруды басқарушының тексеруі деп атайды.


Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1.«Проктер энд Гембел» корпорациясының басқару деңгейлерін талдау

2.«Тенғыз Шевройл» корпорация бейнесінің мәдениеті

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005

2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006

3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006

4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005

5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005



6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
Модуль 2 Менеджменттің қызметтері және олардың ерекшеліктері

Тақырыбы5.Менеджменттің жоспарлау қызметі
Сұрақтары: 

1. Стратегиялық  жоспарлау түсінігі, мәні және мазмұны

2. Тактикалық жоспарлау түсінігі, мәні және мазмұны

3. Фирма  ішіндегі  деректерді  талдау


«Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.

Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: қорларды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау. 

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.

1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.

2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.

3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.

4.  Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

 

2. Тактикалық жоспарлау түсінігі, мәні және мазмұны
Барлық басқару  функциясының  ішінде  жоспарлау  ең  елеулісі  болып табылады, өйткені   мұның  өзі  кез-келген  балама  әрекеттерді  таңдап  алуға  байланысты. Жоспарлау  кәсіпорын  басшылығындағы  негізгі  функциялардың  бірі  ғана  емес,  оның  өзі  жеке  төрт  функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен  жұмыс істеу, басшылық, жетекшілік  және  бақылау)  көрініс  табады. Сонымен, басшы  ұйымдастырады,  кадрлармен  жұмыс  істейді,  бағыттайды  және  басшылық  етеді, сондай-ақ  жоспарға  сәйкес  көзделген  мақсатқа  жету  үшін бақылайды.

Жоспарлау  процессінің  өзі  төрт  кезеңінен  тұрады:

- жалпы  мақсатты  ойластыру;

- белгіленген  біршама  уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға)  арналған нақтылы  мақсатты  айқындау;

- оған жетудің  жолдары  мен  амалдарын  айқындау;

- жоспарлы  көрсеткіштерді  нақты  көрсеткіштермен  салыстыру  арқылы   қойылған  мақсатқа  жетуді   бақылау.

Жоспралаудың мынадай  кезеңдері  ажыратылады:

- бар мүмкіндікті  бағалау;

- басты  міндет немесе  мақсат;

- жоспарлы  ұсыныстар;

- баламалар (альтернативтер);

- баламаларды  қойылған мақсаттармен  салыстыру;

- баламаларды  таңдау;

- қосалқы  жоспарлауды  тұжырымдау;

- жоспарды  цифр  түрінде  көрсету.

Жоспарлау  әрқашанда бұрынғы  деректерге  сүйенеді,  алайда  кәсіпорынның  болашақтағы  дамуын  айқындауға  және  бақылауға  тырысады.



Кәсіпорынның  жоспарлы  жүйесі, кәсіпорынның сан  түрлі   саласының  қызметі  бір-бірінен  айқын  шектелген, жекелеген  жоспардан  тұрады.

Қойылған  мақсатқа  жетуді  көздеу  үшін  жоспарлау  кәсіпорын  қызметінің барлық  маңызды  учаскелерін  қамтитындығын  тағыда  атап  көрсетеміз. Мұның  өзі  барлық  кәсіпорында қолданылады.



Жоспардың  маңызды сатысы – кәсіпорын өндірісінің нақты  бағыттары  бойынша  жоспар  жасау. Онда  жекелеген  міндеттер  қойылып, ақша, сондай – ақ  сандық көрсеткіштері  айқындалады. Мұнда жоспарлау  кезінде  осал  орындар, демек  істің даму  мүмкіндігін шектейтін  салалар  қатыстырылмауы  тиіс.

Батыста  соңғы  жылдары  әдетте  осал орынға  өткізу, қаржылар немесе  жұмысшы  күштері  жатады.

Барлық жоспардың  табыс  және  шығын  бөліктерінің сальдосы (акив  пен  пассив  жиынтығы)  бюджетке, яғни шығын  мен  табыс  жоспарына  енгізіледі, өйткені  мұндайда  негізгі  бағыт  өтімділігі – кәсіпорынның   төлем  қабілетін  сақтау болып саналады.

3. Фирма  ішіндегі  деректерді  талдау

Өткізуді жоспарлау

Өткен жылдардағы  айналымды  талдау  әдетте  кесте  түрінде  беріледі  де, мұның  өзі көп  жылғы  кезеңді  қамтиды. Айналымды талдауда  мыналар  көрсетілуі  тиіс:

1. сату айналымы (саны);

2. сату құны (айналымы);

3. сату  бағасы (өз өнімдері, бәсеке  өнімдері);

4. өз  өнімдерінің  өткізу  болжамы;

5. өткен  жылдары  орын алған  жоспарлы  және  нақтылы   көрсеткіштердің   арасындағы  ауытқулар.

Тауарды өткізу мынадай  өзгерістер бойынша айқындалады:
1. тауарлар  және тауар  топтары;

2. сауда  есебі, және өкілдіктер (сатушылар) есебі;

3. сатып алушылар  тобы;

4. тапсырыс (заказ)  саны  мен  жиілігі;

5. сату  жиілігі.

Нарық туралы  деректерді  талдау
Нарық туралы  деректерді  алу  өте  қажет, тек  айналым көлемі  мен  рынок  факторларының  әрекеті  арасындағы  ара  қатынасты талдау, оның  болашақта  дамуын  нақты  бағалауға  мүмкіндік  береді.

Нарықты талдауда  мынадай  көрсеткіштер талданады:

1. аудандарға  және  жас  топтарына  бөлінген  тұрғын  халық  санының  динамикасы. Мұндай  мәлімет  халық  тұтанатын  тауарларды  сатуда  ұйымдастыруда  айрықша  маңызы  бар;

2. әр  жан басына  есептегенде  тауар қолданылуы. Мұндай  деректерді  талдау  тұтынушылардың  талғам тілегіндегі  өзгерістерді  анықтауға  мүмкіндік  береді;

3. халық (сатып  алушылар) табысының  динамикасы. Мұндай  мәлімет шығынның  бір  түрінен  екінші түріне ауысуын  көрсетеді;

4. сатып  алу  қабілетінің  динамикасы;

5. рыноктағы  барлық  салыстырмалы  тауарларға  тұтастай  сұраныс  динамикасы.


 Жарнаманы  жоспарлау

Жарнаманы  жоспарлау  товарды  өткізу  жоспарымен  бірге жасалады  да, мұнда  рынокты  зерттеу  нәтижесі  және бәсекелестер  қабылдаған шаралар ескеріледі.

Жарнама  бюджетін  анықтауда  мынандай  тәсілдер  анықталады:

1.айналым  процессін  анықтау;

2. бәсекелестер  жұмсаған  қаржыны  анықтау;

3. өзінде  жұмсалған  жарнама қаржыларын  бағалау.


Жарнама  бюджетін  анықтауда  мынандай  тәсілдер  анықталады:

1.айналым  процессін  анықтау;

2. бәсекелестер  жұмсаған  қаржыны  анықтау;

3. өзінде  жұмсалған  жарнама қаржыларын  бағалау.


Пайданы  жоспарлау
Пайданы (кірісті) жоспарлау – кәсіпорынды  басқарудың  негізгі  құралы. Кәсіпорын  стратегиясы  әдетте  пайда  табуға  тырысатындықтан, бұл  жоспар ең  өзектісі  болып  табылады.

Пайданы  жоспарлаудың  алуан  түрлі  тәсілдері  болады, соның төртеуі  неғұрлым  кең  тараған.

1. Тиімділікті  болжалдау. Жұмсалған капиталдың  тиімділігін  есептеу  үшін  айналым  капиталы  шамасы  мен  жұмсалған  капиталдың  түскен  пайда  мөлшерінің  (%)  мәнін  табады. Мұнда  мынадай  формуланы  пайдаланады:

Айналым  қаржысы + күрделі  қаржы - жұмсалған  капитал;

2. Тиімділік  шегін  талдау. Бұл  тәсіл  график  арқылы  жоспарлы  пайданы, әрі  капитал  айналымы  кезінде  шығын  шамасының  ауытқуы  бойынша  кәсіпорынның  икемділігін  көрсетуге  мүмкіндік  береді.

3. Өтімділікті  жабуды  талдау (тиімділікті  талдау  варианты).

4. Аз айналымды  регрессивтік  бөлу. Аталған  тәсілмен  капитал  айналымының  айлық  өзгерісі  жоспарлы  пайданың  мөлшеріне  қандай шамада  ықпал  ететіндігін  бақылауға  мүмкіндік  береді.


Тақырып 6. Менеджменттің ұйымдастырушылық құрылымы
1. Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян – қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Ұйымдастыру функциясының міндеті, еңбек әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртіп арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппараттағылардың барлығының жекелеген қызметшілері мен жұмыскерлердің іс - әрекетін бейнелейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі.

Ұйымдастыруды басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: мамандандыру, пропорционалдық, параллелдік, дәлділік, үздіксіз және ырғақтылық. Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс – қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлескен әрекет етуге мәжбүр болады. Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үщін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Басшының міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу. «Ең қолайлы құрылым – бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш – жігерін өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайты, сол арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым ».

Басқару құрылымын қалыптастырған кезде мынадай теориялық көзқарастар, тұжырымдар болуы мүмкін.

1.Классикалық теория өндірісті басқару құрлымын қалыптастыруды мынадай ретпен жүргізуді ұсынады: басқару қызметтері мен түрлерін айқындау, басқарудың нақты функциясы бойынша іс – әрекет ауқымын есептеу; құрлымдық бөлімшелер қалыптастыру; жұмыскерлердің басқару функциясын атқарудағы өкілдігі мен жауапкершілігін белгілеу; олардың нақты қызмет түрін айқындау.

2.Бихевиоралдық көзқарас бірінші кезекте өндіріс ұжымындағы жұмыскерлердің әлеуметтік ролін көтеруге негізделген. Мұндайда басқару аппаратындағы жұмыскерлердің бірлескен іс – қимылы, егер олар бірлесіп жұмыс істеуге ықылас білдірсе ғана тиімді болатындығын мойындайды.

3.Жүйелік көзқарастың мәні сол, өндірістік ұйым мен басқару құрлымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осы көзқарастың бір түрі, құрлымды басқару шешімдерін қабылдауға және жүзеге асыруға қажетті механзм ретінде қарастыру болып саналады.

4.Ситуациялық көзқарастың мәні сол, басқару құрлымын құрудың ең қолайлы әдісі әр түрлі ситуациялық нақты факторлерге сүйенуі тиіс.

Бюрократтық көзқарас еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бір – біріне қарай бөлінуінің жетілдірілумен, бұйрық беру тізбектілігімен, қызметшілердің жүріс – тұрысында көптеген ережелер мен нормалардың болуымен, кадрларды, іскерлік және кәсіптік сапасына қарай таңдауымен сипатталады. Бюрокраеттық құрлымның кемшілігі – стандартты ережелердің, процедуралар мен нормалардың мәнділігін, қызметкерлердің өз міндетін мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуді, осы ұйымдағы басқа да бөлімшелердің тапсырманың орындалуын талап етуді, сондай – ақ клиенттер мен қоғам арасындағы өзара әрекетті асыра сілтеушілік. Мұның өзі іс – қимылдағы икемділіктің әлсіреуіне әсер етеді. Икемділіктің жойылуы ұйым ішіндегі қызметкерлердің қарым – қатынасында да пайда болуы мүмкін.



2. Ұйымдық құрылымды қалыптастырған кезде, отандық және шет елдік көп жылғы басқару практикасында оны құрудың ұйымдық принцптерін басшылыққа алу қажет.Басқарудың ұйымдық құрлымын қалптастырғанда мына төмендегілер қолданылады.

Жарлық беру мен дербес жауапкершілік принцпінің тұтастығы. Бұл қосарлы бағыныштылық және қарама – қайшы нұсқау алу мүмкіндігін жояды.Әрбір звенода тек бір ғана басшы болуы, әрі тек соған ғана бағынып, тікелей соның өзінен шешім алу қажет. Оның үстіне басқарушы звено екі объектіні бір мезетте ойдағыдай басқара алмайды.

Сызықтық және функционалдық басшылықтың аралығындағы дәл шекараны анықтау принцпі. Сызықтық басшылық өндіріс өнімдерін басқарды жүзеге асыруы, ал функционалдық – сызықтық басшылыққа жәрдем көрсетуі, оны қажетті ақпараттармен, ұсыныстармен т.б. жабдықтауы тиіс.

Бақылаудың өрістеу принципі. Бір адам тиімді басшылық ете алатын бағынышты адамдар санын, яғни басқара алу нормасын дұрыс анықтау қажет.

Функционалдық нақты шектеу принципі. Әрбір өндірістік және функционалдық звеноның айқын белгіленген функциясы болуы, басқа бөлімшелердің функциясына басшылықтың барлық деңгейінде араласпауы тиіс. Мұндай жағдайда диалектикалық функция тұтастығы мен басқару құрылымы бөлімдерінің, бюроның және басқа да ұйымдық бөлімшелердің белгілі бір санының қалыптасуымен көрінеді.

Әрбір звено басқарушысы мен лауазымды адамның правосының, міндеті мен жауапкершілігінің сәйкес келу принципі. Тек осындай сәйкестік қана қолайлы шешімді қабылдауға және жүзеге асыруға нақты жағдай жасайды.



Икемділік пен үнемділік принципі. Басқарудың ұйымдық құрылымы ішкі және сыртқы орта өзгерістерін ең аз шығынмен сезінуі, яғни өз бетінше бейімделу қасиеті болуы тиіс.

Жоғарыда аталған принциптермен қоса, басқару құрылымын жасауға ішкі және сыртқы факторлар да ықпал етеді.



3.Ұйымдық жүйелердің тиімді құрылымы тұтастай және басқару жүйелері жекелей тиімді басқару үшін қажетті жағдай болып саналады. Құрылым ұйымдағы байланыстырушы звено (буын) болып саналады, жоспарлаудың формалары мен ұйымдастырылуына, жұмысты бөлу және оны үйлестіру әдістеріне ықпал етеді, әрбір басқару звеносының, әрбір бөлімшенің, өз жұмысын қалай істейтіндігін өлшеуге (салыстыруға) мүмкіндік береді. Құрылым белгілі бір дәрежеде басқару технологиясын да алдын ала айқындайды, ақпарат айналымының жолына және басқаруда техникаларды пайдалану әдістеріне ықпал етеді, кадрларды іріктеу мен орналастыру жөнінде міндеттер қояды.

Нақты ұйымдық жүйелерде басқару құрлымының айырмашылығына қарамастан, әдетте, олар екі классикалық құрылым типінің – линиялық және функционалдық типтердің үйлесімі болып табылады.

Басқарудың линиялық жүйесінің ерекшелігі сол, әрбір бөліміне жоғары орындағы басқарманың біреуіне ғана бағынып, тек сонда ғана тиісті нұсқаулар алады. Соның нәтижесінде ол өзіне бағынышты бөлімшені басқаруды қамтамасыз етіп, барлық басқару функцияларын дербес атқаратын болады.

Басқарудың функционалдық құрылым жүйесі, әдетте, құрылымның дербес түрі ретінде қарастырылады. Бұл онша дұрыс емес. Құрылымдағы функционалдық элементтердің қажеттілігі ұйымдық жүйелер күрделене бастап, линиялық басшылардың жұмысын жеңілдету қажет болған кезде пайда болды.

Шешім екі бағытта айқындалады. Бірінші – басқару шешімдерін жоспарлауды, басқаруды және есептеуді әзірлеу жөніндегі міндеттерді орындау үшін ұйымдық жүйелерде басқарудың функционалдық органдары: жоспарлау – өндіріс бөлімі, кадрлар бөлімі, еңбек және еңбекақы бөлімі т.б. құрыла бастады. Бұл басқару функциялары.

Екінші бағыт – өндірістік процесстерінің күрделене түсуі, оларды жекелеген сатыларға бөлуді қажет етті. Егер өндіріс процессінің құрам бөліктерін қарастыратын болсақ, онда өндірістік еңбектің қалайша бөлінетіндігін және маманданатынын аңғаруға болады. Бөлінетіндері: жаңа бұйымдарды конструкециялау және өндірісті әзірлеу, негізгі және қосалқы өндірістер, сынау және пайдалану.

Әдебиеттерде кейде құрлымның тағы бір типі – линиялық штабтық типі болатындығын көрсетеді. Бұл онша дәл емес.





Егер мақсатқа сай басқару, мамандандырылған бөлімшелерді басқарумен сенімді үйлесетін болса, онда ұйымдық жүйедегі басқару жүйесі тиімді жұмыс істейтін болады. Мұның өзі басқару жүйесін матрицалық құрлымда ұйымдастырғанда қамтамасыз етіледі де, мұның өзі ғылыми – зерттеу, жобалау, конструкторлық, өндірістік, сынау басшыларының линиялық жауапкершілігімен үйлесуіне, әрі бөлімшелердің бағдарламаға басшылығын қамтамасыз етуіне ықпал етеді.



Матрицалық құрлым екі құрлымды – линиялық функционалдық және бағдарламалық – мақсаттық құрлымдарды үйлестіру жолмен ұйымдастырылады. Бірінші құрылымға сәйкес ұйымдағы жекелеген қызмет салалары, ғылыми – зертеу, конструкторлық іздестіру, тәжірбиелік қндіріс, сынау т.б. бойынша басқару ісі құрылады. Линиялық құрылымдағы басқару қарым – қатынасы тікелей байланыс түрінде қалыптасады.

Екіншісі құрылымға сәйкес бағдарламаларды басқару ұйымдастырылады. Бағдарламаларды басқаруды қамтамасыз ету үшін бағдарлама басшысы тағайындалады. Бағдарлама басшысы – бұл типтегі басшы. Ол бір проблема бойынша жұмыс істейтін ұйым басшысы секілді басқаруды қамтамасыз етеді. Оның мақсаты – ұйым ішіндегі кедегілерді жеңу, линиялық құрылым элементтеріндегі туындайтын мүдде қайшылықтарын жою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет