Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы психологиялыќ негізі



бет8/18
Дата31.08.2023
өлшемі438.5 Kb.
#476369
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Ерте жастағы девиантты мінезі

Дискуссиялық әдіс. Топтық дискуссия талқыланатын мәселені шешуде қатысушылардың мативациясын жоғарылатып, белсенділік іздеуде эмоционалдық бөлшегін береді. Дискуссиялық талқылаудың объектісі шынайы жағдай, әртүрлі сипаттағы мәселелер, өзара әрекеттесу жағдайы болуы мүмкін. Тәжірибеде көрсетілгендей топтық қатысушыларда өнегелі есеюдің көрсеткішінің белгілі түрде шығуы алдында құрал мақсаты тұрған жағдайда оның іс-әрекеті тоқтап қалуы мүмкін.
Өнегелі мәселелерді талқылау әдісі диагностикалық және конструктивт-тәрбиелеу мақсатын көздейді. Сол және басқа да әрекеттердің қоршағандар және өзінің жеке «менін» қатынас жүйесінде қызметі үшін таңдаудың соңын қатысушылар түсінеді. Топтық дискуссия тобы әрбір оқушының өзінің көзқарасын, инициативінің дамуын, өзінің ақыл-ойын қолдана білетін және коммуникативті сапаларын түсінумен сәйкес келеді, келесі тапсырмаларды шешуге көмектеседі:
а) оқушыларды шынайы жағдайларды талдап тұрлаусыздан маңыздысын ажыратуға, мәселені қалыптастыруға үйретеді;
б) басқа адамдармен өзара қатынасуын және тыңдай білуге үйрету;
в) негізгі қиын жағдайды моделдеу;
г) көптеген мәселелер үшін мүмкін шешім үшін сипатын демонстрациялау.
Шынында да, әдістің түрлілігі мәселелік жағдайды талдауда жалпы кемшілігі бар – тұлғаның интеллектуалдық жағын қарастыру. Сондай-ақ адам барлық жағдайға, осы жағдайды оның құру (қатынас және өзіне қатынасын) жүйесіне тәуелсіз қабылдауына қарай әсерленеді.
Ойын әдісі. Оның мақсаты операция және рольге бөлу болып табылады. Операциялық ойындардың (іскерлік, басқару) қойылым сценарийлері болады. Онда қабылданған шешімнің «дұрыс» және «дұрыс емес» қатаң алгоритмі бар, яғни оқушы болашақта болатын жағдайларға әсер ететін шешімдерді көреді. Мұндай ойындарда құрал оқуларының аспектілерін, сондай-ақ шындыққа сай, тұлғааралық аспект қалыптасқанын анық көрсетеді. Сонымен имитациялық ойын моделі шынайы болатындардан қашпайды. Ролдік ойындар драматизация элементтері өзін бейнелеу потенциясының жасалуына және ашылуына бейімдейді. Олар оның қызметі үшін белгілі бір шынайы жағдайлармен оқушыларды кезіктіреді.
Ойын әдістеріне жатқызуға болады:
1) әлеуметтік драма (жағдайлы тренинг) оның мақсаты іскерлік немесе күнделікті қатынас шарттарында әріптесімен эффективті қарым-қатынасқа қол жеткізу.
2) Индивидтің ішкі қағтығысын шешуге бағытталған психодрама техникалары өзін толығымен тұлға ретінде түсіну үшін шарт тудырады.
3) Контригр (коммуникативті әрекетті ұғынуда трансакты әдіс).
Топтың контригрлік тапсырмасы психолог-тренингтің жетекшілігімен ашық әңгімелесуді эго-жағдайларында және өзінің жасырын ойындарының, манипуляциясының, өмірлік рөлдердің спецификасын және т.б. қарастырудан тұрады.
Мұндай әдістер тұлғаның когнитивтік, эмоционалдық, әрекеттік компонентіне жақындау шынайылыққа үйрету жағдайына жететіндіктен өте сапалы болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет