Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет118/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында материалды жауапты 
тұлғаға 2005 жылы сәуір айының 25 жұлдызындағы № 1039 шығыс 
кассалық ордерге сәйкес, ұзақ мерзімді іссапар шығыстарына 150000 
теңге сомада қолма-қол ақша берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
2150 — 1010 = 150000 1 типті операция
А (+) А (-) 
2) зейнеткерлікке шығар кезде еңбегі сіңген қызметкерге 2005 
жылы қыркүйек айының 30 жұлдызындағы кәсіподақ комитетінің 
шешімі мен № 9 қабылдау-өткізу актісі бойынша ұзақ мерзімді 
келісім-шартпен 180000 теңге құнымен жеңіл автомобиль сыйға 
тартылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:


193
Дт Кт Сома Ескерту
4430 — 6210 = 180000 3 типті операция
А (+) П (+)
в) Алдағы кезеңдердің шығыстары бойынша. Олар бойынша 
есеп айырысу № 2920, 2940 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» 
активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу көздері: 
сақтандыру полисі, жалақысы, алдағы кезеңдердің басқа шығыстары 
болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 2920, 2940
шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 1310-1315, 1317, 3350, 4170, 8030 
шоттардың кредитінен жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады:
Дт Кт Құжаттар
2920, 2940 1010, 1040, 1310-1315, 1317, Төлем тапсырмалары,
3310, 3350, 3390, 8030 шығыс кассалық ордерлер,
еңбекақы бойынша бет есептер,
келісім шарттар, жүкқұжаттар, 
орындалған жұмыстарға актілер 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040, 1310-
1315, 1317, 8030) жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті — активті» 
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер 
болады (бір жағынан алдағы кезеңдердің шығыстары көбейеді
ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның активтері мен ақша 
қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3350, 4170,) жайғасқан жағдайда баланстың активі 
мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір жағынан алдағы кезеңдердің 
шығыстары, ал екінші жағынан бір мезгілде жеткізушілер мен 
еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар көбейеді). Бұл жағдай 
жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет