223
шоттарын төледі. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт
Сома Ескерту
3310 — 1040 = 2600000 4
типті операция
П (-) А (-)
2) кәсіпорын алынған құрылыс материалдары үшін 2005 жылы
мамыр айының 17 жұлдызындағы № 2 салыстыру актісі мен шот-
фактураға сәйкес 1500000 теңге сомаға айырбастау (бартер) жасады.
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 1210 = 1500000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) кәсіпорын бұрын алынған қысқа
мерзімді аванстар есебінен
2005 жылы шілде айының 23 жұлдызындағы № 11 салыстыру
актісіне сәйкес, 170000 теңге сомада мақтаны суаруға пайдаланған
су үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 1610 = 170000 4 типті операция
П (-) А (-)
4) кәсіпорын банкіден алынған қысқа мерзімді қарыздар есебінен
2005 жылы қазан айының 23 жұлдызындағы банктің келісімі мен
№ 18 төлем тапсырмасына сәйкес, 3700000 теңге сомада жеткізіп
берушіден алынған табақ металл үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 3010 = 3700000 2 типті операция
П (-) П (+)
д) Басқа кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу). Бұл операциялар
33 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бөлімшесі шоттарының
224
дебеті бойынша бейнеленеді. Басқа
кредиторлық қарыздар жабы-
латындықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040, 1250, 3120
шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3350, 3380, 1040, 1250 Еңбекақы,
сыйақылар мен
3220, 3390 1010, 3120 МСИ-ның декларацияларын
есептеу бойынша есептер,
төлем
құжаттары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1010, 1040)
орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті
«Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның
дебиторлық қарыздары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3120) орналасқан
кезде баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорын кредиторлық қарыздарының
көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның
салықтар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: