Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет101/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысалдар келтіреміз: 1) еншілес ұйымның кассасына жаңалық 
енгізу мақсаттарына 2005 жылы ақпан айының 23 жұлдызындағы 
қабылдау-өткізу актісіне сәйкес, бас кәсіпорыннан қайтарымсыз 
түрде 2700000 теңге сомада қолма-қол ақша келіп түсті. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 6280 = 2700000 3 типті операция
А (+) П (+)  
2) Төрелік соттың шешімімен кәсіпорынға 2005 жылы наурыз 
айының 16 жұлдызындағы № 7 хаттамасына сәйкес, 45000 теңге 
мөлшерде келісім шарттарын бұзғаны үшін қойылған талап айып 
өндіріліп, кассаға қабылданды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 6280 = 45000 3 типті операция 


166
А (+) П (+)
г) Қаржылық инвестициялардың келуі. Бұл есептер № 1110, 1150 
«Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар» активті шоттарында 
бейнеленеді. Активтер бағалы қағаздарды сатып алу немесе сатып 
алушымен материалдық емес активтер, негізгі құралдар мен
материалдық ресурстарды ұсыну нәтижесінде пайда болатындықтан, 
шаруашылық операциялардың жазылуы № 401—403 шоттардың 
дебетіне № 1010, 1040, 1310—1315, 1317, 1320, 1330, 2411—2417 шот-
тардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040, 
1110, 1150 1310—1315, 1320, Келісімдер, реестрден
1330, 2411-2417 көшірмелер, қабылдау-өткізу 
актілері, жүкқұжаттар, шоттар 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310-11315) 1 типті 
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде 
тек қана өзгерістер болады (бір жағынан қаржылық инвестициялар 
көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада материалдық 
ресурстардың көлемі кемиді).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет