1.2.8Эндодонтиялық аспаптар
6 топқа бөлінеді: Диагностикалық аспаптар; Түбір өзек сағасын кеңейтуге арналған; Түбір өзегінен жұмсақ тіндерді алатын аспаптар; Түбір өзекті өтуге арналған; Түбір өзекті кеңейтуге арналған; Түбір өзекті обтурациялауға арналған.
Диагностикалық аспаптар
Миллер түбір инесі Тістің ұзындығын өлшейтін аспап (глубиномер) Қолданылатын мақасаттары: Түбір өзегінің бағыты мен өткізгіштігін анықтау үшін; Өзек сағасын іздеу үшін; Түбір өзектеріне дәрі-дәрмек еңгізу және кептіру үшін.
Түбір өзек сағасын кеңейтуге арналған аспаптар
Гейтс-Глидден бұрғы (дриль) Синонимдері: Гейтс, Gates-Glidden drill, Gates, GG. Баяу айналымда жұмыс істеуге негізделген.
Түбір өзегінен жұмсақ тіндерін алатын аспаптар
Ұлпаалғыш – пульпоэкстрактор 40 тісше орналасқан, бағыты қиғаш және аздап жылжымалы болып келеді.
Түбір өзегін өтуге арналған аспаптар
К-риммер (Керр дрили) Хромникельді болаттан жасалынады, майысқақ, кесу қабілеті өте жоғары.
К-риммер түрлері
К- flexoreamer – өте майысқақ немесе иілгіш аспап, жіңішке және қисық өзектерді өтуге болады, K-reamer forside – жіңішке өзектерді өту үшін, әсіресе науқас ауызын толық ашалмайтын жағдайларда Pathfinder CS – көміртекті болаттан жасалған (углеродистая сталь) Кесіндісі төртбұрышты және үшбұрышты құймалардан бұрау технологиясымен дайындалады.
Түбір өзегін кеңейтуге арналған аспаптар
К-файлдар
К-файлдардың түрлері
K-flexofile – өте майысқақ аспап, иілген өзектерді кеңейтуге арналған; K-file nitiflex – никель-титаннан жасалған аспап, мықты, иілгіш, қисық өзектерді өтуге арналған.
Hedstroem file (Н-файл)
Түбір өзектің қабырғасын тегістеуге және кеңейтуге арналған аспап Түбір өзекте бұрауға болмайды, тек қана жоғары-төмен бағытта жұмыс істеуге болады
Түбір өзекті обтурациялауға арналған – Түбірөзегін толтыруға арналған аспап (каналонаполнитель, Лентуло) – Спредер – Плагер
1.2.9 Тіс ұлпасының анатомиясы
Тіс ұлпасы (пульпа зуба – pulpa dentis) тіс қуысында (полость зуба – cabum dentis) орналасқан және екі бөліктен тұрады (1-сурет): сауыт ұлпасы (коронковая пульпа – pulpa coronalis), түбір ұлпасы (корневая пульпа – pulpa radicis).
Көптүбірлі тістерде түбір ұлпасы мен сауыт ұлпасының арасында өте анық анатомиялық шекара бар. Ол шекара – өзек сағалары (устья каналов) болып табылады.
Тістің түбірі ұшында тесік орналасқан (верхушечное отверстие – foramen apicalis). Тіс толық қалыптасқаннан кейін бұл анатомиялық тесік физиологиялық тесікке айналады. Түбір ұшында цементтің қалыптасуына байланысты жаңа анатомиялық тесік пайда болады және физиологиялық тесіктен түбір ұшына қарай алшақтай береді және осы екі тесік арасында қалыңдығы 0,8-1,5 мм негізі цементтен тұратын аймақ қалыптасады.
Сауыт ұлпасы сауыт қуысының күмбездері астында шайнау және тістеу қыры төмпешіктеріне сай шығыңқы ошақтар құрай орналасады. Ұлпаның әрбір шығыңқы аймағын ұлпа мүйізшесі (рог пульпы – cornu pulpae) деп атайды. Дер кезінде емделмеген тісжегі үрдісі кешікпей ұлпа қабынуымен асқынады.
Тіс ұлпасы немесе тістің жұмсақ тіні эмбриональды типті күрделі дәнекертінді шағын ағза, жасушалық (клеткалық) құрылымдарға, қантамырларына, нерв талшықтарына және рецепторлық аппараттарға бай. Бұлардың барлығы ұлпаның қызметін және өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Тіс ұлпасы тіс қуысын толығымен толтырып, түбір ұшы тесігі аймағында периодонт тініне ауысады. Ұлпаның жалпы көрінісі тістің пішінін және сыртқы рельефін қайталайды. Тістің сауыт қуысында орналасқан ұлпаның бөлігі сауыт ұлпасы, түбір өзектерінде жатқан бөлігі түбір ұлпасы деп аталады. Бұл атаулар тек анатомиялық бөлшектеуді көрсетпейді, сауыт және түбір ұлпасының орналасу ерекшеліктеріне, пішіндеріне, құрылымдарының және қызметтерінің әртүрлілігіне негізделе отырып берілген. Бұл ерекшеліктер көптүбірлі тістерде өте анық көрініс тапқан және олардың анатомиялық шекарасы түбірлер өзектерінің сағалары (устья) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |