Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


Эндодонтияда рентгенографияның маңызы



бет24/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90
эндо

3.1.11 Эндодонтияда рентгенографияның маңызы
Организмде болып жаткан өзгерістерді түсіріп алу үшін ренгенография жасалады, бұл – рентген сәулелерін пленкадан өткізу арқылы зерттеу деген сөз. Рентген пленкада сурет негативті болып шығады, яғни рентген экрандағы ашық жерлер пленкаға қара болып түседі және керісінше. Рентгенографияның әсіресе сүйектер мен буындар патологиясын анықтауда маңызы зор.
Мақсатына байланыстың рентгенологиялық зерттеу ең тиімді әдісін дұрыс таңдау маңызды. Бұл әдістер ауызішілік және ауызсыртылық болып бөлінеді.Ауызішілік рентгенография. Ауызішілік рентгенография әртүрлі құрылымды дентальды аппараттармен жүргізіледі. Ауызішілік рентгенограмма деструктивті өзгерістерді, кисталарды, жаңа түзілістерді, туа пайда болған және жүре біткен ақауларды анықтау, сонымен қатар тістер ұрықтары орналасуының ауытқуларын, олардың сауыттары мен түбірлерінің қалыптасу дәрежесін, тістердің ретенциясын, олардың формасының ауытқуларын, сүт тістер түбірлері мен тұрақты тістер сауыттарының қатынасын анықтау тістердің қатты тіндерінің, олардың пародонтының, альвеолярлы өсінділер мен жақ сүйектерінің жағдайын зерттеуге мүмкіндік береді.
Ортаңғы таңдай тігісінің ауызішілік рентгенограммасы оның құрылысын, сүйектену дәрежесін, жоғарғы жақты кеңейту үрдісінде тігістің жайлап немесе тез ашылуы кезінде жүретін өзгерістерді зерттеу, жоғарғы ерін үзбесінің талшықтары ортаңғы таңдай тігісіне вплетаются қосылса және диастеманың пайда болуына септігін тигізсе хирургиялық пластикаға көрсеткішті анықтау үшін қажет
Рентгенографияның миндеттери
Жасырын тісжегі қуыстарды анықтау
Түбір өзектерінің өткізгіштігін анықтау
Түбір өзектерінің жумыс узындығын анықтау
Түбір өзектерінің обтурациялау сапасын бақылау
Түбір ұшы маңайындағы тіндердің жағдайын бағалау
Жақтың сүйек тінінің жағдайын бағалау
3.1.12 Эндодонтиялық құрал-саймандарды геометриялық ерекшеліктеріне қарай кандай топтарға бөлеміз. Оларды ажыратып бер
.Ең алғаш 1958 жылы Халықаралық стандарттау ұйымы (ІSO) ұсақ эндодонттық аспаптарды белгілеуді ұсынды. Аспаптардың барлығы ISO 3630 стандартына байланысты белгіленіп (маркировка) шығарылады. Стандартта аспаптың пішіні, профилі, ұзындығы, қалыңдығы, механикалық беріктігі берілген. Сонымен қатар әрбір аспапқа тән өлшемдер түрлі түспен және типтік символдармен белгіленген.Эндодонтиялық аспаптардың 3 түрлі белгіленуі (маркировкасы) болады:түрлі түсті , геометриялық, номерлі моркировкалары болады. Аспаптардың түстік көрсеткіші оның белгілі бір өлшемін білдіреді.Мысалға: 0.6-қызғылт, 0.8- сұр,10-күлгін, 15-ақ, 20-сары, 25- қызыл, 30-көк, 35-жасыл,40- кара. Сандық белгісі аспаптың ұшының диаметрін білдіреді.Мысалы №35 аспап, аспаптың ұшының диаметрі 0.35мм.Геометриялық белгілер аспаптың қай топқа жататынын көрсетеді.Мысалы:ұлпажұлғыш-жұлдызша пішінді.Өзектолтырғыш- бұрама пішінді.Эндодонтиялық құралдар әртүрлі ұзындықтар мен тұтқалардың түрлеріне ие болуы мүмкін. Қысқа құралдар шайнайтын тістерге жарайды. Ұзын тамырлы тістер ұзын осьті құралдарды қажет етеді, мысалы, жоғарғы жақтағы премолярмен күрек тістер үшін. Құралдың жұмыс ұзындығы арнайы сақинамен (стоппермен) реттеледі, бұл құралдың ұшының апекске енуіне жол бермейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет