6 тақырып.
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІ
1. Мемлекет механизмінің түсінігі.
2. Мемлекет механизмінің құрылымы.
3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың жəне оның қыз-
метінің қағидалары.
4. Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері.
1. Мемлекет механизмінің түсінігі. Əдетте заң əдебиеттерінде
«мемлекет механизмі» жəне «мемлекеттік аппарат» түсініктері
синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл
мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге
асыруға
бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппара-
тының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің
барлық салаларының тиісті ұйымдаусы
мен тиімді қызмет етуін
қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық,
ұйымдастырушы-
лық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар
мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты.
Осыған сəйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын
бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен,
тəжірибе
алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген
қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар – құқықтық
заңды сипаттағы қызмет
түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табы-
лады жəне мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Мемлекет
аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар
жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл
нормативтік актілер
жобаларын дайындауға, оларды қабылдау
мен жариялауға байла-
нысты қызмет;
ə) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жү-
зеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақы
лаумен жəне қадағалаумен, кінəлі
тұлғаларды заңды жауапкер-
шілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: