луге болады: құқықтық жəне ұйымдастырушылық нысандар. Құ-
қықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау
мен шығаруға қатысты қызмет;
ə) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару
арқылы нормативтік актілерді жүзеге
асыруға байланысты қыз-
мет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы əртүрлі
мəселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқыққорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын
қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға
жəне кінəлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға жəне т.б.
байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдар-
дың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б.
байланысты мемлекеттік органдардың
қызмет етуін қамтамасыз
етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеп-
пен,
статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-
техникалық жəне шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл
жаңадан қабыл-
данған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты
қалыптастырумен жəне т.б. байланысты мемлекеттің əртүрлі
функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күн-
делікті тəрбие жұмысы.