Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


ПƏННІҢ НЕГІЗІ ТҮСІНІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет2/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

ПƏННІҢ НЕГІЗІ ТҮСІНІКТЕРІ 
1. Қоғам — экономикалық жəне рухани біртұтастықпен, өмір 
сүру жағдайын ұйымдастарудың тұтастығымен сипатталатын, 
белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі. 
2. Тұлға — қоғамда автономды жағдайы (мəртебесі) бар адам 
жəне соған сəйкес құқықтарға, бостандықтар мен міндеттерге ие 
болады. 
3. Билік — жекелеген тұлғалардың (билік етушілердің) еркі 
мен іс əрекеті басқа түлғалардың (бағыныштылардың) еркі мен іс-
əрекетінен басым тұратын, үстемдік ету мен бағыныштылық 
қатынастары. 
4. Норма — анықталмаған тұлғалар шеңберіне жəне жағ-
дайлардың шексіз санына қатысты мерзімі жағынан үздіксіз əре-
кет ететін жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесі. 
5. Мемлекет — басқару-қамтамасыз етушілік, қорғаушылық 
функцияларды жүзеге асыру мақсатында арнайы аппаратты 
иеленетін жəне елдің бүкіл халқы үшін өз еріктерін міндетті етуге 
қабілетті, жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы. 
6. Мемлекеттік билік — мəжбүрлеу аппаратына негізделе 
отырып, мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын қарым-
қатынастар жүйесі. 
7. Муниципалды билік — өзін өзі басқаруға негізделген жер-
гілікті билік. 
8. Мемлекеттік егемендік — мемлекеттік биліктің ел ішінде 
жəне одан тыс жерде басқа кез келген биліктен (саяси жəне 
идеологиялық) тəуелсіздігі. Оның басты көрінісі: мемлекет өзінің 
барлық істерін дербес жəне ерікті түрде шешуге құқылы. 
9. Саяси жүйе — елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен 
мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде 
қарастырылуы. 
10. Саяси режим — билік етудің құралдары мен тəсілдерінде, 
демократиялық немесе демократиялық емес сипатында көрініс 
табатын биліктің мазмұны. 
11. Демократиялық мемлекет — барлық биліктік органдар 
халықтың мандатына ие болатын мемлекет. Мұнда əрбір органға 
тиесілі биліктің көлемінің шектері заңмен анықталады, ал барлық 


азаматтар сотпен корғалатын ажырамас құқықтар мен бостан-
дықтарға ие болады. 
12. Авторитарлық мемлекет — мемлекеттік билік заңмен 
анықталса да тікелей халық мандатына ие болмайтын, бірақ билік 
етуші органдар мен тұлғалардың шектелген аясымен баска-
рушылық əкімшілік аппаратты, қарулы күштер мен жазалау меке-
мелерін тікелей пайдалану арқылы жүзеге асырылумен сипатта-
латын мемлекет. Құқық пен адам құқықтары қоғамда тəуелсіз 
мəртебеге жəне үстемдікке ие болмайды, олардың функциялары 
əрекет етуші заңдарды сақтауды талап етумен шектеледі. 
13. Тоталитарлық мемлекет — əкімшілік басқару бəрін 
билеп-төстеуге негізделген мемлекет, ол заңмен анықталмайды. 
Қоғам өмірінде тəуелсіз сот төрелігі мен адам құқықтары бол-
майды, бүкіл қоғам басқарушылық əкімшілік аппарат пен жазалау-
шы органдардың тоталитарлық бақылауына алынады, адам құқық-
тарын шексіз аяққа таптау жүзеге асырылады. 
14. Мемлекеттік аппарат — мемлекеттің басқарушылық 
қамтамасыз етушілік жəне қорғаушылық функцияларын іске 
асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік орган-
дардын, мекемелер мен ұйымдардын біртұтас, иерархиялык жүй-
есі (кешені). 
15. Мемлекеттік орган — мемлекеттік міндеттерді атқаратын 
жəне тиісті биліктік өкілеттіктерге ие ұйым немесе басқарма. 
16. Құзырет — мемлекеттік орган, сондай-ақ, сол бір немесе 
өзге лауазымды тулға иеленетін жəне тиісті заңды құжатта 
бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі. 
17. Мемлекет нысаны — басқару нысанында жəне мемлекет-
тік құрылым нысанында көрініс табатын, елдегі мемлекеттік би-
лікті ұйымдастыру. 
18. Мемлекеттік басқару нысаны — мемлекетте жоғары би-
лікті ұйымдастыру. 
19. Мемлекеттік құрылым нысаны — мемлекет құрылымы, 
мемлекеттің біртұтас жəне аумақтық бөліктер ретіндегі ара қа-
тынасы, мемлекеттік құрылымы. 
20. Құқық — заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар 
көздерде көрініс тапқан құқылы-рұқсатты (сондай-ақ тыйым 
салынған) жүріс-тұрыстың жалпыға міндетті талабы болып табы-
латын жалпыға міндетті нормалар жүйесі. 


21. Құқықтық реттеу — құқықтың көмегімен қоғамдық қа-
тынастарға, адамдардың жүріс-тұрысына құқықтық құралдардың 
барлық жүйесімен əсер етуді жүзеге асыру. 
22. Заңдылық — барлық заңды нормаларды, барлық құқықтық 
ережелерді барлық субъектілермен, яғни азаматтармен, олардың 
бірлестіктерімен, лауазымды тұлғалармен, мемлекеттік органадар-
мен қатаң əрі мүлтіксіз сақтау мен орындау талабы. 
23. Құқықтық тəртіп — талаптарының тəжірибе жүзінде 
жүзеге асырылуын көрсететін, қоғамдық қатынастардың іс жү-
зінде ретке келтірілу жағдайы. 
24. Құқықтық жүйе — құқықтық шындықтың басқа белсенді 
элементтерімен — құқықықтық идеологиямен жəне сот тəжіри-
бесімен біртұтас қарастырылатың құқық. 
25. Құқықтың қайнар көздері — мемлекеттен туындайтын 
немесе мемлекетпен ресми түрде танылатын құқық нормаларының 
көрінісінің жəне бекітілуінің, оларға заңды, міндеттілік мəн бе-
рудің қужаттық нысаны. 
26. Нормативтік акт — заңдық нормалардан құралған ресми 
құжат. 
27. Заңды норма — заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де 
қайнар көздерде белгіленетін жəне құқық субъектісінің құқықты-
рұксат етілген (сондай-ақ тыйым салынған) жүріс-тұрысының 
талабы ретінде көрініс табатын жалпыға міндетті жүріс-тұрыс 
ережесі. 
28. Құқық жүйесі — құқық құрылымы, оның салалар мен 
институттарға тармақталауы. 
29. Құқық саласы — құқық жүйесінің басты тармағы. Ол 
заңдық реттеудің өзіне тəн режимімен ерекшеленеді жəне бір-
тектес қоғамдық катынастарды камтиды. 
30. Құқық субъектілері — құқық субъектілікке ие тұлғалар
яғни құқықтар мен міндеттерді иелене алатын, құқықтық қатынас-
тарға қатыса алатын азаматтар, ұйымдар мен қоғамдық құры-
лымдар. 
31. Құқықтық қатынас — субъективтік құқықтар мен заңды 
міндеттерге ие болатын субъектілер арасындағы байланыс. 
32. Заңды жауапкершілік — кінəлі тұлғаға жасалынған құқық 
бұзушылық үшін мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолдану. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет