4. Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері. Мемле-
кеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы жəне осы
мақсатта сəйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе
мекеме. Əрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі: а) оның
оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық мүліктер; ə)
қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру
көзі; б) өзіне тəн ұйымдастырушылық құрылымы, онымен
байланысты қызметтік бағыныстылық жəне қызметтік тəртіп
жүйесі; в) биліктік өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың
негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды
міндетті əрекеттерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мем-
лекет органдары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық жəне
басқа да бақылаушы-қадағалаушы органдар болып бөлінеді.
2. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шыға-
рушы, атқарушы жəне сот органдары.
3. Қызметінің құқықтық нысандары бойынша – құқықшығару-
шы, құқыққолданушы жəне құқыққорғаушы органдар.
4. Бағыныстылық деңгейіне байланысты – республикалық жəне
жергілікті органдар.
5. Өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты – тұрақты (қызмет
ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) жəне уақытша (қысқа
мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады).
6. Құзіретінің сипатына қарай – жалпы (мысалы, Үкімет) жəне
арнайы (мысалы, министрлік) құзіретті органдар.
№ 10 кесте
Мемлекет механизмі
Биліктік басқару функцияларын атқару кезінде өзара тығыз
əрекеттесетін мемлекеттік органдардың, мекемелер мен
ұйымдардың күрделі жүйесі
Нені білдіреді
Мемлекеттік басқарумен арнайы айналысатын адамдардан
құралады (заң шығарушылық, заңдарды атқару, заңдарды
бұзушылықтардан қорғау)
Құрамы
өзінің функционалдық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті
материалды — техникалық, қаржылық жəне басқа да құралдармен
қамтамасыз етіледі
Достарыңызбен бөлісу: |