5 тақырып.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
1. Мемлекет функцияларының түсінігі.
2. Мемлекет функцияларының түрлері.
3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары.
1. Мемлекет функцияларының түсінігі. Мемлекет
функция-
лары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары,
олардан
мемлекеттің мəні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің
функциялары оның
міндеттерімен тығыз байланысты, олар мем-
лекеттің мəніне тəуелді болып келеді жəне
оның өзгеруіне қарай
өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары – ауыспалы
сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу
жағдайында да өзгереді.
2. Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функция-
ларын түрлерге бөлуді əртүрлі негіздер бойынша жүзеге
асыруға
болады:
а) əрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты жəне
уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуы-
ның барлық кезеңдерінде жүзеге
асырылса, уақытша функциялар
төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз əрекетін
жояды.
ə) маңыздылығына қарай – негізгі жəне қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге
асырылуына бай-
ланысты – ішкі жəне сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі
міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары.
Ішкі функ-
цияларға мыналар жатады: адам жəне азамат құқықтары мен бос-
тандықтарын қорғау, құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету функция-
сы, экономикалық функция,
салық салу функциясы, əлеуметтік
қорғау функциясы, экологиялық функция жəне мəдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары – оның алдында тұрған
сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыт-
тары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады:
мемлекетті қорғау
функциясы, бейбіт тəртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттер-
мен одақтасу функциясы жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: