Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


 Мемлекеттік құрылым нысаны



Pdf көрінісі
бет18/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

3. Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің аумақтық 
құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің жəне осы бөліктердің 
əрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мем-
лекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай жəне 
күрделі болып екіге бөлінеді. 
Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін 
тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар 
болмайды, бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, 
заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен 
салықтардың бір каналды жүйесі болады.
Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дəрежедегі дербестікке ие 
жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күр-
делі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, 
достастықтар мен одақтастықтар жатады.
Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер
бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық дең-
гейі əртүрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі – олардың 
құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік-құқықтық мəр-
тебесі болмаған.
Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. 
Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету 
үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны 
құраған егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастар 
субъектісі болып қала береді, оларда өз азаматтығы, билік, 
басқару жəне сот əділдігі органдарының жүйесі болады. 
Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері 
мемлекеттік құрылымдар болып табылады жəне жəне белгілі бір 
дəрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады; федерацияда жоғар-
ғы федералдық органдар мен федералдық заңнамамен қатар фе-
дерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы да 
болады; федерацияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланы-
лады, оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Фе-
дерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша 
құрылуы мүмкін.
Достастық – бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір 


деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық 
бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, 
тілге, мəдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін. Достастықтың 
мүшелері – бұл толығымен тəуелсіз, егеменді мемлекеттер, халық-
аралық қатынастардың субъектілері. 
Одақтастық – бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы 
ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекет-
аралық шарт болады. Ол одақтастыққа кіретін мемлекеттердің 
интеграциялық байланыстарын күшейте түседі жəне оларды 
конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет