8 тақырып.
МЕМЛЕКЕТ ТИПТЕРІ
1. Мемлекет типінің түсінігі.
2. Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тəсіл.
3. Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тəсіл.
1. Мемлекет типінің түсінігі. Мемлекет типі сəйкес тарихи ке-
зеңде туындайтын оның маңызды
жақтары мен қасиеттерінің
қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезеңдегі барлық мемлекет-
терге белгілі бір сипаттар тəн болып келеді. Мемлекеттерді типке
бөлу негізінен формациялық жəне өркениетті тəсілдер тұрғысынан
жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тəсіл. Фор-
мациялық тəсілдің шегінде негізгі талап ретінде əлеуметтік-эко-
номикалық
факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация
орын алады. Бұл тəсіл тұрғысынан
мемлекет типі қоғамның эко-
номикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға
сəйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты
белгілерінің жиын-
тығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне қа-
рай мемлекеттің төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құ-
лиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық жəне социалистік мемле-
кеттер.
Бұл типологияның артықшылықтары болып екі мəселе табы-
лады: мемлекеттерді əлеуметтік-экономикалық
негізінде бөлу
идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де бұл факторлар қоғамға зор
əсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғи-тарихи сипатын,
кезеңділігін көрсетеді. Ал формациялық теорияның əлсіз жағы
оның тарихтың əртүрлі сипаттарын ескермеуінен жəне
рухани
факторларды бағаламауынан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: