Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет19/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

4. Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жəр-
демдесетін тəсілдер мен əдістер. Мемлекеттік биліктегі тəсілдер 
мен əдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға 
болады–демократиялық жəне антидемократиялық режимдер.
Демократиялық режимнің белгілері: 
1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азамат-
тардың референдумға қатысуы) жəне өкілдік (халықтың билікті 
өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия 
арқылы қатысады; 
2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып 
қабылдайды; 
3) мемлекеттік биліктің орталық жəне жергілікті органдарының 
сайланбалылығы жəне ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға 
есеп беруі, жариялылық; 
4) сендіру, келісу, келісімге келу əдістері жиі қолданылады; 
5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі; 
6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жария-
ланады жəне шын мəнінде қамтамасыз етіледі; 
7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық; 
8) биліктің тармақтарға бөлінуі жəне т.б. 
Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, 
деспотизм, фашизм, тоталитарлық жəне авторитарлық режимдер. 
Антидемократиялық режимге мына белгілер тəн: 
1) бір саяси партияның үстемдігі; 
2) бір ресми идеологияның болуы; 
3) бір меншік түрінің болуы, 
4) саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару; 
5) қоғамның сословиелік, касталық жəне т.б. белгілер бойынша 
бөлінуі; 
6) халықтың төмен экономикалық деңгейі, 


7) мəжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі; 
8) сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы əрекеттер жəне т.б. 
№ 12 кесте 
Мемлекет нысаны 
Баскару нысаны – 
мемлекеттік биліктің 
жоғары органдарын 
Саяси режим – саяси 
билікті жүзеге асырудың 
тəсілдері мен əдістерінің 
жиынтығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет