Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


 Құқық жəне корпоративтік нормалар



Pdf көрінісі
бет40/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

4. Құқық жəне корпоративтік нормалар. Корпоративтік нор-
маларға мүшелікке негізделген еркін қауымдастықтардың, кəсіп-
тік одақтардың партиялардың жарғылары мен басқа да құжатта-
рында бекітілген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік жəне 
коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар 
жатады.
Қорпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсас-
тығы олардың екеуінің де белгілі бір ресми тəртіппен қабылданған 
жазбаша құжаттарда бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік 
нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы–олар өзде-
ріне сəйкес ұйымдардың мүшелерінің ғана еркі мен мүдделерін 
білдіреді жəне солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпо-
ративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көздел-
ген əсер ету шаралары қолданылады.
5. Құқық жəне əдет-ғұрып. Əдет ретінде күнделікті қалып-
тасқан əрекеттердің нəтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды. 
Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нəтижесінде оларды сақтау əдетке 
айналған нормалар əдет нормалары деп аталады.
Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпші-
ліктің əдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау əдеті). 
Кейбір жағдайларда санкцияланған əдет құқықтың қайнар көзі бо-
лып табылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 


№ 21 кесте 
Əлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық 
 
Əлеуметтік нормалар – бұл адамдардың қоғамдық өмірдегі жүріс-тұрыс ережелері
Моральдық нормалар – қоғамдық өмірде адамдардың қайырымдылық пен зұлымдық, 
əділеттік, адалдық, адамның қоғам мен адамдар алдындағы парызы туралы 
пайымдауларына сəйкес қалыптасады
Діни нормалар – адамдардың құдай туралы, оның өмір мен адамзат қоғамының 
негізгі бастауларының негізін салуы туралы пайымдауларынан туындайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет