19 тақырып.
ТҰЛҒА, ҚҰҚЫҚ, МЕМЛЕКЕТ
1. Тұлғаның құқықтық мəртебесі.
2. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы.
3. Экономика, саясат пен құқықтың арақатынасы.
1. Тұлғаның құқықтық мəртебесі – бұл субъектінің қоғамда
заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мəртебе тұлғаның іс
жүзіндегі (əлеуметтік) мəртебесін,
оның қоғамдағы нақты жағ-
дайын бекітеді. Құқықтық мəртебе дегеніміз субъектілердің құ-
қықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар
мен лауазымды тұлғалардың өз əлеуметтік
рөлдерін орындауға
бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған
жиынтығы.
Құқықтар мен міндеттер құқықтық мəртебенің негізін құрайды.
Құқықтық мəртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден
құралған:
- құқықтар мен міндеттер;
- заңды мүдделер;
- құқықсубъектілік;
- азаматтық;
- заңды жауапкершілік;
- құқықтық қағидалар.
Құқықтық мəртебе жалпы, арнайы жəне
жеке-дара болып бө-
лінеді. Жалпы мəртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі
Конституцияда бекітілген мəртебесі. Ол барлық азаматтар үшін
бірдей болып табылады. Арнайы мəртебе азаматтардың белгілі бір
санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың,
зейнет-
керлердің жəне т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олар-
дың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз
етеді. Жеке-дара мəртебе жекелеген
тұлғаның ерекшеліктерін
(жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым жəне т.б.) көрсетеді жəне
тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: