Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Құқықтың қайнар көздері –



Pdf көрінісі
бет49/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

Құқықтың қайнар көздері – мемлекеттен туындайтын немесе онымен 
танылатын, құқық нормаларын айқындайтын жəне бекітетін, оларға 
заңдық, жалпыға міндеттілік мəн беретін ресми құжаттық нысандар 
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері
- нормативтік құқықтық актілер; 
- санкцияланған əдет-ғұрыптар; 
- заңды прецедент; 
- құқықтың жалпы қағидалары; 
- діни мəтіндер. 
 


21 тақырып.
ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ 
1. Құқық нормаларының түсінігі жəне белгілері. 
2. Құқық нормаларының түрлері.
3. Құқық нормаларының құрылымы. 
4. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы.
1. Құқық нормаларының түсінігі жəне белгілері. Құқық нор-
масы – бұл мемлекет таныған жəне қамтамасыз ететін жалпыға 
міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нор-
масынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен 
міндеттері туындайды жəне осы ереже аталған субъектілердің 
əрекеттерін реттеуге бағытталған.
Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің 
элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше əлеуметтік құбылыс 
ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тəн болуы заңды да. 
Алайд, бұл «құқық» жəне «құқық нормасы» түсініктерінің бір 
екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде 
байланысқа түседі.
Құқық нормасының белгілері: 
1) жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін жəне міндетті 
əрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді; 
2) формальды анықталғандығы – ол жазбаша түрде ресми құ-
жаттарда көрініс табады; 
3) мемлекетпен байланысы – оны мемлекеттік органдар орнық-
тырады жəне мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз еті-
леді; 
4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат – ол бір субъектілерге құ-
қықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, се-
бебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүм-
кін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет