20 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
1. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі жəне түрлері.
2. Нормативтік актілердің түсінігі жəне түрлері.
3. Заңдардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
4. Нормативтік актілердің күші.
1. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі жəне түрлері. Пози-
тивтік құқықтың өзіне тəн белгісі болып оның формальды сипаты
табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен
танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заң-
ды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу
жəне көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған
ресми-құжаттық нысандары,
оларға заңды, жалпыға міндетті ма-
ғына беру.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тəн, оларды мемлекет
таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қам-
тамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне
ресми сипат екі жол-
мен беріледі:
1) құқықшығарсашылық жолы арқылы; бұл жағдайда норма-
тивтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік
органдар қабылдайды,
яғни, тікелей мемлекет шығарады.
2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік орган-
дар белгілі бір түрде əлеуметтік нормаларды (əдет-ғұрып, корпо-
ративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативтік заң актілері – бұл
құзіретті мемлекеттік орган
қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір
қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.
Оларға Конституция, заңдар мен заңға сəйкес актілер жатады.
2. Санкцияланған əдет нормалары – бұл адамдардың санасынан
орын алған жəне көп рет қолданылуының нəтижесінде əдетке
айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемле-
кеттің жалпыға міндетті мəн беріп,
оларды орындауды өзінің
мəжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Əдет-ғұрып нормаларына
заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен
беріледі: а)нормативтік актілерде əдет нормаларына сілтеме жасау
арқылы; ə)оларды сот шешімдерінде жəне
басқа да мемлекеттік
органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
3. Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа
алынатын жəне жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін
нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе əкімшілік шешім.
4. Нормативтік шарт – бұл екі
немесе одан да көп субъекті-
лердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
5. Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің не-
гізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті преце-
дент немесе əдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер əділет-
тілік,
ар-ождан, құқықтың əлеуметтік бағыттылық қағидаларына
негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның,
Ауғанстанның
Азаматтық кодекстері).
6. Діни мəтіндер – бұлар, əсіресе, мұсылмандық құқыққа тəн.
Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран – бұл Алланың сөздері,
өсиеттері жəне ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап;
Сүннет – бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.
Достарыңызбен бөлісу: