2) сипаты бойынша – материалдық (қаржылық, еңбек жəне т.б)
жəне іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс
жүргізушілік жəне т.б.) құқықтық
қатынастар;
3) құқықтың функциялары бойынша – реттеуші жəне қорғаушы
құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нор-
масы немесе
шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық
қатынастар мемлекеттік мəжбүрлеумен жəне заңды жауапкер-
шілікті жүзеге асырумен байланысты болады;
4) қатысушыларының құрамына қарай–жай жəне күрделі
құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің
арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал
күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында
туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);
5)субъектілерінің анықталу дəрежесіне қарай – абсолюттік жə-
не қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқықтық
қатынас-
тарда тек бір жақ қана – субъективтік құқықты иеленуші –
анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке
дара анықталған болып келеді жəне бір-біріне қатысты құқықтар
мен міндеттерді иеленуші болып табылады;
6) жалпы жəне
нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық
қатынастар заңнан тікелей туындайды,
нақты құқықтық қатынас-
тар заңды фактілердің – əрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілері-
нің – нəтижесінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: