сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория
болып кінə табылады. Кінə дегеніміз
тұлғаның өзі жасаған
құқыққа қайшы əрекетіне психологиялық қатынасы.
Кінəнің екі түрі болады: қасақаналық жəне абайсыздық. Қаса-
қаналық тікелей жəне жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақа-
налықта тұлға өз əрекеттерінің қоғамға
қауіпті сипатын сезінеді,
зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді жəне осы салдардың
тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз əрекеттерінің қо-
ғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін
түсінеді жəне осы салдардың тууын қаламаса да, олардың
туындауына саналы түрде жол береді.
Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік жəне немқұ-
райдылық. Менмендікте тұлға өз əрекеттерінің
қоғамға қауіпті
салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға
тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз əрекеттерінің қоғамға қау-
іпті салдарын болжай алмайды,
алайда дұрыс зейін қойғанда
оларды байқауы мүмкін əрі тиіс еді.
4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқық-
бұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға
мыналар жатады: а) əрекет немесе əрекетсіздік; ə)
құқыққа қай-
шылық; б) зиянды нəтиже; в) əрекет (əрекетсіздік) пен зиянды
салдың арасындағы себепті байланыс.
Достарыңызбен бөлісу: