Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет77/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Булгакова Мемлекет-және

31 тақырып.
ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ 
Құқықтық жүйе – бұл құқықтың құқықтық идеологиямен жəне 
сот тəжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: 
заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден 
көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, 
құқықтық сананың белсенді жағы – құқықтық идеология жəне сот 
тəжірибесі құқықтық жүйені құрайды.
«Құқықтық жүйе» түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа 
сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық құқықтық 
жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар 
қай элементінің – не сот тəжірибесінің, не құқықтық идеология-
ның – ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқық-
тық құбылыстар тəуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқық-
тық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің 
ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) 
бөліп қарастырады: 
1. Континенталдық Еуропаның нормативтік-заңнамалық жүйе-
лер отбасы – бұл романдық-германдық құқық. Бұл құқықтық 
жүйелерде бірінші орынға заң қойылған (Италия, Франция, Гер-
мания, Португалия жəне т.б.). 
2. Нормативтік-соттық, ағылшын-саксондық құқықтық жүйе-
лер жанұясы – бұл Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Канаданың, 
Австралияның жəне т.б. елдердің прецеденттік құқығы. Бұл құ-
қықтық жүйелерде басты орынды сот тəжірибесі, заңды прецедент 
иеленген.
3. Діни-дəстүрлі, идеологиялық құқықтық жүйелер жанұясы – 
бұл мұсылман құқығы (Иран, Ирак, Пəкістан, Судан жəне т.б.) 
жəне кеңестік құқық. Бұл құқықтық жүйелерде ерекше рөлді дін 
мен партиялық идеология иеленеді.


№ 41 кесте 
Құқықтық жүйе – бұл құқықтық шынайылықтың басқа белсенді 
элементтерімен – құқықтық идеологиямен жəне сот тəжірибесімен 
біртұтас қарастырылатын құқық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет