Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Казуалдық – тек  нақты бір  жағдай үшін  міндетті    Аутентикалық



Pdf көрінісі
бет67/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

Казуалдық – тек 
нақты бір 
жағдай үшін 
міндетті 
 
Аутентикалық – 
нормативтік 
актіні шығарған 
органмен беріледі
 
Заңды (легалды) 
тиісті түрде 
уəкілеттенген 
лерден 
шығады 
– 
субъекті


27 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ 
1. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі жəне белгілері. 
2. Құқықтық мінез-құлықтың түрлері. 
 
1. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі жəне белгілері. Құ-
қықтық мінез-құлық – бұл субъектілердің құқық нормаларына 
жəне əлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрысы.
Құқықтық мінез-құлық келесі белгілермен сипатталады: 
- заңмен орнықтырылған шекте болады (формальды аспект); 
- əлеуметтік пайдалы, қоғамдық мақсаттар мен мүдделерге қай-
шы келмейді; бұлар оның объективтік жағын құрайды (мазмұнды 
аспект); 
- саналы сипатқа ие; бұл оның субъективтік жағын құрайды.
2. Құқықтық мінез-құлықтың түрлері. Құқықтық мінез-
құлық мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді: 
1) əлеуметтік маңыздылығы дəрежесіне қарай: қажетті (мы-
салы, əскери борышты өтеу); қалаулы (мысалы, ғылыми жəне 
көркем шығармашылық); рұқсат етілген (мысалы, діни рəсімдерді 
орындау).
2) себептеріне, яғни, субъективтік жағына, байланысты: əлеу-
меттік белсенді; конформисттік; əдетті; маргиналды.
Əлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс – бұл құқықтық сана мен 
құқықтық мəдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары 
деңгейімен сипатталатын жүріс-тұрыстың жоғарғы нысаны. Бұл 
жерде субъект жазадан қорықанынан немесе марапаттауды күт-
кенінен емес, құқықтық мінез-құлықтың қажеттігіне сенуінің 
негізінде əрекет етеді.
Əлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс мынадай элементтерден 
құралады: а) қызметтің мемлекеттік ұйымдастырылған түрлерін-
дегі, құқықшығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру салала-
рындағы белсенділік; ə) ерікті ұймдардың қызметіндегі белсен-
ділік; б)қоғамдық жəне қоғамдық-мемлекеттік құрылымдарды 
құрудағы жəне олардың қызметіндегі белсенділік; в) тұлғаның 
құқық саласындағы дербес белсенділігі.
Конформисттік жүріс-тұрыс – бұл құқықтық ережелерге олар-
ды терең əрі жан-жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсен-
діліксіз бағынумен сипатталатын əрекет. Басқаша айтқанда, адам 
басқалардың да осылай жүріп-тұрғанын көргендіктен құқықтық 
мінез-құлықты таңдайды.


Əдетті жүріс-тұрыс – бұл құқық нормаларының орындалуы 
əдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын жүріс-тұрыс. 
Əдет əрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының 
нəтижесінде қалыптасады.
Маргиналды жүріс-тұрыс – бұл мемлекеттің мəжбүрлеуінің, 
жазадан қорқудың нəтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық 
мінез-құлық.
№ 37 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет