Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері жəне қағида-



Pdf көрінісі
бет70/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

3. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері жəне қағида-
лары. Заңды жауапкершілік – бұл құқықбұзушылық жасаған тұл-
ғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын 
белгілі бір іс жүргізушілік тəртіпте қолдану. Шаралар мынадай 
сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостан-
дығынан айыру); ə) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);
б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады; 
- мемлекеттік мəжбүрлеуге негізделеді; 
- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады; 
- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты; 
- жеке, мүліктік жəне ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі 
бір теріс салдардан көрініс табады; 
- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі; 
- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.
Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның 
құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құ-


қықбұзушылық табылса,оның заңды негізі болып құқық нормасы 
мен сəйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану 
актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мəж-
бүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. 
Мұндай құқыққолдану актісі ретінде əкімшілік бұйрығын, сот 
үкімін немесе шешімін жəне т.б. атауға болады.
Заңды жауапкершіліктің қағидалары: 
1) заңдылық – жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, 
құқықəрекетқабілетті тұлға жасаған кінəлі, құқыққа қайшы əрекет 
немесе əрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді; 
2) əділеттілік – жазаның кінəға сəйкестігін, теріс қылықтар 
үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін
кінəліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайын-
дауды білдіреді; 
3) негізділік – істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді 
жəне нақты жазалау шарасын заңға сəйкес анықтауды білдіреді; 
4) ізгілік (гуманизм) – адамның қадір-қасиетін қорлайтын жаза-
лау шараларын белгілеуге жəне қолдануға тыйым салуды біл-діреді; 
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы – жасалған 
қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындай-
тынын білдіреді; 
6) мақсаттылық – құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның 
заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сəйкестігін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет