сөгіс, жұмыстан шығару жəне т.б.
5. Материалдық – қызметкерлер мен жұмысшылардың өз
қызметтік міндеттерін орындауы барысында кəсіпорынға, меке-
меге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.
5. Əрекеттің құқыққа қайшылығын жəне заңды жауапкер-
шілікті жоятын жағдайлар. Оларға
мыналарды жатқызуға бо-
лады:
1) есі дұрыс еместік – тұлғаның өз əрекеттеріне есеп бере ал-
мауы;
2) қажетті қорғаныс – мемлекеттің, қоғамның тұлғаның мүд-
делерін қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қорғау барысында нұқ-
сан келтіруші тұлғаға
зиян келтірумен сипатталады; алайда, қа-
жетті қорғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс, яғни, қорғанудың нұқ-
сан келтірушіліктің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дəрежесіне
айқын түрде сəйкес келмеуі орын алмауы тиіс;
3) аса қажеттілік – мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның мүдделе-
ріне қауіп төндіруші əрекетті жою жағдайында мүмкін, қойы-
латын шарт – бұл қауіп басқа құралдармен жойыла алмауы қажет
жəне аса қажеттіліктен туындаған зиян алдын алған зияннан аз
болуы тиіс;
4) қоғамға аса қауіптілігі жоқ құқықбұзушылық;
5) казус (жағдай) жəне т.б.