нақты жағдайларын, өзіндік ерекшеліктерін ескереді.
Құқық-
шығармашылық пен құқыққолдануды дұрыс үйлестіру құқықтық
реттеуге икемділік пен кешенділікті береді.
3. Құқық субъектілерінің құқықтық мəдениетінің
деңгейін кө-
теру де құқықтық реттеудің сапасына,
заңдылық пен құқықтық
тəртіпті нығайту процесіне əсерін тигізеді.
№ 42 кесте
Құқықтық реттеу механизмі
–
бұл заңдық құралдардың жүйесі, олардың
көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады,
құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады
Төмендегідей элементтерді қамтиды:
-
құқықтық нормалар;
-
құқықтық қатынастар;
-
жеке құқықтық актілер;
-
құқықтық тəртіп;
-
құқықтық сана
Мақсаттары:
-
өркениетті қоғамның қалыпты өмірінің негізі жəне
сөзсіз талабы ретіндегі заңдылық пен құқықтық
тəртіпті қолдау;
-
мемлекеттік құрылымдарды оңтайлы құру, олардың
нəтижелі қызмет етуі;
-
адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыру, адамның өз міндеттерін орындауы,
азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен
құқықтарын тиімді қорғау;
-
қоғам мүшелерінде прогрессивтік құқықтық сана
мен құқықтық мəдениетті қалыптастыру