32 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ
1. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі жəне элементтері.
2. Құқықтық реттеудің тиімділігі.
1. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі жəне элементтері.
Құқықтық реттеу механизмі – бұл құқық субъектілерінің мүдде-
лерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарын-
да кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі.
Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты – субъектілердің мүд-
делерінің құндылықтарға кедергісіз
бағыт алуын қамтамасыз ету
(мазмұнды белгісі). Құқықтық реттеу механизмі – бұл
табиғаты
жəне функциялары бойынша əр түрлі заңды құралдардың жүйесі
(формальды белгісі).
Құқықтық реттеу механизмінің келесі
элементтерін бөліп қа-
растыруға болады:
1) құқық нормасы – мұнда мүдделерді қанағаттандыру үлгісі
қалыптасады;
2) ұйымдастырушылық – атқарушы
акт сияқты шешуші фак-
тімен бірлескен заңды факт немесе фактілік құрам;
3) құқықтық қатынас – бұл жердегі
нормативтік талаптар
сəйкес субъектілерге қатысты нақтыланады;
4) құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері – субъек-
тілердің сақтау, атқару жəне пайдалану нысанындағы əректтері;
5) қорғаушы, құқыққолданушы акт – құқықбұзушылық жағдай-
ында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: