Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Эмбриондар трансплантациясы



Pdf көрінісі
бет31/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

2.3.6 Эмбриондар трансплантациясы. 
 
Эмбриондар трансплантациясы мен қолдан жасанды ұрықтандыру 
үрдістерінің ұқсастықтары көп. Алайда ұрықтану кезінде сперма жатыр 
мойынына енсе, трансплантациялау кезінде катетер жатыр мүйізіне 
енгізіледі. Трансплантацияны жыныстық күйлеу басталғаннан кейін 7 күн 
өткен соң жүргізеді. Осы уақытқа таман жатыр мойыны жабылады. Дәл осы 
уақытта жатыр әр түрлі инфекцияларға сезімтал екендігіне мән берген жөн 
және осыған байланысты асептикалық жағдайларды қатал сақтаған абзал.
Ұрықтарды 
тасымалдау 
жұмысын 
мал 
дәрігері 
немесе 
трансплантациялау маманы жүргізеді. Трансплантация кезінде көбінесе 
эпидуралды анестезия немесе тыныштандырғыш дәрілердің көмегіне 
жүгінеді.
Трансплантация үшін жаңадан алынған немесе криосақталған 
эмбриондар қолданылады. Жаңадан алынған эмбриондарды дәл сол күні 
жатыр мүйізінен шайып алғаннан кейін тасымалдайды. Оларды 
трансплантацияламастан бұрын, мал дәрігері олардың сапасын тексереді. 
Жаңадан бөліп алынған эмбриондар ұзақ уақыт сақтауға немесе 
тасымалдауға жарамсыз болып келеді. Сондықтан бұл жағдайда 
криоконсервация әдісін қолдану қажет. Жаңадан алынған эмбриондарды 
тасымалдау кезінде жыныстық циклдарды синхрондау үшін простагландин 
гормонын немесе шиыршық (спираль) қолданылады.
Қатырылған (криосақталған) эмбриондардың трансплантациясы аяқ 
астынан болған да, жасанды түрде итермеленген күйлеу кезінде де мүмкін 
болып табылады.
2.3.7 Эмбриондарды реконструкциялаудың биотехнологиялық маңызы. 
Мал эмбрионын трансплантациялау терең зерттеуді керек ететін 
бірқатар биотехнологиялық проблемаларды туғызды. Бұл пробломалар 
алынған эмбрионның генотипі мен фенотипін қайтадан құрастыру 
(реконструкциялау) арқылы биотехлологиялық процесті меңгеру мүмкіндігін 


63
зерттеуді алға қойды. Бұған монозиготалы егіздер, химералы (немесе 
аллофенді) және трансгенді малдар алу жатады. 
Мал эмбрионы клонын көбейту мүмкіндігі ғалымдарды бұрыннан 
қызықтырып келеді. Ағылшын эмбриологы Дж. Гердонның ядроларды 
тасымалдау әдісін (алдыңғы тарауды қара) ойлап шығарғаннан бастап, мал 
эмбрион клонын алу проблемасы жаңа деңгейге көтерілді. Эмбрион клонын 
алу эукариоттық клетканың тотипотенттілік қасиетіне тікелей байланысты. 
Мал шаруашылығында эмбрион клондарын алу мүмкіндігін Ф. Сиделдің 
қоянға жүргізген классикалық тәжірибелері көрсетті: жалғыз бластомерді 
екіге бөлу арқылы екі қоян алынды. Көптеген зерттеулер 2-8 клеткалық 
эмбрион бластомераларын бөлу арқылы дамуы қалыпты мал төлдерін алуға 
болатынын дәлелдеді (Н. Мур және т. б., 1968; С. Уиладсен және т. б., 1981; 
X. Нагасима және т. б., 1987; Т. Мак Эвой және т. б., 1987 т. б.). 
Мал шаруашылығында 1979 ж. С. Уиладсен әлемде алғаш рет 
монозиготалы қозыларды алды. Суперовуляциядан өткен қойлардан 2 
клеткалық 
эмбриондарды 
екі 
бөлікке 
бөлді, 
16 
монозиготалы 
бластомераларды алды. Оларды 16 реципиент қойларға тасымалдау 
нәтижесінде бірінен-бірі айнымайтын бес жұп егіз және бес жалғыз қозылар 
алынды. Екі жылдан кейін С. Уиладсен және С. Полж алғаш рет бұзаулардың 
эмбриондық клонын алды: 8-бластомер сатысындағы эмбриондарды бөлу 
нәтижесінде бір үш монозиготалы және екіден монозиготалы қос бұзаулар 
алынды. Кейін жүргізіліген зерттеулерде монозиготалы құлын және лақтар 
алынды. 
Сонымен мал эмбрионын екіге және одан көп бөліктерге бөліп, бірнеше 
монозиготалы егіздер алуға болады. Мұндай егіздердің үлкен артықшылығы 
– олар бір-бірінен генотипі бойынша ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұл 
әдістің биотехнологиялық маңызы өте зор, тіпті, қазірдің өзінде АҚШ, 
Канада және Жапон елдерінде монозиготалы егіздер алу коммерциялық 
сипатқа ие болды. 
Болашақта биотехнология үшін генетикалық химераларды алудың 
маңызы өте зор. Генетикалық химера деп бернеше әр түрлі эмбриондарды 
біріктіру арқылы пайда болған организмдерді түсінеді. Барлық ата-аналық 
формалардың клеткалары бар генетикалық химералар аллофенді деп те 
аталады. Біз оны аллофенді тышқанды алу тәжірибесінде организм 
деңгейіндегі генетикалық инженерияның әдісі ретінде қарастырдық. Енді 
осындай малды мал шаруашылығында құрастыру мүмкіндігін қараймыз. 
Химерлі малдарды алу үлгісі зертханалық жануар -аллофенді тышқан 
алу үлгісіне сәйкес өтеді. Оларды алудың екі әдісі белгілі: екі және одан көп 
бластоциста немесе морулаларды бір эмбрионға біріктіру (агрегациялық) 
және бір эмбрионның бластоциста ішіне басқа эмбрионның бластомераларын 
ендіру (иньекциялық) арқылы. Бірінші әдісті А. Тарковский (1961) және В. 
Минц (1962), ал екінші әдісті Р. Гарднер (1968) ұсынды. 
Е. Такер және т. б. 1974 жылы төрт ата-аналық формалардан пайда 
болған эмбриондарды біріктіру арқылы химерлі қой алғанын баспада 
жариялады, 10 жыл өткен соң қой (2n-54) мен ешкінің (2n-60) клеткаларынан 


64
құралған генетикалық химералар алынды (С. Фехили және т. б., 1984). 
Қазіргі кезде әр түрлі сиыр тұқымдары эмбриондарын біріктіру арқылы 
химерлі бұзаулар (Г. Брем және т. б., 1985), ірі қара (Воs.taurus) мен зебу 
(Воs. іndісus) эмбриондарын біріктіріп, түраралық генетикалық химералар да 
алынды. 
Мал шаруашылығында әзірше генетикалық химералар қолдану алған 
жоқ. Алайда, бірқатар ауруларға төзімді немесе сүтті және етті үйлескен 
генетикалық химерлі малдар алудың зоотехникалық және мал дәрігерлік 
маңызы бар. 
Мал эмбриондарын реконструкциялау әдістері ішінен биотехнология 
үшін ең перспективалы әдісі — трансгенді малдар құрастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет