Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Эмбрионды тасымалдау кезеңдері



Pdf көрінісі
бет30/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

2.3.5 Эмбрионды тасымалдау кезеңдері. 
 
Эмбрионды тасымалдау, жоғарыда айтылып өткендей, екі шарт 
орындалған кезде ғана сәтті өтеді, олар: трансплантация уақытын дұрыс 
таңдау және донор мен реципиенттің жыныстық циклдарының бір уақытта 
өтуін қадағалау. Сондықтан күйлеу уақытын анықтау маңызды болып 
табылады. 
Жыныстық күйлеудің басталғанын келесі белгілер айқындайды: 
1. Сиырдың ұрықтануға дайындығы – бұқа сиырға секірген кездегі сиырдың 
қозғалыссыз болуы күйлеу үрдісінің белсенді өтіп жатқанын белгілейді. 


61
2. Сиырдың мінез-құлқының өзгеруі – белсенділігінің артуы, беретін сүт 
мөлшерінің азаюы, қатты қобалжу белгілерінің көрінуі, мөңіреуінің жиілеуі, 
қатынас іздеуі және басқа сиырларға секіруі. 
3. Жыныс ағзаларының ісініп, сілекейлі қабықшасының гиперемиясы. 
Эмбриондарды шайып алу бағдарламасын сапасы жоғары донор және 
реципиенттерді ден қойып таңдаудан бастайды. Бұл бағдарламаның ұзақтығы 
бір айға созылады. 
Ветеринарлық дәрігер алдын ала трансплантация жоспарын дайындап, 
әр сиырдың өзіне ғана арналған әдістеме дайындайды. 
Гормондармен өңдеуді өткізбестен бұрын, күні бұрын ол сиырларды 
қарап, дайындығына талдау жасайды. Егер сиырдың жұмыртқашықтарының 
құрамында қызмет етіп тұрған сары денешік болса, ұрықтарды 
трансплантацияға көшуге әбден болады. 
Суперовуляция гормонымен сиырларды бірнеше күн қатарынан өңдейді. 
Жануарларды гормондармен өңдегеннен соң 6 күннен кейін, күйлеу 
үрдісі басталады. Донор сирыларды жасанды жолмен екі қайтара 
ұрықтандырады. Ол үшін екі ұрықтану үрдістерінің арасы 9-15 сағатты құру 
керек. Жұмыртқа жасушаларының жетілуі бір уақытта жүрмейтіндіктен, 
ұрықтануды екі рет жүргізеді, ал жануардың күйлеуі ұзақ уақытқа созылса, 
онда үшінші рет те ұрықтандыру мүмкін болады.
Күйлеу белгілеріне алдымен мән беріліп, оларды бірнеше күн бойы 
бақылайды. Белгілер мән бере отырып жазып алынады. Күйлеудің ең басты 
белгісі – сиырдың қозғалыссыздығы. Күйлеу уақыттарының синхрондылығы. 
Донор 
және 
реципиент 
сиырлардың 
жыныстық 
циклдарының 
айырмашылығы 24 сағаттан аспаған кезде оларды синхронды деп санайды. 
Донор сиырды ұрықтандырғанына бір апта өткеннен кейін және 
реципиент сиырда жыныстық күйлеу басталған кезде, донордың ағзасында 
эмбрионның дамуы жүреді. 
Донор сиырды ұрықтандырғаннан кейін 7 күн өтісімен, сиырды 
станокқа тұрғызады. Ішек моторикасын әлсіздендіру үшін және жатырдың 
босаңсуы үшін эпидуралды анестезия қолданылады, кей кезде баспақтарға 
тыныштандырғыш дәрі енгізіледі. 
Эмбриондарды шайып алу үшін алдымен сиырдың сыртқы жыныс 
жолдарын бірнеше рет жуып-тазалап, содан соң сиыр қынабына катетер 
енгізіп,оны жатырдың бір мүйізіне қарай жылжытады. Катетер жатыр 
мүйізінің бүгілген жеріне келіп тірелген кезде, одан шығар жол бөгеледі де, 
ол үшін баллон ауа арқылы үріледі. 
Одан соң жатыр мүйізіне шаюға арналған сұйықтықты енгізіп, бірнеше 
рет шаю жұмыстарын жүргізеді. Дәл сол уақытта жатыр мүйізін сылап- 
уқалау арқылы массаж жасап, эмбриондардың көп мөлшерде жатырдан 
оқшаулануына әрекет еткізеді. 
Құрамында эмбриондары бар сұйықтықтан эмбриондарды аулап алу 
үшін, эмбрионалды фильтрды қолданады. Жатырдың бір мүйізін жуып 
болғаннан кейін, екіншісін шайып бастайды.


62
Эмбриондардың максималды саны алынғаннан кейін, ветеринарлық 
дәрігер, микроскоп арқылы іздеуді бастайды. Ұрықтарды табу және өңдеу 
жұмыстары ұзақ уақытты қажет етеді. 
Табылған эмбриондарды классификациялап, 4 түрге бөледі: І, ІІ,ІІІ,ІV. 
Трансплантация үшін осы топтардың алғашқы үшеуіне кіретін эмбриондар 
жарамды болса, криосақтау үшін тек І топтағы эмбриондар қоладнылады. 
Соңғы категорияға енетін эмбриондар қолданысқа жарамсыз деп есептеледі.
Эмбриондарды криосақтау кезінде, оларды криоқорғағыш ортамен 
қаптап, сұйық азотқа салады. Осы күйде олар өте ұзақ уақыт сақтала алады. 
Эмбриондарды шайып алғаннан кеін 3-7 күн өткен соң, мал дәрігері 
донор сиырда күйлеу үрдісін қайта шақырту үшін простагландин егеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет