Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет24/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

Тапсырмалар
1. Салыстырмалы биіктіктерді анықтау және мына ағаш түрлері үшін алынған мәліметтерді талдай отырып, қорытынды жасау (кесте1.6).
2. Салыстырмалы жарық үлесін анықтау және ағаш түрлерінің жарық сүйгіштігінің азаю дәрежесі бойынша шкала құру (кесте 1.7).
3. Жетілген, желегі біркелкі түйіскен сүрекдіңдерде 10 жастағы шыршаның өскіндері қаулап өскен. Бірінші жағдайда аналық алқа ағаштардың құрамы 8Ш1Ақ1Кт, 8Ш2Қ, 6Ш2Қ2Ақ, ал екінші жағдайда 8Ақ2Ш, 8Қ2Ақ, 6Қ2Ш2Ақ. Қай жерде және неліктен жаппай кесуден кейін шырша өскіндері жақсы сақталады?
Кесте 1.6 - Салыстырмалы биіктіктерді анықтау



Сүрекдіңнің таксациялық сипаттамасы

Ағаш түрі

Биіктік, м

Диаметр, см

Салыстырмалы биіктіктер, м

Ескерту

4Ш3Ақ3Кт

Ш
Ақ
Кт

19,0
19,0
19,0

21,0
21,0
17,0







6М4Ақ

М
Ақ

10,0
9,8

13,0
14,8







6Қ4Ш

Қ
Ш

14,4
14,0

16,1
12,7









Кесте 1.7 - Жарық үлесін анықтау

Ағаш түрлері

Жарықтың дәрежесі, мың люкс

Салыстырмалы жарықтың үлесі



ағаш желегінің үстінде

желектің жапырақтанған және жапырақсыз бөлігінің аралығында

1

2

3

4

Кәдімгі қарағай

46,0

4,5




Қара емен

32,0

3,1




Шырша

58,0

1,9




Көктерек

47,0

5,9




Балқарағай

42,0

8,5




Ұсақ жапырақты жөке

35,0


0,9





Қайың

22,0

4,2




Майқарағай

22,0

0,5




Терек

75,0

5,0




Тис

50,0

0,5






1.6 ОРМАН ЖӘНЕ ЖЫЛУ


1.6.1 Орман тіршілігіне жылудың маңызы. Жылу – экологиялық фактор ретiнде орманның өсiп-өну жағдайларын анықтайды. Жылу жағдайлары бүтiндей орманның өзiне, сондай-ақ, оның жекелеген компоненттеріне әсер етедi.
Жылудың негiзгi көзi күн радиациясы болып табылады. Сонымен қатар, жылу жер маңындағы атмосфераға радиоактивтiк заттардың ыдырауы, органикалық қалдықтардың шiруi нәтижесiнде жердiң терең қабаттарынан, сондай-ақ, басқа жылу көздерінен келедi.
Дамудың түрлi кезеңдерiнде (сөл жүрудiң басы, бүршiктердiң ашылуы, тұқымдардың жарылуы, гүлдеу, түйiндердің құрылу, жемiстердің пiсуi, фотосинтездің басы, өсу) сүректi өсімдіктерге белгiлi жылу жағдайлары қажет. Сүректi өсiмдiк тамырларының қызметi топырақ температурасы 5°С-тан жоғарылағанда басталады, фотосинтез температура 0°-ден 40-50°С-қа дейін болады, 25-30°С-та жоғары шегiне жетедi.
Ағаш түрлерінің тыныс алуы 0°С-тан төмен температурада да болады, бiрақ, оңтайлысы 45-50°С, ал 55°С-та тыныс алу тоқтайды.
Көптеген өсiмдiктердің тұқымы 0-ден аздап жоғарылаған температурада өне бастайды, сабақ пен жапырақтар +6°С температурада пайда болса, ал +15 °С-та гүлдей бастайды.
Суық ауа райы гүлдеудi, жемiстiң пiсуiн тежейдi, ал кейде олардың құрып кетуіне әкелiп соғады.
Топырақ температурасының көтерiлуiмен микрофлора қызметiнiң қарқыны күшейедi, ол сүректi өсiмдiктердiң азот, фосфор және басқа заттарды жақсы сiңiруiне көмектеседi.
Сүректi өсiмдiктердiң тарихи қалыптасқан жылу қажеттiлiгi әр түрлi және өзгермелi. Тәулiктiк және маусымдық температуралардың айырмашылық дәрежесi маңызды көрсеткiш болып табылады.
Сүректi өсiмдiктер жас кезiнде жылуды бiршама қажет етеді және шеткі температура әсерiне сезiмтал келедi. Жылудың қажеттiлiгi маусым бойынша өзгерiп тұрады: көктемде және жаздың басында қарқынды өсу кезiнде – ол көбiрек қажет.
Ауаның орташа тәулiктiк температурасы 10°С, ал топырақтiкi 5°С-қа жеткен уақыт вегетациялық кезеңiнің шекарасы ретінде қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет