Тапсырмалар Жыл бойы түскен өсімдік қалдықтары мен ондағы минералдық элементтердің пайыздық құрамы бойынша, жыл сайын қарағай орманынан топыраққа түсетін азот пен күл тәрізді элементтердің массасын есептеңіз. Қажетті мәліметтер 1.11- кестеде көрсетілген.
Кесте 1.11 -Қарағай орманындағы азот пен күл тәрізді элементтердің құрамы
1.10 ОРМАННЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚҰРАУШЫ БӨЛIГI РЕТIНДЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ
1.10.1 Орманның су күзету-қорғаныш маңызы. Ормандардың су күзету және су реттеу маңызы – олардың ылғалды жинақтау және оны су балансының жекелеген бөлімдеріне пайдалануда болып табылады, қорғаныш міндеті – топырақты су және жел эрозиясынан, ал су қоймаларын батпақтану мен ластанудан сақтау.
Негiзгi мiндетi су қоймаларына судың келуiн реттеу және оларды батпақтанудан сақтау болып есептелетін ормандар – су реттеушi ормандар деп аталады.
Топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, сондай-ақ жерді, көлiк жолдарын және елдi мекендердi климаттық және гидрологиялық зиянды әсерлерден қорғау болып табылатын ормандар – қорғаныш ормандар деп аталады.
Орманды жерлер өздiрiнiң су күзету-қорғаныш функцияларына қарай кластарға (сыныптарға) жіктеледі.