Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет28/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.7.3 Ылғал көздерi. Өсiмдiктер үшiн ылғалдың негiзгi көзi жауын-шашындар, конденсациялық ылғалдар (шық, қырау, тұман, көк мұз), жер асты және топырақ сулары болып табылады.
Жауын-шашынның орманға әсерi олардың түсу уақытына, қарқыны мен ұзақтығына, ауа температурасы мен ылғалдылығына, топырақ ерекшелiгiне, жер бедерiне байланысты болады және әр түрлi себептер жиынтығының әсерiмен бiлiнедi.
Қатты жауын-шашындар (қар, бұршақ) орманның негiзгi компоненттеріне оң әсерiмен қатар, терiс те әсерi болады.
Олардың оң әсерi: ылғал көзi, жылуды шығармайды, топырақты терең тоңға шалынудан қорғайды, ал өсiмдiктердiң тамыр жүйесiн, тұқымды, жас шыбықты, өскiндi, топырақ дүниесiн – аяз ұруынан сақтайды. Қар қалыңдығы 50 см және одан көп болғанда топырақ үстi мен астының температуралар айырмашылығы 20°С-қа дейiн жетедi.
Терiс әсерi: ағаштардың желегіне жиналған қар салмағымен ағаштарды сындырады және құлатады, сонымен қатар, жас ағаштардың дiңдерiн деформациялайды.
Қар салмағынан I-II жас кластарының қарағайлары көп сынады. Бұршақ пен шық жапырақтарды, гүлшелердi, жемiстердi, бұтақтарды және ағаштың желектерін зақымдайды.
1.7.4 Жауын-шашын мөлшерi және ормандардың таралуы. Орманның таралуының оңтүстiк шекарасы (орман ксерохорасы) климат қуаңшылығымен анықталады. Г.Н.Высоцкий орман ксерохорасын ОК (омброэвапорометрлiк коррелятив (өзара қатыстық) немесе жылдық жауын-шашын мөлшерiнiң Вильд бойынша булануына қатынасы – 1-ге тең) бойынша жүргiздi. Орман аймағы шегiнде ОК 1-ден көп, далалық аймақта 1-ден төмен, ал шөл далаларда 0,3-ке дейiн төмендейдi.
Өсiмдiктердiң құрғақшылыққа шыдамдылығы жөнiнде қалың қорғаныш жапырақ желегі, жапырақтар мен өркендердiң қалың болуы, құрғақшылық кезеңде жапырақтар мен жемiстердi жерге тастау қабiлетi және басқа белгiлерi көрiнiс бередi.
Оңтүстiк аудандарда ылғал жеткiліксiздiгiнен күресу мақсатында құрғақшылыққа шыдамды ағаш түрлері таңдап алынады, топырақты қопсыту, жердi терең жырту және басқа да сол сияқты шаралар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет