Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет69/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

Кесте 2.2 - Күтiп-баптау кесулерiнiң қарқындылық дәрежесiнiң көрсеткiштерi



Қарқындылық



Қарқындылық дәрежесi

нашар

бiрыңғай
(орташа)

күштi

өте күштi

Салмағынан кесуге дейiнгі пайызы бойынша

15-ке дейiн

16-25

26-35

35-тен жоғары

Ағымдағы өсiмінен пайызы бойынша

20-ға дейiн

21-40

41-60

60-тан жоғары

Толымдылығының (желек түйісуінің) төмендеуi

0,10-ға дейiн

0,11-0,15

0,16-0,20

0,20-дан жоғары



2.4.8 Ағаштарды кесуге таңдап алу ретi. Күтiп-баптау кесулерi кезiнде ағаштарды таңдап алу үш мүшелi шаруашылық жiктеуiнiң (I – жақсы ағаштар, II – қосымша ағаштар, III – кесіп тастауға жататындар) ұсыныстарын еске ала отырып, биотоптар бойынша жүргiзiледi. Бiрiншi кезекте таңдап алынған жақсы және қосымша ағаштардың өсуiн тежейтiн, өсiруге қажетсіз екінші дәрежедегі ағаш түрлері, ал басты ағаш түрлерінен нашарлары кесіліп тасталады.
Алқа ағаштарға күтiп-баптау кесулерiн белгілеу кезектілігі келесідей тағайындалады: құрамы бойынша – емен, шаған, қарағай, шырша және басқа құнды ағаш түрлерінен құралған аралас алқа ағаштар; толымдылығы бойынша – жоғары толымдылықты алқа ағаштар; өнiмдiлiгi бойынша – жоғары бонитеттi алқа ағаштар; жасы бойынша – аралас балауса ағаштардан бiршама жасы, жетiлiп келе жатқандардан аса кәрiсі; жағдайы бойынша – жаппай табиғи қураған, кемiс және зақымданған ағаштар кесіледі.
Жекелеген учаскелердi күтiп-баптау кесулерiне тағайындағанда “Нұсқаумен” мынандай кезектілік қойылады.
Бiрiншi кезек: кесілген ормандарда сақталған қажетсiз ағаш түрлері, өспей қалған басты ағаш түрінің екпелері немесе өскiнi; екiншi дәрежелі ағаштардың астында өсіп тұрған құндылығы төмен балауса ағаштар; бiр сатыдағы басты және екiншi дәрежелі ағаш түрлері бар аралас балауса ағаштар; қалың өскен құнды балауса ағаштар; екiншi дәрежелі ағаштар астында өсіп тұрған басты ағаш түрі бар аралас алқа ағаштар.
Екiншi кезек: таза жас алқа ағаштардағы сиретпелі кесулер; аралас алқа ағаштардағы өтпелi кесулер.
Үшiншi кезек: таза алқа ағаштардағы өтпелi кесулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет