D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша



Pdf көрінісі
бет3/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

Қимақтар, қыпшақтар және оғыздар 
Қимақ тайпалары туралы араб-парсы тарихшыларының мәліметтері. Қимақтардың 
тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Шаруашылығы, қалалары. Қимақ мемлекетінің 
құрылуы. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Қағанаттың сыртқы саяси 
жағдайы. Көрші тайпалардың басқыншылығы, қағанаттың әлсіреуі. 
Қыпшақ тайпалары туралы араб-парсы, қытай, европалық, орыс деректерінің 
мәліметтері. ІХ-Х ғғ. қыпшақ тайпаларының тарихы мәселелері. ХІ-ғ. қыпшақтардың 
орналасуы, олардың батысқа және оңтүстікке жылжуы. "Дешті Қыпшақ". 
Қыпшақ хандығының құрылуы (ХІ-ХІІ ғғ.) Қыпшақ хандығы мен Хорезм 
мемлекеті арасындағы байланыстар. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және 
мемлекеттік құрылысы. Рулық-тайпалық құрамы. Қыпшақтардың қазақ және басқа түркі 
халықтарының қалыптасуына қатынасы. 
Оғыз тайпалары туралы жазба деректер. Оғыздар Түркі қағанатының құрамында. 
Оғыздар Жетісуда. Оғыздардың Сыр бойы және Арал маңына келуі. Печенегтермен 
күресі. Оғыз хандығы ІХ-ХІ ғғ. М.Қашғари оғыздар жөнінде. Оғыз-қыпшақ қатынастары. 
Оғыз тайпаларының шаруашылығы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері. "Кітаби Қорқыт". 
VІ-ХІІ ғғ.Түркістан халықтарының мәдениеті 
Түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба, археологиялық, 
және этнографиялық деректер. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы. Қоныстар 
мен қалалардың өсуі. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қала мәдениеті дамыған 
аймақтар: Сыр бойы, Шу және Талас өңірі, Жетісудың солтүстік-шығысы. Қала 
мәдениетінің дамуындағы түркі-соғдылық синтез. 
Қалалар - саяси өмір, сауда, қолөнер және мәдениет орталығы. Ұлы Жібек 
жолының қазақ жеріндегі тармақтары. Қалаларға сипаттама. Материалдық мәдениет. 
VІ-ХІІІ ғғ. Түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, әдет-
ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері. 
Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі жазуының ескерткіштері, 
оның таралу аймағы, зерттелуі. Тоныкөк, Күлтегін және Білге қаған құрметіне қойылған 
құлпытастар, оларға сипаттама. 
Ислам дінінің түркі халықтарының өміріне ене бастауы. Түркі елдерінің араб 
халифаты елдерімен байланысының артуы. Ислам мәдениеті және оның негізі болған 
Құран Кәрім мен Хадистердің түркі халықтарының өміріне тигізген ықпалы. 
IX-XII ғғ. Түркістандық ғалымдар мен ойшылдар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп 
Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани және т. б. 
олардың қалдырған мұраларының маңызы мен ортағасырлық мәдениетте алар орны. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет