байсалды ойын, баланың дербестігі және ата- ана мен баланың ортақ шығармашылығы;
Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет.
Сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет: Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы, оның белсенділігі және оның дербестігі;
мектеп жасына дейінгі бала рөлі өзгереді. Жоба кезінде мектеп жасына дейінгі бала оқыту субьектіне айналады. Іс-әрекет мақсатын тәрбиешімен бірге бала өзі анықтайды. Бала мәселені шешуде өзіне керекті нәрсені өзі көбірек таңдай алады және оқу мен тәрбие процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігі көп болады (тәжірибе жасап көреді, жаңа нәрселерді таниды). Сонымен бірге бала тапсырманы орындауда жауапкершілік жүктей алады және уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді болады.
Жобалық іс-әрекеттерді пайдалану мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында көптеген тапсырмаларды шешеді. Мектеп жасына дейінгі баланы орындаушы емес, іскер етіп тәрбиелеу мүмкіншілігін береді. Әр бала өзіне ұнайтын іс-әрекет жасай отырып, әр бала өзін шығармашылық тұлға етіп көрсете алады. Сонымен бірге жобалық іс-әрекет балабақшада зерттеушілікпен ұласады, өйткені балалар тумысынан зерттеушілер, олар шаршамайды, тырысады, аңғарғыш және әуес. Тек осы мүмкіншіліктерін жобалық іс-әрекетте қажет арнайы икемге пайдалану керек.
– бала мен педагогтың бірлесіп жүзеге асыратын эксперименттік әрекетін құру. Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс- әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады. Кіші мектепке дейінгі жастағылармен мынадай тақырыптарда: «Пішін, түс, көлем»;
Достарыңызбен бөлісу: |