1.Дайындық.
2.Негізгі.
3.Қорытынды.
Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып, жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады. Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады.
Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы кезеңі
Бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жоба жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі. Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес, жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі).
Қорытынды кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізілуі және қорытындылануы жүзеге асады.
жобаның соңғы кезеңі – жобаны қорғау- әрқашан көріністі. Оған ата-аналармен кішкентай балаларды, жалпы қонақ шақыруға болады. Дәл осы кезеңде жоба эмоциялық тұрғыдан қыза түседі және осы кезде оның әлеуметтік маңыздылығын да арттыру керек. Не үшін, кім үшін жасалғанын және жалпы не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Қорғау өте жарқын болуы керек, онда әрбір баланың, әр ата-ананың, әр мұғалімнің еңбегі көрінетіндей етіп ойластыру керек.
Мақсаттылық жобаның белгілері: (мақсат жоқ болса – жоба да жоқ).
Өзгеріс (оқу процесінің қажет күйге айналуы).
Уақытына шектеу қою (барлық жобаның басталып,
аяқталатын мерзімі болуы керек).
Жобаның бірегейлігі. 4.Қажет қордың шектеулігі.
Шешімін іздейтін мәселенің
болуы, жоба бұл
Достарыңызбен бөлісу: |