Даму жоспары


Саланың даму жағдайына SWOT-талдауы



бет5/9
Дата17.07.2016
өлшемі7.97 Mb.
#206017
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Саланың даму жағдайына SWOT-талдауы:

Мықты жақтары (S)

  1. Тұрғындардың телекоммуникация жүйесімен қамтамасыз етілуі.

Мүмкіндіктері (O)

  1. Ақпараттық қоғамды дамыту

Әлсіз жақтары (W)

  1. Құрылыс үшін бағаның жоғарылығы мен ығыстырылған(қысылған) жағдайы.

Қатерлері (T)

1.Құрылысты қаражаттандырудың қысқартылуы, құрылыс заттары мен жабдықтардың қымбаттауы.



Негізгі күрделі мәселелер:

  • ұялы байланыс саласындағы бәсекелестіктің өсуіне байланысты, бекітілген телефония абоненттерінің ұялы байланыс абоненттері пайдасына кету басымдықтары байқалады.


Құрылыс

2014 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 1850,5 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 1,4 % өскен.

2012 жылы 20 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй салынды (1712,6 мың. ш.м).

2013 жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Достық шағын ауданында 120 орынға арналған бала – бақша салынды.

«Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында 80 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй мен инженерлік – коммуникациялық желісі салынып, абаттандырылды.

2014 жылы №1 орта мектепке спорт зал мен балалар мен жас өспірімдер туризм мектебі салынып, №6 бала – бақшасының ғимараты сейсмикалық күшейтілді.

Құрылыс көлемінің көпшілігі жеке салушылардың есеінен қамтамасыз етілген.

Халық есебінен 1,4 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2012 жылға 127,3 %.

Текелі қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж саны 2012 жылмен салыстырғанда 466 адамға өсіп, 1052 адамды құрады. Оның ішінде 142 адам жетім-балалар, 463 адам халықтың әлеуметтік осал топтары және 447 адам мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік мекемелердің қызметекерлері.

Жұмыс істеп тұрған қалалық мұрағат нормативтерге сәйкес келмеуіне байланысты, оны орналастыру үшін ғимарат құрылысы қажет.


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S)

  1. Облыстың ауылдық елді мекендерінде қала құрылысы құжаттамаларымен қамтамасыз етілуі;

  2. Өзіндік құрылыс материалдардың болуы.

Мүмкіндіктері (O)

  1. «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» және «Нұрлы Жол» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында инфрақұрылымды дамыту

Әлсіз жақтары (W)

  1. Мелекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтар санының өсуі

Қатерлері (T)

  1. «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландырудын азаюы

  2. Құрылыс материалдарының қымбаттауы

Құрылысты дамытудың негізгі күрделі мәселелері:

  • Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жеткіліксіздігі, енгізілген тұрғын үй көлемінің тұрғын үйге мұқтаждар санының айтарлықтай төмендеуіне жеткіліксіз болуы.


Автомобиль жолдары

Текелі қаласының жалпы жол созымдылығы 141,5 шақырымды құрайды, оның 70,7% жақсы немесе қанағаттанарлық жағдайда.

Жалпы жол ұзындығы асфальтбетонды жабынмен - 112,9 шақырым, гравий жабынмен - 28,6 шақырым. Оның 57,7 шақырымы (40,7%) жақсы жағдайда, 42,3 шақырымы(30,0%) қанағаттанарлық жағдайда, 41,5 шақырымы (29,3%) қанағаттанарлықсыз жағдайда.

2012-2014 жылдары 35,5 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіліп, 22,3 шақырымға қайта жаңарту жұмыстары, 11,3 мың шаршы метр жолғы шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы Қонаев көшесінің бойымен 2,6 шақырым жолға қайта жаңарту жұмыстары, 8,4 мың шаршы метр жерге шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді.

2014-2015 жылдары 18 аялдама нысандарына монтаждау және демонтаждау жұмыстары жүргізілді.

Текелі қаласының «Текелі автопаркі» ЖШС қала ішіндегі 6 бағыт бойынша және қала аралық 5 бағыт бойынша: Текелі - Алматы, Текелі-Талдықорған, Текелі - Қоғалы бағытында және Ескельді ауданның жақын елдімекендеріне тасымалдау қызметтерін көрсетуде.

2014 - 2015 жылдары «Текелі қаласының «Текелі-Кондитер» ЖШС-гі маңайындағы «Металлург» ықшам ауданындағы Текелі өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, Қора өзені арқылы «Жаяу жүретін технологиялық аспа көпірі» салынды.

Қала аумағында 7 көпір мен 14 су өткізгіш құбырлары бар, бұл көпірлердің жұк өткізу қуаттылығы, үлкен жүкті көлік құралдарын өткізуге сай келмейді.
2012 - 2014 жылдар аралығында жүргізілген жөндеу жұмыстарының динамикасы

млн. теңге

Сала бағытының қаржыландырылуы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

барлығы

Жөндеу жұмыстарының түрі бойынша

БАРЛЫҒЫ

171,4

132,7

621,8

925,9

Құрылыс, қайта жаңғырту

-

122,7

609,5

732,2

Күрделі жөндеу

151,4

-

-

151,4

Ағымдағы жөндеу

20,0

10,0

2,9

32,9

2012 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде жергілікті жолдардың техникалық және пайдалану жай-күйін талдау мен мониторинг мәліметтері бойынша, техникалық және пайдалану көрсеткіштерінің сәйкес.

- жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың ұзындығы 100 шақырым.

- техникалық қанағаттандырмайтын жағдайдағы жолдың ұзындығы 41,5 шақырым.

2012 жылдан 2014 жылға дейінгі уақытта қаланың жол саласына бөлінген бюджеттік инвестицияның жалпы көлемі – 925,9 млн. теңгені құрады.


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S)

1. Қанағаттандырмайтын жағдайдағы көлік жолдарының 41,5 % -дан 12,3%- ға дейін азайюы.




Мүмкіедіктері (O)

  1. Мемлекеттің жұмыс істеп тұрған бағдарламалары аясында көлік инфрақұрылымдарын дамыту жобаларын іске асыру;

  2. Қаладағы өндірістерді дамыту арқылы, жолаушылар мен жүк ағымын айтарлықтай ұлғайту;

  3. Іске қосылатын қуаттылықтарды жаңғырту мен кеңейту арқылы көлік инфрақұрылымын жақсарту.

Әлсіз жақтары (W)

  1. Көлік инфрақұрылымынын жеткілікті дамымауы (қала тұйықта орналасқан).

  2. Көлік жолдарының тозуы;

3. темір жол желісінің бір жолдылығы.

Қатерлері (T)

  1. Көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыруға бөлінетін бюджет қаражатының төмендеуі.

Негізгі күрделі мәселелер:

- қалалық маңызы бар жолдардағы көпір құрылыстары мен су өткізетін құбырлардың тозуы;

- автомобиль жолдарын сапалы дамыту үшін, көлік инфрақұрылымының жоқтығы;

- жергілікті маңызды автомобиль жолдарының тозуы.



Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғырту

Қалада көпқабатты тұрғын үйдің қоры 212 тұрғын үйді құрайды. Оның ішінде «Металлург» пен» Горняцкий» шағын аудандарындағы 24-і апатты және бұзуға жататын тұрғын үйлер, 106 тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді. 31 кондоминиум нысаны тіркелген, оның меншік иесі құрылымы бойынша: 8 КСК, 3 бірлескен басқарма және 20 үйлерді басқару.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында 2011 жылдан 2014 жылдары аралығында 10 көпқабатты тұрғын үй жөнделді. «Текелі қаласының тұрғын үйді пайдалану кешені» ЖШС мамандандырылған кәсіпорыны қаржыландыру механизмін жүзеге асырады, кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне жөндеу жұмыстарын жүргізудің, жедел және қайтару шарты бойынша 109,1 млн. теңге бюджет қаражатын игерді.

2011 -2015 жылдар аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілген пәтер иелерінен қайтарылатын жалпы қаражаттың құны 30,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде 13,7 млн. теңгесі 2-үйді жөндеу жұмыстарына, 21,9 млн. теңгесі ЖШС ұстауға жұмсалды.

2014 жылы бағдарлама аясында 60,0 млн. теңгеге 5 тұрғын үйдің мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S)

  • тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында көпқабаты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылға дейін жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 2,1% құрайды.

Мүмкіндіктері (O)

  • тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жобаларының жекелеген түрлері іске асыру кондоминиум нысандарының техникалық жағдайы, азаматтардың тұрғылықты сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Әлсіз жақтары (W)

  • кондоминиум нысандарын құру мен кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін ұстауға тұрғындар белсенділігінің төмендігі.

Қатерлері(T)

  • көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жобаларының жекелеген түрлерін қаржыландырудың жеткіліксіздігі мен қатар, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына қатысу қажеттілігіне тқрғындардың қатысуының әлсіздігі.

Негізгі күрделі мәселелер:


  • - «Текелі қаласының тұрғын үйді пайдалану кешені» ЖШС мамандандырылған уәкілетті органын ұстаудын қаржыландыру тәртібі бойынша сұрақтын шешілмеуі.



Электрмен жабдықтау

Қалада электр жүйесінің жалпы ұзындығы - 345 км құрайды соның ішінде: Текелі ВЛ - 6 кВ – 105,6 км, ВЛ-0,4 кВ – 227,6 км; Рудничный ВЛ -0,6 кВ 8,6, ВЛ-0,4 кВ-3,2 км.

Қалада 6/0,4 кВ трансформатор аралық бекеті– 69 дана.

Электр жүйесінің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, электр жүйелерінің тозуы 80,0% пайыз.

Жабдықталып қамтамасыз етілген, тұрғындардың жағдайлары қауіпсізделінген, жолдардағы қауіпсіздіктері қажетті деңгейде қамтамасыздалған, кешкі, түнгі мезгілде жыл сайын жұмыс жүргізіледі.

Жергілікті бюджеттен көше жарығына электр қуатының төлемдеріне бөлінген қаражаты және көше жарықтарының ахуалдарын уақытылы жөндеп, ауыстырылып отыруын және профилактикалық жоспар бойынша шамшырақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу.


Саланың даму жағдайына SWOT - талдау:

Мықты жақтары (S)

1. электр жүйелерінің жүйеқұрушы дамыған схемасы;

2. транзиттік әлеуеттін болуы және электр энергиясының эскпортқа мүмкіндігі.


Мүмкіндіктер (O)

1. жаңа энергиялық қуаттылықты енгізу арқылы энергиялық қауіпсіздікке жету;

2. электр энергетика нысандарын дамыту үшін саланың инвестициялық қызықтырғыштығын көтеру бойынша шаралар қабылдау.


Осал жақтары (W)

1. электр жүйелерінің тозуының жоғары болуы (80 %);

2. жаңа энергия көздерінің құрылысын қамтамасыз ететін механизмнің болмауы;  

3. энергияның жетіспеушілігінен, сыртқы электр энергиясына тәуелділік, транзит төлемін қолдану.



Қатерлері (T)

1. қолданыстағы электростанцияларында негізгі құралдардын шығуы және орнатылған қуаттылықта арасындағы алшақтық;

2. электр энергиясын шығаратын, Электр энергиясын тұрақты шығаратын энергия көздеріне тәуелділік;

3. тозудын жоғары болуы тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету сапасының төмендеуі.



Энергиямен жабдықтаудын негізгі күрделі мәселелері:

- энергия жүйелерніңі техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, энергия жүйелерінің тозуы 80 %.


Сумен қамтамасыз ету

Қала тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Сумен қамтамасыз ету саласында «Текелі Су құбыры» ШЖҚ ММК қызмет жасайды.

Сүзу станциясының жобалық қуаттылығы тәулігіне - 20,0 мың шаршы метр.

Су құбыры желісінің ұзындығы 167,9 шақырымды құрайды, оның ішінде: 152,9 шақырымы Текелі қаласында, 15,0 шақырымы Рудничный ауылдық округінде. 3000 м3 – 5 су жинау қоймасы, 500 м3 – 2 су жинау қоймасы, 800 м3 – 1 су жинау қоймасы, 600 м3- 1 су жинау қоймасы.

Су сүзу станциясының ашық су көзінен алынып (Қoрa өзенінің аймақаралық арнасынан) сүзіледі де су желілеріне бөлінеді.

2015 жылдың 1 қаңтарына жағдайға сай су құбырлары желісінің – 65% тозуы салдарынан желіде авариялар болуда.

Халықты сумен қамту жүйесін жетілдіру үшін қабылданған елеулі шаралар мен инвестицияларға қарамастан, су мәселесі әлі де сақталуда. Себебі жаз мезгіліндегі мұздықтардың еруі салдарынан су деңгейі көтеріліп, Қора өзенінің жағасындағы борлық шөгінділердің шайылуы судың бұлыңғырлығының артуына тікелей әсер етеді. Қазіргі қолда бар сүзу станциясының суды тазалау жүйесі бұл құбылысты еңсере алмау салдарынан судың бұлынғырлығы көрсеткіштері мемлекеттік «Ауыз су» стандартына сай келмейді.


Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Мықты жақтары (S)

1. су қорының жеткілікті деңгейі;

2. жұмыс істеп тұрған сумен қамтамассыз ету желісінің барлығы;

3. халыққа ауыз судың қол жетімділігі көрсеткішінің 100%-ғы

4.  жұмыс істеп тұрған қолдану қызметтерінің бар болуы.


Мүмкіндіктері (O)

1. тығыздалған жер асты суларының жаңа көздерін игеру;

2.  халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

3.  сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, суды дайындау мен тазалауға қаражат шығынын ұлғайту;

4.  заманауи тиімді технологияларды енгізу мүмкіндіктері;

5.  материалды - техникалық базасын жабдықтау арқылы қолдану қызметтерін жетілдіру.



Әлсіз жақтары (W)

    1. тығыздалған жер асты сулары қорының пайдаланудың жеткіліксіздігі;

    2. сумен қамтамасыз ету нысандары мен желілерінің ескіруі салдарынан- авариялар мен шығындар, ауыз су сапасының төмендігі;

3.  негізгі өндіріс қорларының ескіруі қарқыны оларды жаңарту қарқынынан көп озып келеді.

4.  сумен қамтамасыз ету желілерінің жаңа нысандарының құрылысы мен қолда бар желілерді қайта жаңартуға инвестицияның жеткіліксіздігі;

5.  ауылдық елді мекендердегі сумен қамтамасыз ету мен суды бұру кәсіпорындарының дамуының жеткіліксіздігі.


Қатерлері (T)

1. иесіз су ұңғымалары санының көп болуы, сондай-ақ пайдалану ережелерінің бұзушылықтардың нәтижесінде жер асты су көздерінің сапасының төмендеуі, жер асты суларының техногендік ластануы;

2.  Физикалық тозуына байланысты, жабдықтардың істен шығуы мүмкіндігі мен қоршаған ортаға жағымсыз әсерінің қауіпі;

3.  ұзақ мерзімде қолдану әсерінен болған сумен қамтамасыз ету нысандарының техникалық жағдайының қанағаттандырмауы;

4.  суды дайындаудың тозған технологиясын пайдалану, тұрғындардың денсаулығының нашарлауына әкелуде;

5.  тәуліктік судың жоқтығы мен апаттық жағдайдың өсуі;

6. сумен қамтамасыз ету мен су бұру желілерін қайта жаңарту мен салуға қаражаттың қысқартылуы.


Сумен жабдықтаудың негізгі күрделі мәселелері:

- қызмет ету мерзімінен 1,5 есе артық қызмет еткен су құбырлары желісі мен құрылыстарының тозуы деңгейінің жоғарлығы.

- Су тұтынушылардың бәрінің су есептеуіш құралдарымен қамтылмауы.
Су бұрумен жабдықтау

Қала орталықталынған кәріз жүйесімен жабдықталған.

Қала бойынша кәріз жүйесінің ұзындығы 49,7 км. соның ішінде: Текелі қаласында - 41,9 км. Рудничный округінде 7,5 км құрайды. Тазартқыш ғимараттарының жобалық қуаттылығы тәулігіне 11,0 мың. м3 құрайды.

Кәріз жүйесінің тозуы 65% құрайды.

Сумен жабдықтау жүйесін дамытумен қатар, адамдардың өмір сүруі мен өндірістік кәсіпорындардын жұмысы нәтижесінде туындайтын кәріз жүйесі мен жиналған суды тазарту сұрағы қалыптасады.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Мықты жақтары (S)

  • жұмыс істеп тұрған қызметтін бар болуы;

  • халықтың су бұру қызметтеріне қол жетімділігі көрсеткішін-53,2% жетуі.

Мүмкіндіктері (O)

  • Су бұру, кәріз жүйесі, тазарту құрылыстары мен кәріз желілерінің құрылысы мен қайта жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру, халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Әлсіз жақтары (W)

  • Кәріз жүйесі желілерінің 65% жағдайы қанағаттандырмай, ауыстыруды талап етеді.

Қатерлері (T)

Су бұру, кәріз жүйесі, тазарту құрылыстары мен кәріз желілерінің құрылысы мен қайта жаңғырту бойынша жобалардың қаржыландырылуының жеткіліксіздігі, нысандарды қолданысқа беру мерзімдерінің бұзылуы мен халықтың санитариялық және экологиялық әл-ауқатына теріс әсер беруі мүмкін



Кәріз жүйелеріндегі негізгі мәселелер:

- қызмет ету мерзімінен 1,5 есе артық қызмет еткен кәріз желісі мен құрылыстарының ескіру деңгейінің жоғарлығы;

- кәріз жүйесінің дамымағандығы.
Жылумен жабдықтау

Қалада жылумен қамтамасыз етумен 1959 жылдан бастап «Казцинк - ТЭК» ЖШС жүзеге асырады. Орнатылған жылудың қуаты – 88 Гкал/сағ, соның ішіндегі құбыр бойынша – 55 Гкал/сағ.

Жылу жүйелерінің жылулықты сақтау құбырларының минералды вата мен жартылай жаңадан пенополиуританадан жасалған құбырларға жаңаланған.

Жылуды қолданушыларға жылу энергиясы ыстық су тиісті сапада, жылу жүйесімен және ыстық сумен қамтуға, температурасы бекітілген кестеге сәйкес беріледі.

Жылу жүйелерінің ұзындығы 77,455 км, оның ішінде магистралдық жүйелер 26,455 км, таратып тұратын жүйелер 51,0 км. Жылу жүйелерндегі су көлемі 14000 м3 құрайды. Жылу жүйелерінің максималдық сіңімділігі 200 м3/сағ. Сулы – химиялық режимі электр станциялары мен жүйелерін қолданудын техникалық талаптарына сай.

«Достық» және «Алатау» шағын аудандары бойынша жылу жүйелерінің тозуы 80-85 % құраса, «Металлург» шағын ауданы бойынша 90-95 % құрайды.

2013 жылы жылу жүйелері «Казцинк ТЭК» ЖШС теңгерімінен Текелі қаласының коммуналдық меншігіне өткізілді.

2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жылу жүйелерін қайтадан жаңғырту жобаларына жобалық-сметалық құжаттма әзірленді:



  • «Алматы облысының Текелі қаласы «Дружба» шағын ауданындағы магистралдық жылу жүйелерін қайта жаңғырту» жобасы 482,1 млн. теңге. Жобамен 4,167 км жылу жүйелерін қайта жаңғырту қарастырылған. Жобаның жүзеге асыру кезеңі 2015-2016 жылдарға жоспарланған.

2015 жылы «Дружба» шағын ауданының магистралдық жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға 100,0 млн. теңге бөлініп, 0,98 км жылу жүйелері жөңделді.

  • «Алматы облысы Текелі қаласының «Алатау» шағын аудандағы магистралдық жылу жүйелерін қайта жаңғырту» жобасының құны 890,8 млн. теңге. Жобамен 8,33 км жылу жүйелерін қайта жаңғырту қарастырылған. Жобаны жүезе асыру кезеңі 2015-2016 жылдарға жоспарланған.

2015 жылы «Алатау» шағын ауданының магистралдық жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға 272,2 млн. теңге бөлініп, 2,6 км жылу жүйелері жөңделді.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Мықты жақтары (S)

Жылу көздерімен жылу энергиясы өндірісінің өсуі




Мүмкіндіктері (O)

Жаңғыртылатын жылумен жабдықтаудың көздерінің даму болашағы



Әлсіз жақтары (W)

87,2 % жылумен жабдықтау жүйелерінің ауыстыру қажет (жалпы ұзындықтан)



Қатерлері (T)

Магистралдық және квартал аралық жылу жүйелерінің тозуы

Жылу энергиясын жоғалту


Жылуменжабдықтаудын негізгікүрделі мәселелері:

- жылу жүйесінің тозуы 80 пайыз, жылу энергиясын жоғалтуға әкеледі.


Газбен қамту

Қазіргі таңда Текелі қаласында мұнай мен газ өндіріп, өңдейтін кәсіпорындар жоқ.

Текелі қаласы мен Рудничный округінің халқы «Текели Газсервис» ААҚ жүзеге асыратын, сұйытылған газ баллондарымен қамтамасыз етілген.

Текелі қаласында 23 топтық жер асты газ резервуарлары бар, олар күрделі жөндеуді және «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелер» негізінде техникалық қайта куәландыруды талап етеді. Газ резервуарлары коммуналдық меншік болып табылып, «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ теңгеріміне тіркелген.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Мықты жақтары (S)

газбен жабдықтаушы кәсіпорындарды аккредиттеу, Қазақстанның мұнай-химия зауыттарынан тұрақты бағамен сұйытылған табиғи газды импорттауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.



мүмкіндіктері(O)

табиғи газды жеткізу халық пен шаруашылық нысандарын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




Әлсіз жақтары (W)

Ішкі желілер мен газ бөлу құрылғыларының техникалық жағдайының қанағаттырмауы.



қатерлері (T)

Жаңа орталықтандырылған газбен қамту жүйелерінің құрылысы мен қолда бар жүйелерді қалпына келтіру үшін қаржыландырудың болмауы газбен қамтудың сапалы деңгейіне толық көтеруге мүмкіндік бермейді.



Газ бен жылумен қамтамасыз етудің мәселелері:

- қала тұрғындары негізінен сұйытылған газ бен қамтамасыз етіледі.




      1. Экология мен жер ресурстары


Аймақтын экологиялық мәселелері

1980 жылдан бері қызмет ететін қатты-тұрмыстық қалдықтардың полигоны өз мүмкіншілітерін жоғалтып, санитарлы-эпидиологиялық нормаларға сәйкес келмеуіне байланысты, өрт қауіпсіздігін тудырады. Қалада жылдан жылға өндірістер мен тұтыну қалдықтары артуда, бұл қаламыздың имиджіне әсер етеді.

Қала аумағында қолданыстағы («Текелі кенді қайда өңдеу кешені» ЖШС-гі мен мемлекеттің меншігіндегі) қалдықтарды сақтайтын қойма бар, ол қаламыздың экологиялық жағдайына жағымсыз әсерін тигізуде және қала тұрғындарының ауыр металдарды жұқтыру қатері мен денсаулықтарына қауіп туғызады. Ресми деректер бойынша біздің қаламыз қатерлі жаңа ісік ауруларынан облыс бойынша бірінші орында.

Аталған мәселені шешу үшін, шамамен 330,0 млн. теңгені құрайтын қалдықтарды сақтау қоймасының құрылысы мен жұмысын аяқтаған қалдықтарды сақтау қоймасының топырақ құнарлығын жақсарту қажет. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында қалдықтарды сақтау қоймасының топырақ құнарлығын қалпына келтіру 2017-2018 жылдарға жоспарланған.

Текелі қаласын «Дружба» шағын ауданынан 10 шақырым қашықтықтағы, «Металлург» шағын ауданында орналасқан 24-ӨБ өрт бөлімі қызмет етеді. Өрт депосының құрылысы қажет.

Текелі қаласының әкімшілік аумғында, 75 шақырым қашықтықта Рудничный ауылдық округі орналасқан. Ауылдық округте өртке қарсы мемлекеттік мекеме жоқ. Рудничный ауылындағы өрт бекеті жылытылған бокс және жеке құраммен қамтамасыз етілмеген.

Қала аумағында 121 өрт гидранты бар, олардың 32 гидранты қолданысқа жарамсыз жағдайда. Соңғы жылдарда өрт гидранттарына жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Су құбырларының жалпы ұзындығы 167,9 м.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S)

Экологиялық жағымды процестер мен азық-түлік, «жасыл» имиджінің болуы.



Мүмкіндіктері (O)

Қалдықтарды сақтау қоймасының топырақ құнарлығын жақсарту бойынша жобалық - сметалық құжаттарын әзірлеу.



Әлсіз жақтары (W)

Қайта қолданысқа жарамайтын азық-түлік, орау материалдары, бөтелкелер мен т.с.с, «лас» технологиялар, токсинді қалдықтар мен «Ластаушы» имиджі.



Қатерлері (T)

Жұмыс істеп тұрған қалдықтарды сақтайтын қойманың болуы, ол қаламыздың экологиялық жағдайына жағымсыз әсерін тигізуде және қала тұрғындарының ауыр металдарды жұқтыру қатері мен денсаулықтарына қауіп туғызады



Қаланың негізгі экологиялық мәселелері:


  • ластанған ауаны және ағынды сулардың жеткіліксіз деңгейде тазартылуы;

  • қалдықтарды сақтау қоймасының топырақ құнарлығын қалпына келтіруге қаражаттың жетіспеуі.




      1. Мемлекеттік қызметтер


Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге байланысты көрсетілетін қызметтер түрлерінің саны жыл сайын өсуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес Текелі қаласының мемлекеттік органдары 2014 жылы мемлекеттік қызметтердің 63 түрі бойынша қызмет көрсетті (2013 жылы – 56 түрін).

Мемлекеттік қызметтерді қаланың 11 мемлекеттік мекемесі көрсетті.

2014 жылы барлығы 13567 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, бұл 2013 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санынан 2,2 есе артық (2013 жылы барлығы 6188 мемлекеттік қызметтер көрсетілген). 2014 жылы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 1875 қызметтер (2013 жылы – 1957 қызметтер), мемлекеттік органдардармен тікелей - 11243 қызметтер (2013 жылы – 4231 қызметтер) көрсетілген.

Қағаз түрінде 13118 қызметтер (96,7%), электрондық түрде - 449 қызметтер(3,3%) көрсетілді. Барлық 13567 қызметтер тегін көрсетілді.

2014 жылы электрондық түрдегі қызметтердің екі түрі бойынша 449 қызметтер көрсетілген: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қоюға» (447 қызметтер), «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қоюға» (2 қызмет).

Электрондық түрде қөрсетілген қызметтердің үлесі көрсетілген қызметтердің жалпы санының 5% құрайды.

2014 жылы барынша талап етілген қызмет түрлері:

- «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» (3862 қызмет, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 28,5% құрайды);

- «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» (1791 қызмет, немесе 13,2%);

- «Жұмыспен қамтудға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға азаматтарға жолдамалар беру» (1106 қызмет, немесе 8,1%).

2013 жылы мерзімдерінің бұзулуымен 2 мемлекеттік қызмет көрсетілген, 2014 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2011-2014 жылдары мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

2014 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандырының қатысуымен 4 семинар-жиналыс және «ХҚКО» РМК қалалық филиалының қызметкерлерінің қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау

Мықтыжақтары (S)

  1. мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің қысқартылуы;

  2. әкімшілік кедергілердің азаюы, бір өтініштің негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің енгізілуі.




Мүмкіндіктері (О)

  1. компьютерлік, серверлік және лицензиялық бағдарламамен жабдықтауды жаңғырту;

  2. бұқаралық ақпараттық құралдар мен теледидар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын, құқықтық сауаттылығын арттыру.

Әлсіз жақтары (W)

  1. мемлекеттік қызметтер көрсетудегі халықтың қанағаттанушылығының деңгейін анықтау мен кері байланыс тетіктерінің болмауы, мемлекеттік органдардың электрондық қызметі инфрақұрылымының бәріне бірдей қол жетімді болмауы;

  2. қызмет беруші органдардың мемлекеттік қызметтерін электрондық нысанға аудару мүддесінің төмендігі мен инфокоммуникациялық инфрақұрылымның төмен деңгейі;

  3. қызметтер көрсетуші ұйымдардың басшылары тарапынан қызмет сапасына бақылаудың жеткіліксіздігі;

  4. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметшілердің біліктілк деңгейінің жеткіліксіздігі, кадрлардың тұрақтамауы;

  5. қала әкімі аппаратындағы штаттық санның лимитінің тапшылығына байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу және сапасына бақылау бөлімінің жоқтығы.

Қатерлері (Т )

  1. мемлекеттік органдар басшылығының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша, жауапкершілігінің төмендігі, қызмет көрсету мерзімдерінің бұзулуына әкеледі;

  2. мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша оқытудың әдіснамасының болмауы;

  3. кадрлардың жиі ауысуы мен жеткіліксіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нормативтік құқықтық негізінің ұдайы жетілдіруіне байланысты қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты тұрақты өзектендіру қажеттілігі мемлекеттік қызметтер көрсету барысында стандарттар мен регламенттер талаптарының бұзылуына әкеледі.





Негізгі күрделі мәселелері:

- мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметшілердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі, кадрлардың тұрақтамауы;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нормативтік құқықтық негізінің ұдайы жетілдіруіне байланысты қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты уақытылы өзектендіруге мүмкіндіктің болмауы, себебі тиісті нормативтік құқықтық актілер оларды қолданысқа енгізілгеннен соң біраз уақыттан кейін ақпараттық жүйелерде қолжетімді болады;

- электрондық қызметтерді көрсету көрсеткішінің төмен болуы, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтің үлесі шамалы болып қалуда (2014 жылы көрсетілген қызметтің жалпы санынан 5% құрады).


3. Негізгі бағыттар, мақсаттар, тапсырмалар, нысаналы индикаторлар және нәтижелілік көрсеткіштері
1-БАҒЫТ Экономиканы дамыту
1-мақсат. Жоғарытехноллогиялық, экспортқа бағдарланған өндірістерді құрып, индустрияалды - инновациялық даму арқылы өнеркәсіптегі құрылымдық қозғалыс.

2020 жылға дейін саланы дамытуда болатын басымдықтар:

- Текелі қаласында «Достық» өнерәсіптік алаңын құру;

- өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- перспективті индустриялды- инновациялық жобаларды іске асыру;



- өңдеуші цехтар мен өндірістерді құру.




Нысаналы индикатор

Өл. бір.

Нақты 2014

2015 жылға болжам

2016

2017

2018

2019

2020

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

  1. 1

1

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі

%

105,2

81,5

112,5

107,4

106,7

110,1

112,3

  1. 22

Өнеркәсіп өнімдердің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі.

%

7,5

6,2

64,2

64,3

64,4

64,6

64,8

Қол жеткізу жолдары:

Кәсіпкерлік бөлімнің қатысуымен жоспарланған іс-шаралар:

  • «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;

  • Қала құрушы кәсіпорындардың қатысуымен қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін құру;

  • Пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты жобалардың іске асыруға жәрдемдесу;

  • «Bapy Mining» ЖШС-нің шойын өндіретін зауыт құрылысы «зәкірлі» инвестициялық жобасын жүзеге асыру; (2013-2016ж.ж.) өндірістік қуаттылығы жылына 400 мың тонна;

  • Қала кәсіпорындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу;

  • Бұқаралық ақпарат құралдарында инвесторларды тарту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыру;

  • Индустриалды - инновациялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;

  • Қора өзенінде қуаттылығы 25 МВт шағын гидроэлектростанциясының құрылысы. Бұл жобаны жүзеге асыру қаланы арзандатылған энергиямен қамтудың бірден-бір көзі болып табылады (2015-2016 жж);

  • «Электромарганец» ЖШС-нің 25 жаңа жұмыс орнымен «Оттегі-азотын шығару цехының құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру, жобалық қуаттылығы – жылына 60 мың баллон (2015-2016 ж.ж);

  • «Текелі ГМЗ»ЖШС Текелі қаласының сүт зауытын жаңғырту (2015-2016ж.ж.);

  • «National Logistics company ATASU» ЖШС-нің Текелі қаласы мен Алматы облысында транспорттық логистикасын құру (2014-2016ж.ж);

  • «АлтайКазИнжиниринг» ЖШС-нің темір бетонды тіреулер шығару бойынша шағын зауыттың құрылысы. Жобаны жүзеге асыру арқылы 20-25 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. (2016-2018 ж.ж);

  • «Текелі микрокальцидтер зауыты» ЖШС-нің 20 жаңа жұмыс орнының құрылуымен әк өндіру бойынша зауыт құрылысы. Жобаның қуаттылығы – жылына 60,0 мың тонна ұсақталған әк және 21,0 мың тонна күйдірілген әк (2016-2018 жж).


2 мақсат. Агро өнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсеке қабілетілігін жоғарлату үшін жағдай жасау

2020 жылға дейінгі саланы дамудағы болатын басымдылықтар:

  • халықаралық сапа стандарттарына көшу, отандық өнімінің отандық және шетелдік нарығын кенейту;

  • басымдықтағы дақылдардың аландарын кеңейту, өсіру ресурстарын үнемдейтін технологияларға көшу;

  • жоғары өнімді асыл тұқымды малдардың гендік қорың сақтау арқылы жануарлардың генетикалық әлеуетін жақсарту;

  • суару объектілерін қайта жаңғырту арқылы етті мал шаруашылығын, жем өндіруді және жайылымды дамыту;

  • ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу мен қосылған құны жоғары, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару үлесін арттыру.





Нысаналы индикаторлары


Өл. бір

2014ж.

2015ж.

2016 ж.

2017ж.

2018 ж.

2019ж.

2020ж.

нақты

болжам

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі

%





100,0

106,7

111,9

113,6

113,6

113,6

2.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі

%


103,0

104,5

105,5

106,5

107,5

108,5

109,5

3.

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы малбасының үлесі**

ірі қара мүйізді

ұсақ қара мүйізді

%


18,1

3,0


19,4

7,0


21,0

8,0


22,7

11,0


24,4

12,0


34,8

13,0


34,8

13,0


4.

Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі**

%























5.

Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі

%


-

-

-

-

-

-

-

6

Ет экспорты

тонна






















Қол жеткізу жолдары:

Ауыл шаруашылық бөлімінің қатысумен жоспарланған шаралар:

  • Егіс алқаптарын сақтау мен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде алдыңғы қатарлы техноллогияларды қолдану;

  • «Green House-Зеленый дом» ЖШС-не қосымша 4,0 га жылыжай кешенінің құрылысы;

  • Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді қажетті жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету.

  • Көп жылдық жеміс-жидек дақылдары көшеттерін сақтау;

  • «Апорт» сортты алма ағаштарын қайта жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ары қарай жалғастыру үшін орман қорының 385 га. жер алаңын көп жылға жалға беру мәселесін шешу;

  • Ауыспалы егіс дақылдарын сақтау мен суармалы суларды дұрыс пайдалану арқылы суармалы жерлерді тиімді қолдану;

  • Арам шөптерді және өсімдік аурулары, карантиндік зиянкестерді, зиянды организмдер және аса қауіпті зиянкес организмдердің дамуы мен таралуы мүмкін алаңдарда химиялық күрес жүргізу;

  • Өнімділігі жоғары асыл тұқымды жануарлардың ұрықтарын отырып жалпы табынын жануарларын жақсартуды қолдан ұрықтандыру арқылы мал шаруашылығының өнімдерінің сапасын арттыру;

  • Ауыл шаруашылығы жануарлары төлдерін толық қамту арқылы бірдейлендіру бойынша жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізу;

  • Облыс және қала тұрғындарын өзімізде өндірілетін азық-түлік өнімдерімен қамту мақсатында агроөнеркәсіптік кешеніндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіру және қайта өңдеу бойынша жобаларды жүзеге асыру;

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау және қайта өңдеу бойынша ауылдық тұтынушы кооперативтерін құру;

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындардағы негізгі құралдарды жаңарту.


3 мақсат. Шағын және орта кәсіпкерлікпен сауданы дамыту

2020 жылға дейін саланы дамытуда болатын басымдықтар:

- шикізаттық емес экономиканың басымдық берілген секторларындағы жобаларды іске асыру кезінде шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету;

-жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру мен бар жұмыс орындарын сақтау.

-шетелдік бизнесмендер мен инвесторлар «ағымын» ұйымдастыру;

- кәсіпкерлердің біліктілігін жоғарлату орталығы;

- сауда саласына мемлекеттік қолдау көрсету;

- сауда мен қызмет көрсету саласында жаңа объектілерді ашу арқылы жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру мен бар жұмыс орындарын сақтау;

- заманға сай форматтағы, 2000 ш.м. кем емес сауда объектілерінің құрылысына бизнесмендер мен инвесторларды тарту.





Нысаналы индикаторлар

Өл. бір.

нақты 2014

2015 жылға болжам

2016

2017

2018

2019

2020

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

  1. 1

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі

%

58,2

59,4

60,0

67,5

75,5

80,5

85,0



Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі

%

102,3

102,0

102,2

103,0

103,5

104,0

104,5



Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту(«Бөлшек сауда» қызметі түрімен)

бірлік.

0

0

0

0

0

0

0


Қол жеткізу жолдары:

Кәсіпкерлік бөлімінің қатысуымен жоспарланған іс-шаралар:

  • «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау корсету.

  • «Агробизнес 2020», «Өнімділік 2020», «Экспорт 2020» бағдарламаларына шағын және орта бизнес субъектілерінің қатысуына көмектесу;

  • Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кәсіпкерлікті дамыту шараларына көмек көрсету жұмыстарын жалғастыру;

  • Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің қызметін қалалық Сараптау кеңесінің қызметіне қатысу арқылы жеделдету;

  • Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толтырып, азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • Текелі қаласында жаңа қызмет саласын және сауда нысандарын ашу;

  • Сауда нысандардын заманауи сауда форматына көшіру жұмыстарын жалғастыру.


4 мақсат. Инвестиция тарту мен инновацияны дамыту

2020 жылға дейін болатын даму басымдықары:

- «Достық» өнеркәсіптік алаңын құру мен дамыту арқылы инновация мен инвестициялық қызметке ыңғайлы жағдай жасау;

-"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы инвестициялық жобаларға жеке займдар мен шетелдік қаражаттарды тарту;

- Қаладағы инветсициялық жобаларды іске асыру мақсатында жеке және мемлекеттік серіктестікті дамыту.





Нысаналы

индикаторлар

Өл. бір.

Нақты 2014

2015 жылға болжам

2016

2017

2018

2019

2020

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар






Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны

%







102,5

106,7

109,0

111,5

114,3

  1. 2

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі

%

1,8

2,1

3,0

3,8

4,5

5,5

6,0



Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда)

%







103,5

106,2

110,0

114,2

118,5



Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

%

7,3

7,4

8,1

9,5

11,0

14,1

15,3



Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту

%

0

0

1,5

1,7

1,9

2,2

2,4



Әзірленген құжаттамаларға оң қорытындыларды алған МЖӘ жобалардың санын көбейту және олар бойынша конкурсты жариялау


МЖӘ жобалары бойынша конкурстық құжаттамаларға оң қорытындыларды алған жобалардың саны (жыл сайын кемінде)

-

1

1

1

1

1

1

Қол жеткізу жолдары:

Кәсіпкерлік бөлімінің қатысуымен жоспарланған іс-шаралар:

  • «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында инвестициялық жобалар бойынша өзіндік, қарыз және шетелдік қаражаттарды тарту;

  • Перспективті инвестициялық жобаларды жұмылдыру арқылы «Достық» өнеркәсіптік алаңын құру;

  • Индустрияландыру картасы аясындағы жобаларды іске асыру;

  • «Алматы облысын дамытудың өңірлік орталығы» ЖШС мен бірге инновация мен инвестицияны тартуға ыңғайлы жағдай жасау;

  • Қаланы дамыту үшін республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаражат тарту;

  • «Bapy Mining» ЖШС-нің шойын өндіретін зауыт құрылысы «зәкірлік» инвестициялық жобасын жүзеге асыру;

  • «Текелі ГМЗ»ЖШС сүт зауытын жаңғырту, жобаның құны - 137,5 млн. теңге;

  • «Электромарганец» ЖШС-нің кислород-азот өндіру цехін салу;

  • Текелі қаласының Қора өзенінде сомасы 4,7 млрд. теңгені құрайтын қуаттылығы 21,5 МВт ГЭС салу, жобаның құны – 240,0 млн.тенге.




2 БАҒЫТ: Әлеуметтік саланың дамыту
1 мақсат. Білім сапасының қол жетімділігін, балалардың заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділгін жоғарылату.

2020 жылға дейін саланы дамытуда болатын басымдықтар:

  • білім берудің сапасын мен қолжетімділігін көтеру, балалардың заңды мүддесін сақтау және қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру

    • мұғалімдердің біліктілігін арттыруды және қайтадан квалификациялауды қамтамасыз ету

    • Оқушылардын арасындағы құқұқ бұзушылықтар мен қылмыстарды төмендетуге қол жеткізу, жасөспірімдер ортасына салауатты өмір салтын енгізу.

    • Кәмелетке толмағандардың құқұғын қорғауды қамтамасыз ету мен қылмыскерлік пен нашақорлықтан сақтау.

    • Патриоттық тәрбиелеу жүйесін нысаналы түрде дамыту арқылы, балаларға жоғары патриоттық сананы сіңіру мен Отанының мүддесін қорғаудағы азаматтық борышын орындау дайындығындығына тәрбиелеу.

    • Денсаулығында ақауы бар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары мен қатерлі топтағы балаларға білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету.






Нысаналы индикаторлары

Өл. бір.

Нақты 2014

2015 Бағалау

2016

2017

2018

2019

2020

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны

бір.

0

0

0

0

0

0

0

2

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі

%

51

53

53

55,3

56,8

58

58,8

3

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы,

%

26,3

22,9

22,9

25,9

32

32

47

4

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

%

72,7

80,4

83,6

86,2

94,4

100

100

оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен

%

2,4

14,8










20




5

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі

%

73,5

74,0

74,5

75,0

75,5

80,0

85,5

Қол жеткізу жолдары:

Білім беру бөлімімен және қала әкімінің қатысуымен жоспарланған шаралар:

  • Балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді 100% қамту үшін 2018 жылы республикалық бюджет есебінен балабақша салу мен ертеректе жеке меншіке босатылып берілген ғимараттарды қайтару есебінен 1 балабақша ашу жоспарлануда.

  • білім беру бағдарламаларын жетілдіру, жаңа ақпараттық оқыту технологияларын енгізу;

  • «Назарбаев зияткерлік мектептері» АОҰ оқу бағдарламалары бойынша біліктіліктерін көтеру;

  • көптілділік пен 10-11 сыныптарда элективті курстарды еңгізу;

  • білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет