Даму жоспары


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау



бет4/9
Дата17.07.2016
өлшемі1.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S)

  • Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын барлық жастағы тұрғындардың саны 3,3%-ға өсті.




Мүмкіндіктері (O)

  • Спорттық ашық алаңдар мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы мен қысқы спорт түрлерінен жаттықтырушы-мамандарға қосымша штаттық бірліктер ашу.

Әлсіз жақтары (W)

  • Дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің болмауы;

  • Қысқы спорт түрлерінен жаттықтырушы -мамандардың жетіспеушілігі;

  • Қалада спорттық ашық алаңдардың жетіспеушілігі.

Қатерлері (T)

  • Спорт инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі.




Негізгі күрделі мәселелер:

  • Қала бойынша ең үлкен «Алатау» шағын ауданында дене шынықтыру -сауықтыру кешенінің болмауы.

  • Қысқы спорт түрлерінен жаттықтырушы - мамандардың жетіспеушілігі.

  • Қалада спорттық ашық алаңдардың жетіспеушілігі.

Туризм

Текелі қаласы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Экономикасының негізгі бағыты өнеркәсіпке айқындалғанына қарамастан, қалада туристік сала едәуір қарқынды дамып келеді.

Текелі қаласы өзінің орналасқан жерінің арқасында Жетісу аймағындағы туризм дамуының орталықтарының бірі бола алады. Қала тікелей (Қора, Шажа, Текелі) тау өзендерінің қосылған жерінде орналасқан, өзендер өзінің бастауын Жоңғар Алатауының мұздықтарынан алады.

Текелі қаласының қолайлы табиғи жағдайы мен айналасында тау беткейлерінің көп болуы, заманауи жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті туристік кешендер құрып, экономиканың аралас салаларын дамытуға кең мүмкіндіктер береді.

Мониторинг деректері бойынша туризм инфрақұрылымнын 10 объектісі, соның ішінде 5 қонақ үй, 2 қонақ үйшіктері, «Текелі » санаториі, «Бастау» балалар - сауықтыру лагері, балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы жұмыс істейді. Статистика органдарының мәліметі бойынша 2014 жылы орналастыру орындарының саны 6 бірлікті құрап, олармен 32699 күндік-төсек жалға берілді, бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 120 % -ға артық.

Қала кәсіпорындарының көрсеткен қызметінің құны 107,5 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы (69,0 млн. теңге) көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары.

2014 жылы Текелі қаласының туристтік кәсіпорындарының азаматтарға ішкі туризммен қызмет көрсетуі 3433 адамды құрады, бұл 2012 жылдың (3106 адамға) көрсеткішімен салыстырғанда 10,5% артық.

Қалада туроператорлық қызмет көрсетуге лицензиясы бар үш кәсіпорын туристік қызмет атқарады: «СТеК» ЖШС, «STTEK TRAVEL» ЖШС, «Арман» ЖШС.


1 кесте-Туризмнің даму көрсеткіші динамикасы



Көрсеткіштердің атауы

Өлшем

бір.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

Орналастырылып қызмет көрсетілген келушілердің саны (өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны):
















Резиденттер

адам

3106

2526

3433

3600

Резидент еместер

адам













2

Орналастыру орнының саны

бір.

5

5

6

7

3

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі (өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны)

млн. теңге

69,0

54,2

107,5

85,0

Қалада балалар мен жасөспірімдер туризмі белсенді дамуда. Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетану орталығы жұмыс істейді. Туризм орталығы 3 бағытта жұмыс жасайды: спорт туризмі (тау, жаяу жүргін, су), өлкетану, спорттық түрлері (туристік күрес, спорттық бағдар тану мен тауға өрмелеу). 124,4 ш.м велотуризм залы мен 140,62 ш.м өрмелеу қабырғасы жұмыс істейді. Орталықта 534 бала үйірмелермен қамтылған.

Орталықпен 5 туристік экскурсиялық бағыт дамытылған:

- «Бұрқан-Бұлақ» - Қора шатқалына экскурсия.

- «Семиреченский лягушкозуб» - Черкасай шатқалының жоғары жағына экскурсия.

- «Поющий бархан» - «Алтын-Емел» ұлттық бағына экскурсия .

- «Сақ корғандары» - Есікке экскурсия.

- «Шымбұлақ шатқалы» -«Балдырған» орман питомнигіне экскурсия.

Туризм саласының мамандарын дайындау Текелі қаласының № 17 кәсіптік колледжінде жүзеге асырылады. Колледжде «Туризм нұсқаушысы, саяхат жүргізушісі», «қонақ үй қызметі шаруашылығын ұйымдастырушы» мамандықтары бар. Орталық Азия университетінің құрылысы жоспарлануда.


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S)

  1. Таиғи климаттық жағдайы:

- экологиялық және тау шаңғысы туризімін;

- сауықтыру туризімін («Текелі» санаториі) дамытуға қолайлы;



  1. Алматы облысының туризмді дамытудың мастер - жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының болуы;

  2. Саланың даму көрсеткіштерінің оң динамикасы (орналастыру орындарының қызмет көрсету көлемі 2012-2014ж 1,5 есеге өскен);

  3. Балалар мен жасөспірімдер туризімінің дамуы (Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетану орталығы);

  4. Туристерді тартуға бағытталған іс- шаралар өткізу.

Мүмкіндіктері (O):

  1. Облыс орталығы Талдықорған қаласының жақындығы мен экономика- географиялық ыңғайлы орналасуы.

  2. Кәсіпкерлікті «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасын және бизнесті дамытудың басқа да бағдарламаларын туристік объектілердің белсенділігін арттыру факторы ретінде іске асыру

3. Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы аясында моноқалалардағы шағын және орта бизнесті қолдау шарлары;

4. Инвесторларды тарту мен туристік объектілер құрылысына жер телімдерін бөлу;

5. Жергілікті халықты туризм саласындағы жоғарғы білікті кәсіптерге оқыту.


Әлсіз жақтары (W)

  1. Қаланың географиялық орналасуы тұйықта болу салдарынан, транзиттік әлеуеттінің болмауы.

  2. Туризм объектіліеріне инжинерлік- коммуникациялық инфроқұрылымның болмауы.

  3. Қаланың туристік мүмкіндіктеріне имиджді- жарнамалау жұмыстарының аздығы мен туристік ақпараттық жарнама жұмыстарының жеткілікті көлемінің жоқтығы.

  4. Туризмнің негізгі бағыттарының маусымдық сипатта болуы.

Қатерлері (T)

  1. Әлемдік нарықтағы жағдайдың нашарлауы туризм қызметінің сұранысының әлсіреуіне әкеп соғады.

  2. Шағын және орта бизнестің туризм объектілерінің инфрақұрылым құрылысына бюджет қаражатының жоқтығы.



Негізгі күрделі мәселелер::

  • туристік объектілерге коммуникациялық жүйелердің жоқтығы;

  • туристік азық-түлік бағасының жоғары болуы;

  • қаланың туристік мүмкіндіктеріне имиджді- жарнамалау жұмыстарының аздығы мен туристік ақпараттық жарнама жұмыстарының жеткілікті көлемінің жоқтығы.

Тілдер

Текелі қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу үшін қажет әдістемелік, анықтамалық материалдарымен, сөздіктермен және басқа да көрнекіліктермен қамту жақсаруда. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары үшін қазақ тілінің электрондық оқулықтары шығарылды.

Жергілікті басқару органдарында кадрлық әлеует қалыптасып, материалдық-техникалық база құрылған. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету үшін барлық жағдайлар жасалған. Қалада қазіргі заман талабына сай 1 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен тоқсан сайын мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік тілде жүргізілетін құжаттар айналымына мониторинг жүргізіледі.

2014 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 75,9 құрады (2012 жылы 61,3 құраса).

Іс жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар, ресми түрде орыс тілі де қолданылады. Сондай-ақ, ағылшын тілін үйрену үшін де жағдайлар жасалынуда.

Мониторинг талдауымен қалалық өкімдік, қалалық маслихат, 15 мемлекеттік мекеме, 21 бюджеттік ұйым қамтылған. Мемлекеттік ұйымдардағы құжат айналымының жалпы көлемінен, мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлесі 2012 жылғы 98,5%-дан 2014 жылы 99,1%-ға өскен.

Қазақ тілінде оқытатын мектептердің саны біреу, 2014 жылы аралас мектептер – 4, қазақ тілді мектеп – 1, орыс тіліді мектептер -3. 2015 жылы орыс тілді мектеп – 1, қазақ тілді мектеп -1, аралас мектептер – 6.

2012-2014 жылдары тіл саясаты саласында, нақтырақ сыртқы жарнамада заңнама нормаларын бұзушылық болған жоқ.

Қала кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарында мемлекеттік тілді оқыту бойынша кабинеттер жұмыс істейді.

Қазір 6 ай ішінде, 96 сағаттық бағдарламамен 50 адамға сапалы білім беруге, ал 1 жылда 100 тыңдаушыны оқытытын мүмкіндіктеріміз бар. Сонымен қатар мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мен бағалау мақсатында, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы енгізілген.

Бүгінгі таңда тестілеумен 1256 адам қамтылған.

Қалада мемлекеттік тілді электронды ақпараттандыру құралдарына енгізу бойынша жұмытар жүргізілуде.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Электронды құжатайналым» ақпараттық жүйесі енгізілді. «Қазақтелеком» АҚ негізінде бірыңғай ақпарат таратушы орта құрылған. Бұл жүйеге әкімшіліктің 9 бөлімі мен қалалық әкімдік қосылған.



Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Мықты жақтары (S)

  • Тілдерді білуге қызығушылық танытатын тұрғындардың көбейюі.

  • Тіл саясатының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру.

  • Реквизиттер мен сыртқы ақпаратты рәсімдеу..

Мүмкіндіктері (O)

    • Мемлекеттік тілді насихаттау мен тіл саясатын дамытудың шынайы мүмкіндіктері.

  • Тіл саясатын тиімді пайдалану




Әлсіз жақтары (W)

  • Нормативтік құқұқтық базасының жетілдірілмегенін және материалдық – техникалық базасының даму деңгейінің төмендігі мен тіл ұйымдарындағы арнайы маманданған кадрлар жетіспеушілігін айқындайтын тіл саясатының даму санатының төмендігі.

Қатерлері (T)


Тіл саласындағы негізгі күрделі мәселелер

  • Қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, мемлекеттік тілді жүзеге асыру әлеуеті барлық қоғамдық өмірде әлі жеткіліксіз екендігін айту қажет;

  • Әлеуметтік-коммуникативтік қызметтердегі мемлекеттік тілдің шоғырлану деңгейінің жеткіліксіз болуы.


2.2.3. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртіп

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртіп

Есепті кезеңде (2012-2014 жж.) полиция қызметкерлері үшін белгіленген негізгі міндеттеріне сәйкес, Текелі қаласының ішкі істер бөлімімен, қылмыстардың алдын алуға және қылмысқа қарсы күреске бағытталған шаралар қабылдады.

Қылмыстардың жалпы санының өсуіне қарамастан, ауыр және аса ауыр түрлерінің төмендегені (2012ж-39,2014ж-33) жедел жағдайдың тұрақтылығын айғақтайды.

Тіркелген адам өлтіру оқиғаларының саны (2012ж. – 3, 2014ж. - 4), мен денеге ауыр жарақат келтіру (2012ж. – 4,2014ж.-7) фактілері өскен.

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары нәтижесінде тіркелген қарақшылық шабуылдар саны (2012 жылы – 5, 2014 жылы - 1), тонау (2012 жылы – 25, 2014 жылы -15) азайды.

Жүргізген талдаудың нәтижесі көрсеткендей зорлық-зомбылық қылмыстардың негізгі себептері, әлеуметтік-экономикалық жағдайының қиындығы, жұмыстың жоқтығы мен айтылған қылмыстардың көпшілігі алкогольдік мас күйінде жасалынатындығы болып табылады.

Соңғы 3 жылда кәмелетке толмағандардың (16-дан 20-ға дейін) жасаған құқық бұзушылықтарының азайғандығы байқалыған, сондай-ақ (2012ж – 7,4, 2014- 5,6) олардың үлес салмағы да төмендеген.

2014 жылы қоғамдық орындарда 103 қылмыс жасалып, 2012 жылға (93) қарағанда 10,7 %-ға көп, көшелерде жасалған қылмыстардың саны 2,9 % -ға (68-дан 70-ке) дейін өскен.

Біреудің мүлкін ұрлау мен бұзақылық күрделі мәселе болып табылады. 2012 жылмен салыстырғанда ұрлық 39,0%-ға ( 252-ден 291ге), бұзақылық 30,0 % -ға (27ден-51ге) өскен.

Сонымен қатар, 2014 жылдың қортындысы бойынша бөтеннің мүлкін ұрлауды ашу 21,6 % -ға ( 44,1 % -дан 65,7 % -ға дейін), бұзақылықты ашу 16,5% -ға (80,0 % -дан 96,5 % -ға дейін) артқан.

Жалпы қылмысты ашу 74,6% (2012ж – 53,9%), ауыр және аса ауыр қылмысты ашу–89,7% (2012г. – 74,2) құрады.

Қаланың жолдарындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралар қабылдануда.

2014 жылдың қортындысы бойынша 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліп (2012ж –11; 10,0%-ға азайған), онда 1 адам қаза тауып( 2012ж. –5; 4,0%-ға азайған), 9 адам зардап шеккен( 2012ж. – 11; 22,2%-ға азайған).

Жол көлік оқиғалары өсуінің негізгі себептері болып жылдамдықты асыру мен қарсы беткі жолаққа шығу болып табылады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен апаттылықты төмендету мақсатында, тұрақты негізде жедел -профилактикалық іс-шаралар мен рейдтер өткізіледі.

2014 жылы қабылданған шаралар нәтижесінде 617 жол жүру ережелерiн бұзушылық анықталған (2012ж. – 392), олардың 60 (2012ж. – 61) мас күйінде көлік жүргізгендер.

Бүгінгі күні қабылданған іс-шаралар нәтижесінде қала жолдарындағы жол көлік оқиғалары санының қысқаруының оң үрдісі бар екенін атап өткен жөн.

2014 жылдың қортындысы бойынша қала аумағында жылдамдықты асыру салдарынан болатын жол көлік оқиғалары 2012 жылмен салыстырғанда 16,6 % -ға (12-ден 10ға) төмендеп, қайтыс болғандар 50,0 % -ға (2ден - 1ге) төмендеген.

Ішкі істер органдарының жұмысының анықтау, тергеу және қылмыстың алдын алу әдістері үнемі жетілдіріліп жатқанын атап өткен жөн. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа тәсілдері іс жүзінде қолданылуда.

Алдымызға қойылған міндеттерді табысты орындау мақсатында, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен, қанша жылдан бері сыртқы және жедел қызметтердің материалды - техникалық жабдықталуы сұрақтары оң шешімін табуда.

Қабылданған ұйымдастырушылық шаралар мен көрсетілген көмек нәтижесінде әкімшілік полиция мен тергеу, анықтау және қылмыстық тергеу сияқты қызметтің негізгі бағыты бойнша белгілі бір оң көрсеткіштерге қол жеткізілді.

2012-2020 жылдардағы моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес (2018 ж) Текелі қаласында шағын жедел басқару орталығын құру жоспарланған.

Қала аумағында 268 бейне бақылау камералары орнатылған.




Атауы / жылдары

2012

2013

2014

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %

17,1

19,5

21,8

Көшелерде жасалған тонаулардың деңгейін төмендету, %

52,0

40,0

47,0

Көшелерде жасалған бұзақылықтардың деңгейін төмендету, %

37,5

47,1

37,6

Жол көлік оқиғаларында қаза тапқандар санын азайту, %

0,1

0,1

0,02

(10 мың автокөлікке шаққандағы) жол көлік оқиғаларының саны, %

0,4

0,4

0,5


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S)

  1. Қылмысқа қарсы күрес бағдарламаларын іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру.

  2. Қалада жедел алдын алу іс шараларын жүргізу.

  3. Құқұқ бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу сұрақтары бойынша облыс пен аудандардың басқа құқұқ қорғау органдарымен бірлесе жұмыс жасау.

Мүмкіндіктері (O)

  1. Қала аумағында бейне бақылау жүйесін кеңейту.

  2. «Көршілер бақылауы - ұсақ құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік» қылмысты алдын алу бағдарламасы мен «WhatsApp» бағдарламасы арқылы байланыс арнасын енгізу..




Әлсіз жақтары (W)

  1. Ағымдағы жылы қозғалыс жылдамдығын бұзу салдарынан жол-көлік оқиғалары санын азайтуға көмектескен «Крис-П» фоторадар кешендерінің жетіспеушілігі.

Қатерлері (T)

  1. Қылмыс санының өсуі




Негізгі күрделі мәселелер:

  • Қала аумағында бейнебақылау жүйесін кеңейту.


Азаматтық қорғаныс

Текелі қаласының, табиғи геологиялық - таулы және геодинамикалық жағдайлары облыс аймағының жер сілкіністері, гидрологиялық қауіптерге (су тасқыны, сел, қар көшкіні, көшкін) байланысты төтенше жағдай құбылыстары мен дала өрттерінің қауіпі жоғары.

Есепті кезеңде қала аумағында 50 табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлар тіркеліп, 11 адам жарақаттанып, 4 адам қаза тапты. Материалдық залал 2,2 млн. теңге құрады.

Қала аумағына және нысандар мен халық үшін қатер фокторының басымдылығы маусымдық тасқын мен селдің жүруі.

Текелі қаласының аумағында су тасқыны қауіпі жоғары 25 учаскелер айқындалып. Су басатын аймақтарға 2 елді мекендерді қамтитын көлік автомобиль жолдары кіреді.

Қалада жыл сайын материалдық шығыны 1,0 млн. теңгеден астам болатын 30 астам өрт оқиғасы тіркеледі. Есептегі кезеңде 120 өрт оқиғасы болып, соның салдарынан 13 адам қайтыс болып, 13 адам жарақат алды. Өрт салдарынан болған шығын көлемі – 6,9 млн. теңгені құрады.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада (1975-1976 жылдары салынған) 12 қорғаныс құрылыстары бар.

Құрбандарының саны, келтірілген залал сомасы, қамтыған аумақ мөлшері мен оларға қарсы қорғануы ең қиын табиғи апат жер сілкіністері болып табылады.

Жер сілкінісінің ықтимал теріс салдарына қарсы іс-әрекет үшін мектепке дейінгі оқыту ғимараттарына сейсмикалық нығайту жұмыстары жүргізілді.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Мықты жақтары (S)

  1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың дер кезінде алдын алу үшін барлық деңгейдегі азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерін ауа райы болжамымен жедел ақпараттық камтамасыз етуді ұйымдастыру.

  2. тасқынға қауіпті аймақтарды уақтылы анықтау үшін қаладағы тасқынға ең бейім аймақтарға жыл сайын визуалды тексеру жүргізу.




Мүмкіндіктері (O)

  1. Зілзалаларға, төтенше жағдайлар мен апаттарға қарсы инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру жөніндегі кешенді шаралар қабылдау.

  2. Жергілікті бюджет есебінен қаланы ескерту жүйесін кезең-кезеңмен жаңғырту және қаланың төтенше жағдайлар бөлімінің өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарын, технологиялық жабдықтарын қайта жабдықтау.

  3. Денсаулық сақтау мекемесінің сейсмикалық жағдайын күшейту.

  4. Қора өзенінің арнасын 0,2 км кеңейтіп, тереңдету.

Әлсіз жақтары (W)

  1. жер сілкінісінің ықтимал теріс салдарына қарсы іс-қимыл саласы ең проблем болып табылады

  2. Көктем уақытындағы су деңгейінің көтерілу кезеңінде Қора озенінің оң жағалауын су шайп кетеді.

  3. Қаланың, төтенше жағдайлар бөлімі күштерінің материалдық-техникалық құралдармен жабдықталуының төмендігі төтенше жағдайды жою кезінде, бөлек және жетуі қиын аудандардың тұрғындарын қорғап, көмек беруге мүмкіндік бермейді

Қатерлері (T)

    1. Зілзалаларға, төтенше жағдайлар мен апаттарға қарсы инфрақұрылым құрылысының аяқталмауы.

    2. Сел қауіпі бар өзендер мен морендық көлдерінің автоматты мониторинг жүйесінің жоқтығы.


      1. Тұрғын үй-каммуналдық шаруашылығы


Байланыс пен коммуникациялар

Текелі қаласы мен Рудничный ауылдық округінде ТГПУТ телекоммуникация жүйесінде 4 сандық телефон станциясы қолданылуда. 2014 жылыға станцияның жалпы орнатылған сыйымдылығы 6703 нөмір, оның ішінде 216 нөмір Рудничный ауылдық округінде, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 304 нөмірге артық (2012 жылы – 6399 нөмір).

100 адамға шаққандағы телефонның тығыздылығы 17 бірлікті құрайды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2 бірлікке аз (2012 жылы 19 бірлік).

Коммутацияланған кіру мүмкіндігі барларды қоса алғанда интернет қолданушылардың барлығы 2128 бірлікті құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 968 қолданушыға артық.

Есепті кезеңге ID TV қолданушылардың саны 336 бірлікті құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 136 артық (2012 жылы бұл қызметті қолданушылар -200 бірлік).

2014 жылы SIP телефондарының (ID Phone) қолданушылары 97 бірлікті құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 37 бірлікке артық (2013 жылы бұл қызметті қолданушылар – 60 бірлік).


Каталог: uploads -> files
files -> Пособие по русскому языку для учащихся 5-11 классов Садомова Антонина Петровна
files -> 280-бап. Акциз ставкалары
files -> Көксу ауылдық округінің әкімі Е. А сатымбаевтың 2014 жылға арналған жылдық есебі
files -> Алтынемел ауылдық округі бойынша әлеуметтік экономикалық дамуының қорытынды ақпараты баяндама өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 15 тамызындағы №615 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу
files -> Қоғалы ауылдық округі әкімінің «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, 2014 жылы атқарған жұмысы және 2015 жылға алда тұрған міндеттер туралы есебі»
files -> Перечень лекарственных средств, отпускаемых бесплатно
files -> Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауыл округінің әкімі Бекежанов Бақберген Сейтжанұлының ауыл тұрғындарының алдында 2014 жылғы бір жылдық атқарған жұмыстары туралы есебі бойынша жинақталған құжаттар Сарыөзек ауылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет