«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет54/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   153
емдик беймделу дене тар

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________

20. Тақырып. Спорттық жарақаттар мен тірек-қозғалыс жүйесінің созылмалы аурулары


Жоспар:
1. Спорттық жарақаттардың ерекшеліктері, даму себептері мен механизмдері.
2.Кешенді сақтандыру жүйесі және оның спорттық-педагогикалық бағыты.
3.Спорттық жарақаттардан кейінгі кешенді реабилитациялық жүйе
Спорттық медицинаның ең бір маңызды міндеті жарақаттарды, ауруларды дұрыс анықтап, емдеу шараларын жүргізу. Спорттық жарақаттарды анықтау дәрігерлерге аса қиыншылық тудырмайды. Кейбір жағдайда спортшының организмінде жаттығудан туатын кеселдер мен ауруларды анықтау оңайға түспейді. Себебі адам бірте-бірте физиологиялық жағдайдан патологиялық жағдайға өтеді. Спортшылардың жарақаттары мен ауруларын тудыратын себептерді үлкен екі топқа бөледі.
Спортқа еш байланысы жоқ себептер. Оған әр түрлі инфекциялық аурулар, қоршаған ортаның қоздырғыштарының әсерінен туатын аурулар, күнделікті өмірде кездесетін жарақаттар жатады. Сонымен әңгіме күнделікті өмірде жиі кездесетін аурулар мен жарақаттар туралы болып отыр. Осы аурулар спортшылардың организмінде басқаша жүреді. Сондықтан оларды емдеу де басқаша жүргізіледі.
2. Спортпен айналысуға байланысты пайда болатын себептер спортпен айналысуға байланысты туатын аурулар жаттығуды дұрыс ұйымдастырмаудан, организимге шамадан тыс ауыртпалық түсуден шығады. Әр адамның жеке шамасына қарай ұйымдастырылмаған жаттығулар ішкі органдар мен жуйелердің жұмысыңда ауытқулар туғызады да, қейбір жағдайларда адамның өліп кетуіне себеп болады. Шамадан тыс ауыртпалық деген түсінік — жоғары немесе өте жоғары ауыртпалық деген түсініктергс сай келе бермейді. Шамадан тыс ауыртпалык дегеніміз ауыртпалықтың ұзақтығы мен көлемі спортшының сол жағдайдағы шамасынан артық болуы. Белгілі ауыртпалықтағы жаттығу бір спортшыға тура келгенмен, екінші біреуге шамадан тыс ауыр болады.
Сондықтан, жаттығудың көлемі әр спортшының шамасына қарай ұйымдастырылуы керек. Жаттығудың аяғында спортшы қажымауы тиіс. Осы себептердің ішінде жаттығулар мен демалыс кезеңінің дұрыс қалыптастырылмауы, ауыртпалықтың көлемінің бірден ұлғаюы және нормативтердің орындалмауы ауру туғызуға басым әсер етеді. Спортшылардың күн тәртібін сақтамауы, тамақтанудың ретін бұзуы жаттығудың оқу жұмысымен қатар жүруі және темекі тартып, арақ ішуі, қоздырғыштардың ауру туғызатын әсерін күшейте түседі. Дұрыс ұйымдастырылған спорттық жаттығулар денсаулықты күшейтеді. Ол өз бетімен ауру туғызбайды. Тек қана спортшының организміндегі ауытқулар жаттығулардың ұлғаюы мүмкін.
Осы жағдайда дұрыс ұйымдастырылған жаттығулар да денсаулыктың түзелуіне көмектесе алмайды.
Аурудың қозуы екі себептен туады:
Жаттықтырушы мен оқытушының дәрігермен ақылдасқан жаттығуларды жалғастыруы немесе көлемін ұлғайтуы;
Дәрігердің дұрыс көңіл бөлмеуінен жаттығуға ауру адамның қатысуы.
Спортшының ауруына дұрыс баға бере алмау, органдар- жұмысының жеткіліксіздіктерін толықтырып отыратын касиетпен шығады. Осы қасиетке байланысты органдардағы ауруларға қарамастан, спортшылар өте жоғары көрсеткіштерге жете алады.
Сондағымен ауруы бар спортшыларды жаттығуға жіберуге болмайды. Кейбір жағдайларда дәрігер спортшының органазміндегі ауруды оның өзіндік ерекшелігі деп бағалауы мумкін. Ал, шындығында ол өте күрделі аурудың бастапқы белгілері болып шығады да, арнайы емдік шараларды жургізуді қажет етеді. Спорттық жарақаттардың шығуы жаттығуды өткізетін алаңдар мен бөлмелердің дайындығының төмендігінен жарақаттың алдын алу шараларының жүргізілмеуінен, қарсыластарының рұқсат етілмеген тәсілдерді қолдануынан, дәрігердің берген ақылын орындамаудан және ауа-райының қолайсыздығынан болады. Спортшылардың аурулары мен сырқаттары сирек кездескенмен, олардың белгілерін, даму жолын, себептерін білу жаттыктырушылар мен оқытушыларға өте кажет. Сонымен, спортпен айналысу аурулар мен жарақаттардың тууына тікелей себеп бола алмайды. Егер, спортшы ауруға шалдыкса оның себебін толығы мен анықтап, қайталамауы үшін арнайы шаралар жүргізілуі керек.
Спортшылардың ауруларының басталуына аса қолайлы жағдайлар мыналар: шаршау, шамадан тыс жаттығу, қажу, созылмалы инфекциялардың ошағы және т. б. жатады.
Шамадан тыс шаршау дегеніміз — шамадан тыс және ұзаққа созылатын жаттығудан кейін пайда болатын жағдай. Ол жағдай барлық спортшыларда болуы мүмкін. Шамадан тыс шаршаған адам дел-сал болып, жұмысқа ынтасы болмай, жата бергісі келеді.
Ішкі ортадандын жұмысын тексеру барысында олардың көрсеткіштерінің қалыптан шыкқандығы аныкталады. Жақсы демалыстан кейін шаршағандықтың белгілері кетеді, шамадаң тыс жаттығудың белгілерін казіргі кезде невроз деп атайды, Себебі орталық нерв жуйесінің жұмысының шамадан тыс қозуынан спортшы ашуланшақ ұрскақ болып, ұйқысы бұзылады.
Асқа тәбеті нашарлап, жаттығуға көңіл соқпайды. Осы кезеңде оның ішкі органдарыңың кызметі өте жоғарғы дәрежеде болуы- мүмкін. Кезекті емдік шараларды өткізгеннен кейін спортшының көңіл-күйі калыпка келеді.
Шаршау шамадан тыс жаттығудан бір түрлі тәсілдерді көп кайталаудан да шығуы мүмкін жаттығу ережесін осы жағдайды күшейте түседі. Барлык коздырғыштардың әсерінін жиынтығы орталык ңерв жүйесі мен қозғалыстарының арасындағы ара-катынасың реттелуін нашарлатады.
Шамадан тыс жаттығудан шаршағандықтын алдын алу үшін жаттығуды әр спортшының қуатына сан көлемде және ауыртпалықта өткізу керек.
Ішкі органдардың жұмысының шамадан тыс жылдам дауы жаттығуын көлемінің өсе ұлғаюынан туады. Басқаша айтқанда жаттығудың ауыртпалығы спортшының шамасынан артық болуынан шығады. Осы жағдайда жүректің, өкпенің, бауырдың, бүйректің жұмыстарының ырғақтары бұзылып, жеткіліксіздігі пайда болады.
Ішкі органдардың :ауруларының алдын алу үшін дәрігерлік бақылау жүргізіп, жаттығудың көлемін организмнің жағдайына сәйқестендіру керек.
Спортшылардың шаршап қажуына және ішкі органдарда ауру тууына созылмалы инфекциялардың салмакты қолайлы жағдай туғызады. Ондай ошақтар тамақта (басқа)> ішкі құлақта , тісте (кариозды тістер) кездеседі.
Организмнің реактивтік касиеті, иммунитеті, қайраты төмендегенде, инфекцияның ошақтарындағы микробтар жанданғанда, жоғары көлемдегі жаттығудан шаршаған кезінде органдарда әртүрлі аурулар пайда болуда.
Жарақат деп — сыртқы ортаның механикалык, физикалық, химиялык қоздырғыштарының әсерінен ткандардың біріңғайлылығының бұзылуын айтады. Жарақат алудың себептеріне байланысты олар; өндірістік, көше, көлік, соғыс және спорттык жарақаттар деп бөлінеді, Осы жарақаттардың ішіңде спорттық жарақаттар ауырлығы жағынан да, көлемі жағынан да ең төменгі сатыда тұрады. Ол бар болған жарақаттардың 2 процентін құрайды. Спорттық жарақатар спорттық жетістіктерді ғана төмендетіп қоймай, оның қадірін де азайтады. Спорттық жарақаттардың, алдын алу жұмысына жаттықтырушылар мен оқытушылар ат салысуы керек. Ол спорттық жарақаттардың шығу себебін, белгілерін, барысын толық білуді қажет етеді;
Жарақаттану көрсеткішін 1000 спортшыға шаққандағы өнімі бойынша анықтайды. Жарақаттау көрсеткіші бокста 8,0, күресте — 103, гимнастикада — 29, ауыр атлетикада — 19,1, жүзу спортында — 13,2, баскетболда — 8,1 жеңіл атлетикада — 2, фехтованияда — 64,2 болады. Осылайша жарақаттану керсеткіші әр спортта-әр түрлі көлемде болады. Жарақаттанудың орташа көрсеткіші 1000 адамға шакқанда 4,7 процент екендігі анықталды. Жарақаттанудың көрсеткіші жаттығу, жарыс және дайындық барысында бірдей болуы мүмкін емес жарыс барысында ол — 8,3, жаттығу барысында — 2,1, ал жарысқа дайындық алдында — 20,0 дейін көтеріледі.
Жаттықтырушысыз өткізілген дайындықтың барысында жарақаттану 4 есе артып көтеді. Бұл жаттықтырушының жарақатқа қарсы шараларды жүргізудегі атқаратын ролін көрсөтеді.
Жарақат алудың көрсеткіштері спортшының шеберлігіне байланысты. Сыртқы ткандардың зақымдануы немесе зақымданбауына байланысты (ашық және бітеу), көлемі жағынан (микро жарақаттар мен макрожарақаттар), аурудың ауыртпалығына және организмге әсеріне қарай (жеңіл, орташа ауыр) түрлерге бөлінеді.
Жеңіл жарақаттар организмде аса үлкен езтерістер туғызады және жалпы спорттық қызмет атқару қабілеті кемімейді.
Орта дәрежедегі жарақаттар организмге ауыр өзгерістер туғызып, жалпы және спорттық қызметін атқару қасиетін төмендетеді. Ауыр дәрежедегі жарақаттар организмде өте ауыр өзгерістер туғызады. Оларды ауруханада емдеу керек.
Спорттық жарақаттарға тән қасиет олардың көбісінің бітеу болып келуі. Оған соғылу, созылу, бұлшық ет пен дәнекер ткандарының жыртылуы мен айрылуы жатады. Соғылған жарақаттардын 50 процентке, жуығы буындарда, оның ішінде 30 проценті тізе буынында болады.
Ашық жарақаттар- өте сирек кездеседі. Оның ішінде сырылған және сызат түскен жаракаттар -негізгі бөлігін құрайды. Сүйекке түскен закымдардың көбісі жеңіл дәрежеде жүреді. Көңіл бөлетін жағдайға сүйек сынықтары мен буынның шығуының ара-катынасы жатады.
Тасымалдауда, өнеркәсіпте, күнделікті тіршілікте туатын жарақаттардың ішінде буынның шығуы сынықтарға карағанда 8-10 есе кем болады. Ал, спорттык жаракаттардын ішінде буынның шығуы сынықтарға карағанда 1,5-3 есе ғана көп болады.
Барлық зақымдардың ішінен ораққа ұқсас шеміршектің зақымы жиі кездеседі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда оның көрсеткіші барлық жарақаттарға шаққанда 47,6 процент болады.
Спорттық жарақатардын түрлері әртүрлі спортта бірдей бола бермейді. Ұрылу, соғылу, футбол, хоккей, баскетбол, волейбол, қол добы сияқты спорттық ойындарда, бокста, күресте жиі кездеседі. Бұлшық ет пен шеміршектердің зақымдары ауыр жеңіл атлетикада, гимнастикада кездеседі.
Сүйектердің сынуы күрескерлерде, коньки тебушілерде, велосипед тебушілерде, боксерлерде болуы керек. Ашық жаралар: сырылу және жыртылу велосипед тебушілерде, шаңғы тебушілерде және хоқкей ойнайтындарда көп кездеседі.
Дененің зақым алған жерінен жиі кездесетіні аяқ пен қол 80% аеа, оның ішінде негізінен тізе мен балтыр табан буындарының зақымдануы кобірек болады.
Спорттық гимнастикамен айналысатындарда қолдың зақымдануы 70 процентке дейін жөтеді, ал басқа спорттармен айналысу барысында аяқтың зақындануы басты орын алады.
Бас сүйек пен беттің сүйектерінің зақымдануы боксерлерде барлық жарақаттардың 65%-тін, баскетболшыларда -саусақ буындарының зақымдары — 80 процент, шынтақ буынның зақымдары тениспен айналысатындарда 70 процентке дейін құрайды.
Бас сүйек пен беттің сүйектерінің зақымдануы боксерлерде барлық жарақаттардың 65% тін, баскетболшыларда саусақ буындарының зақымдары 80 процент, шыінтақ буыны- пың зақымдары тенниспен айналысушыларда 70 процентке дейін құрайды.
Спорттық жарақаттардың жеңіл дәрежелері бар барлық жарқаттардың 90 процентін, орта дәрежелі жарақаттары-9 процентін, ауыр дәрежелі жарақаттар-10 пройентін құрайды. Спорттық жарақаттардан мүгедек болу көрсеткіші 5 процентке дейін жетеді.
3. С. Миронованың мәліметіне қарағанда жарақат алған спортшылардың 80 процекті спортқа қайта оралады. Спорттық жарақаттарға тән қасиеттері: олардың жеңіл болуы, бітеу жарақаттардың көптігі, сүйектердің зақымдарының аздығы, буындардың зақымдарының көптігі, әр спорттық жарақаттың өзіне тән жерде орналасуы.
Спорттық жарақаттардың шығуына ішкі және сырткы қоздырғыштарының әсері себеп болады. Көп жағдайда сыртқы қоздырғыштар организмде өзгерістер туғызып, жарақаттың шығуына жағдай жасайды. Спорттық жарақаттардың сырттай себептеріне мыналар жатады: жаттығуды жүргізу барысындағы жіберілген қателіктер мен жеткіліксіздіктер жарақаттардың 30-60%-не себеп болады. Оларға оқытушы мен жаттықтырушылардың оқытудың және тәсілдерді үйретудің тоқтатылмай жүйелі өткізілуін, ауыртпалықтардың бірте-бірте ұлғаюын, тәсілдердің кезектестіріп үйретілуін жәңе оқыту—жаттықтыру жұмысын әр адамға лайықтап өткізілуін бұзуы жатады.
Жаттығуларды шамадаш тыс жылдам жургізу, жаттығулардың ауыртпалығының адам шамасынан жоғары болуы, жаттығу барысыңда және одан кейін демалысты жөнді
Жарақат алуға спортшыларды алаңда дұрыс орналастырмау, алаңға шамадан көп спортшылардың шығуы, бір алаңда бірнеше спорттық жаттығулардың өткізілуі (мысалы, пайза лақтыру және футбол ойнау), группаларды дұрыс құрастырмау, жаттығуды оқытушысыз өткізу себеп болады.
Жаттығу мен жарысты керекті заттар мен құралдарды жеткіліксіз қолдану арқылы жүргізу. Жарақаттардың 15- 25 процент себебін құрайды. Оған спорттық құралдардың, құрылыстардың, киімдердің өте төмен дәрежеде орындалуы жатады. Жарақаттардың тууына алаңның тегіс болмауы, жүгіруге және секіруге қолданылатын жердің қатты болуы, гимнастикалық төсеніштердің кемістіктерінің болуы, жүгіру жолдарының көптеген кедергілерден тұруы себеп болады. Жаттығуға көлемі мен салмағы қалыптағыдан өзгеше құрал-саймандарды пайдалану да жатады.
Спортшының киімдерінің, аяқ киімдерінің айналысатын спорттық жаттығуларына, ауа райына сай келмеуі де жарақаттардың шығуына жағдай туғызады. Мысалы, тар аяқ киім аяқтың терісін сырып, қыста саусақтардың үсуіне себеп болады.
Гигиеналық жағдай және ауа райының қолайсыздығы жарақаттардың себептерінің 2-6 процент құрайды. Оған спорттык сарайлардың, бөлмелердің тазалығының төмен болуы, жарықпен, ауамен, ылғалдылық пен жылумен қамтамасыз етудің гигиеналық талаптарға сай келмеуі, қар тұман, жердің езілуі, күннің қатты ысуы, күшті жел және т. б. жатады.
Спортшылардың жаттығу барысындағы асығыстығы, тәртіпсіздігі және аңғалдығы жаттығуды уақтылы, тәсілдерді дұрыс орындамауға әкеліп соғады. Оған спортшының жекпе- жек барысындағы бұзақылық қимылдары да жатады. Ол спортшының шеберлігінің және дайындығының төмендігіінен шығады. Өзінің шеберлігінің төмендігін жасыру үшін рұқсат етілмеген тәгілдерді қолданады.
Дәрігерлердің ақылын орындамау, спортшыларды дәрігердің тексеруінсіз жаттығуға және жарысқа шығару, жарақаттан кейін дәрігердің рұқсатынсыз жаттығуды бастап кету, жаттығудың көлемінің шамадан тыс жоғары болуы да жарақаттардың шығуына себеп болады. Аурудың ішкі қоздырғыштарына организмнің өзіндік құрылысы, жаттығулардың әсерінен ішкі органдардың өзгеруі жатады. Ішкі себептердің ішінде мына жағдайларды атап өтпеуге болмайды
Шаршау және қажу. Осы жағдайдағы имунитеттің, ауруға қарсы күреетің нашарлауы, қозғалысты реттеу жүйесінің істең шығуы әртүрлі бұлшық еттердің жұмысын нашарлатып, буындардағы қозғалыстың көлемін кемітеді, ептілік пен жылдамдықты азайтады., жарақат алуға себеп болады. Шаршаудан бұлшық ет пен нерв жүйесінің қозғыштығы және өзгергіштігі төмендейді. Осыдан спортшының тәсілдерді орындау шеберлігі төмендейді. Жарақаттардың шығуына дәрігердің кеңесіне құлақ аспау, айтылған емдік дәрілер мен әдістерді дұрыс қолданбау, қалыпқа келу әдістерін іске асырмау да себеп болады.
Ауруға байланысты жаттығуды тоқтатқан жағдайда, ішкі органдардың жұмысы өзгереді. Жүйелі жаттығуларды керекті бір мерзімге тоқтатқаңда бұлшық еттердің күші, шыдамдылығы, жиырылу жылдамдығы төмендейді. Ол көп күшті және күрделі қимылдарды қажет ететін жаттығу тәсілдерін орындауды қиындатады да, жарақат алуға себеп болады. Жаттығуды тоқтату жүйеге айналған қозғалыстарды істен шығарады. Сондықтан жаттыктырушы мен оқытушы дәрігердің кеңесіне әр уақытта құлақ асып, спортшыны белгілеген мерзімде ғана жаттығуға кірістіріп, оның көлемін бірте-бірте, шамалап көтеруі кереқ.
3 Спортшының өте ауыр және күрделі қимылды қажет өтетін жаттығуға дайындығының төмендігі және тамырларды бітелуге бейімділігі де ауру тууға себеп болады.
Спорттық жарақаттарға кобінесе соғылу себец болады. Соғылу көбінесе жерте, еденге, мұзға және суға құлаған кезде пайда болады. (Мысалы, хоккей, футбол, бокс спортына байланысты).
Спорттық жаракаттар қозғалу көлемінін шамадан тыс ы-рғақта жургізілуінен де туады. Сонымен қатар, спорттық жаркаттар жанніылудан және созылудаи шығады.
Терінің ысырылған жерінде ісік пайда болады, қызарады. Содан кейін ішіне сары су толған күлдірек шығады. Белгілі бір уакыт өткеннен соң күлдірек жарылып орнында ашық жара қалады. Ашық жараға ірің туғызатын микробтар түскенде ол қабынады. Оның айналасында орналасқан лимфа бездері ісінеді, дененің ыстығы көтеріліп, адамның жалпы көңіл-күйі нашарлайды. Терінің қабығы алынған жерде 3 процент сутегі тотығының ертіндісіне малынған матаменен немесе бинтпен тазалап, пенидиллин бибмицин сияқты майларды колданып, таңып тастайды. Терінің сызат алын закымдануы жерге, еденге, ұстынға ұрылудан туады. Сызат алған жерде қатты сыздаған ауыру пайда болады, қанайды, лимфа кетеді.
Ол жерлерді ысқыламай абайлап тазалау керек. Ол үшін сутегі тотығына малынған мақтаны закымданған жерге жапсырады, артынша таза кебу бинттермен абайлап кептіреді. Осыдан кейін зақымданған жерге дезинфекциялық ерітінді жағады. Зақымды ультракүлгін сәулелерімен емдесе тезірек жазылады. Көлемді зақымдарға синтомицин немесе пеницилин майларын қолданып таңады.
Жарақаттардың негізгі белгілеріне қан кету, сыздау, муімспің жұмысының және ткандардың біріңғайлығының бұзылуы жатады. Жарадан қан кетудің және оған микробтарын түсуінің үлкен қауіпі бар. Жараға микробтар-туакенде қабынып, бөлінеді. Ыстығы көтеріліп іріңдейді. Жараға топырақ тускен жағдайда сіпеспе және газ бөлінетін шіру сияқты қыр кеселдер туады. Жарақат алған жердің қанауын тоқтатқаннан кейін шет-шетін героцент иодтың тумбасымен тазалап, таза бинтпен таңып тастайды. Жараны қолмен ұстауға болмайды: Сонымен катар, жаңадан болған жараны тазалап дезинфекциялык ерітінділермен жууға тиымсалынады, Себебі жуу барысында жараның ішіне оның үстінен және айналасындағы теріден микробтар енуі мүмкін. Дезинфекциялық ерітінділердің әсерінен микробтар мен қатар жарадағы ткандар мен клеткалар зардап шегеді, олардың бітелу мерзімін ұзартады.
Соғылу — деп механикалык қоздырғыштардың әсерінен органдар мен ткандардың көзге көрінбейтін дәрежеде зақымдануын айтады. Соғылу денені доғал заттармен ұрғанда (мысалы, футбол добымен, ракеткамен, хоккей таяғымен) немесе кұлағанда, жылдам козғалып, бара жатқан кезде бір орнықты нәрсеге соғылғанда шығады. Соғылудан сүйектің сынуы, буынның шығуы, жұлынның үзілуі туады.
Соғылған кезде жергілікті қан тамырларының қуысы кішірейеді (спазм), бірақ мезгіл өткен соң олардын бұлшық еттерінің сал болуына байланысты кеңейіп, айналасындағы ткандарға қанның сұйық бөлігі шыға бастайды, Осыдан ткандар ісінеді. Көбінесе кішігірім қан тамырлары жарылып немесе үзіліп, тері астына қан кетеді. Соған байланысты соғылған жердің сыздағаны ұлғайып, дене мүшесінің жұмысы нашарлайды.
Соғылудың тағы бір белгісі — тері астына қан кету. Тері астына қанның кетуі соғыла сала басталады. Бұлшық еттердің және сүйектің соғылуынан тері астына қан кетуі жүре келе сотылған жерден темішректе пайда болады. Оның себебі аккан қан бұлшық еттердің арасымен, өзіндік салмақтың әсерінен төмен жылжиды, Аяқ пен қолдың, кеуде мен бастың соғылуынан ісіну және сыздау 1-2 күннен кейін кетеді.
Ал тері астына кеткен қан 6-12 тәулікке дейін тұрады. Тері астына кеткен қан ұйып, бірте-бірте қызыл түстен сары түске дейін өзгереді. Бұлшық еттердің соғылуынан кеткен қат бұлшық еттердің арасына жиналып гематома (қан ұйындысы) кұрауы мүмкін. Гематоманы дұрыс емдемеген жағдайда, дәкенер ткані өсіп, сүйелге айналуы ықтимал.
Сүйек қабығының соғылуы бұлшық ет аз немесе мулдем жок жерлерде кездеседі. Оған тас, алаканның сырткы жағы, башпайдың сырткы жағы және балтырдың ішкі жағы жатды. Соғылу күшіне байланысты сүйек кабығыныц астына қан кетуі немесе гематома пайда болып оны сүйектен ажыратуы мүмкін.
Сүйектің кабығының айтындағы гематомадан кішігірім ісік, сыздап ауыру шығады. Ұрылған дене мүшесі қозғалғанда сыздаған ауыру көрініс береді. Буындар соғылғанда олардын қуысына қан көтеді. Оны гемартроз деп атайды.
Гемартроз соғылғаннан кейін 1,0-1,5 сағатта пайда болады. Буыннын пішіні өзгеріп, көлемі ұлғаяды. Буынды қозғағанда ауырады. Дененің соғылған зақымдарына бірінші медициналық көмек көрсету үшін хлорэтилді қолданады. Ол кішігірім қан тамырларынан кеткен канды тоқтатады.
Хлорэтилді зақымданған жерден 30-40 см алыетан 1-2 мннуттай себеді. Оны тері бозарып, ашыған сезім пайда болғанда тоқтатады. Содан кейін соғылған жерді таза бинтпен қысып таңып тастайды және соғылған жерге бірнеше рет суық сумен, мұзбен, қармен әсер етеді. Бір тәуліктен кейін әртүрлі жылумен емдейді. Бір-екі тәулік өткеннен кейін массаж бен дене тәрбиесі жаттығулаңын бастайды.
Бұлшық еттердің, сіңірдің, бұлшық еттің қабығының жаракаттарының ішінде соғылу, жыртылу, үзілуі жиі кездеседі. Бұлшық еттердің созылуынан ол үзіле бермейді. Көбінесе тірек аппараты зылуынан жыртыла, үзіледі. Осындай жаракат бұлшық еттердің сыздауын туғызады. Спортшылар қысқа мерзімге жаттығудан қалады. Мұндай жаракаттар бұлшык еттердің сіңірге өтер жерінде шығуы мүмкін. Қолмен ұстағанда зақымданған ткандардың қатайғандығы байқалады. Ол бұлшык етке қан қетуден және оның жиырылуынан болады. Егер бұлшық ет жыртылып немесе үзіліп кетсе, тері астында босаған жер пайда болады.
Ол бұлшық ет жиырылған кезде үлкейе түседі. Қарының екі басты және санның төрт басты бұлшық еттері жыртылған немесе үзілген кезде тері астында бөлік пайда болады.
Өкше сіңірі жыртылған кезде спортшы аяғының ұшында түра алмайды, ал алақанды жазатын бұлшық еттердің сіңірлері жыртылғанда саусақтар салбырап жазылмайды. Қолмен сипалаған кезде сіңірдің жыртылған жерінде кемістік анықталады, Бұлшық еттердің қабыршағының жыртылуына еттердің бірден аса қатты жиырылуы немесе оның жиырылған кезінде таяқпен ұру себеп болады.
Бірінші медиңиналық көмек бұлшык ет пен сіңірлердің жарақаттарынан кетікен қанды тоқтатудан басталады. Сыздаған ауыруды баяу үшін хлорэтил себеді немесе мүз және мұздай су кояды, Бұлшык еттері үзілген және жыртылған дене мүшесін қозғалмайтыін жағдайға келтіру керек. Бұлшық ет пен сіңірдіқ толык үзілуіне байланысты операңия жасап. үзілген жерді қосып тігеді. Закымданғаннан бір тәулік өткеннен соң кеткен канды және ісікті кетіру үшіін формакологиялык заттарды және физиотерапевтік әдістерді қолданады.
Операциядан кейін 3-4 тәулік өткен соң дене тәрбиесі жаттығуларын, ал 1-2 аптадан соң абайлап, уқалауды бастайды. Буындардың жаракаттарына буыін сірінің зақымдануы, буынның шығуы, тізенің шеміршегінің зақымдануы жатады, Буындағы козғалыстың. шамадан тыс аукымды болуы буынның қабының және сіңірінің катты оозылуына себеп болады. Сіңірлер мен буынның қабы буынның қалыпты көлемде козғалуына жагдай тугызады. Бірак олар шамадан тыс созылған жағдайда сүйектер буыннан таюуы мүмкін. Көбінесе тізе мен балтыр-табан буындары, шынтақ пен иык буындары орнынан таяды.
Сіңірлердің зақымдануының үш дәрежесі аныкталады. Сіңірлердің созылын, сыздаған ауыру пайда болуын бірінші дәрежелі закымдану деп атайды. Осы жағдайда кішігірім кан кетіп, ісік пайда болады.
Сіңірлердің біраз жерінің жыртылуын екінші дәрежелі закымдану деп атайды. Бұл жағдайда жұмсақ ткандарға кан кетеді де, буындарда гемартроз туады. Осыған байланысты буынның қыртыстары жазылып, ісік пайда болады.
Сіңірлердің толық жыртылып қатты сыздауы үшінші дәрежедегі зақымданудын белгісі болады. Қанау, гемартроз, буынның ісінуі және оның козғалысынын істен шығуы дене мушесінің теріс айналып кетуімен жалғасады.
Сіңірлер көбінесе сүйекке жалғасқан жерінде үзіледі.
Бірінші медициналық көмекті зақымданған жерге хлорэтилді себуден бастайды немесе оған мұз, мұздай су қойып, соңынан бннтпен қатты таңып тастайды.
Сіңірлер мен буынның қабы жыртылған кезде шендеуіштер қолданып, дене мүшесінің жағдайда келтіреді.
Сіңірлердің шамадан тыс созылып, толғынан жыртылмаған жағдайында гипспен таңады, ал сіңірлердің жыртылған кезінде операция жасап тігеді. Осы зақымдарға байланысты уқалау жүргізіп, дне тәрбиесі жаттығуларын қолданады.
Буынның таюы деп — буындардың шығып сүйектердің бір-бірімен қалыпты байланысының нашарлауын айтады. Буын тайған кезде буын қабы және сіңірлер жыртылып, бұлшық еттер мен тері зақымданады. Буынның таюын толық және жартылай деп екіге бөледі.
Буынның толық тайған кезінде сүйектердің буындардағы байланысы толығынан тоқтайды.
Буынның жартылай таюында сүйектер орнынан аздап қана жылжып қетеді.
Буынның таюына мүшенің шамадан ауқымды қозғалуы немесе қатты соққыдан сүйектердің буынан шығып кетуі себеп болады. Иықтың шығуы гимнастарда, суға жүзушілерде және күрескерлерде жиі кездеседі. Буынның таюуының 37 проціенті қайталамалы болып қалады. Шыққан буында қатты сыздағаін ауыру және сықырлаган дыбыс пайда болады. Дене мүшесі қисайып, ал оны қалыпты жағдайға келтіруге күштегенде ауыруы ұлғаяды. Буынның сырт пішіні өзгереді, орнынан қозғалғаін сүйек қолға жақсы ілігетін өскін сияқты болады, оның орнында сай қалады. Буын тайған кезде дене мүшесін қозғалмайтын жағдайда келтіреді. Ол үшін шендеуі қолданады немесе бинтпен таңады. Ауруды тез ауруханаға жеткізу керек. Сүйектерді орнына қоюды жаттықтырушы мек оқытушының жүргізуіне болмайды. Ол буынның қосымша зақымдануына себеп болады. Сүйекті буынына: түсіргеннен кейін таңып тастайды. Екінші күні дене тәрбиесі жаттығуларын бастайды. Уқалау, физиотерапевтік емдеу және дәрілер беру арқылы зақымның тез қалыпқа келуіне көмектеседі. Спорттық жаттығуды ұзақ жүйелі емдеуден кейін бастайды. Спортшының толық қалыпқа келуі 6-8 аптаға созылады. Шеміршек зақымданған кезде тізеге суық су, мұз жапсырып артынша катты қысып таңып тастайды. Аяқты қозғалмайтын етіп тануға шендеуіштер қолданады.
Зақымданған шеміршекті кесіп алып тастағанда, жаттығуға 3,5 айдан кейін ғана кірісуге болады. Ал, толық ауыртпалықпен жұмыс істеуге тек 5 айдан соң кіріседі.
Сүйектің сынуы деп — сыртқы ортаның механикалық әсерінен сүйек тканінің бірыңғайлығының бұзылуын айтады, Сүйек сынған кезде оны коршаған бұлшық еттер, қан тамырлары, сіңірлер зақымданады. Сынықтар толық және жартылай, ашық жәке бітеу, орнынан қозғалған және қозғалмаған деген түрлерге бөлінеді. Сүйектердің сыну пішініне байланысты олардың ұзына бойы, көлдеінең, иілме, жарықшақ деген түрлері болады, Сүйектердің сынуына ұрылу, биіктіктен қүлау, соғылу, қысым түсу, бұралу, майысу себеп болады. Спортшылардың өзіне тән сыкыктары бар. Сынықтарға тән жалпы белгілерге сынған жердің ісінуі, көгеруі, сырт пішінінің өзгеруі, қатты сыздауы, дене мүшесінің қысқаруы, қызметінің істен шығуы және сынған жерде сықырлаған дыбыстың шығуы жатады. Ашық сынықтарға байланысты сүйектің бөліктері бұлшық еттерді және теріні жыртып сыртқа шығып жатуы мүмкін. Бірінші медициналық көмекті көрсету үшін иммобилизация немесе дене мүшесін қоізғіалмайтыя жағдайға келтіру әдісін колданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет