Дене тәрбиесінің Әдістері


Қатаң шектелген жаттығу әдістері



бет2/7
Дата19.10.2023
өлшемі36.86 Kb.
#481131
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 4. Дене тәрбиесінің әдістері

Қатаң шектелген жаттығу әдістері
Жаттығу кезінде көп қайталанып жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетті біз қатаң шектелген жаттығу әдістері деп атаймыз.
Қатаң шектелген жаттығулар әдістерін пайдалану көптеген мумкіншіліктерге қол жеткізеді:
1 Жүктеме көлемін қатаң мөлшерлеуге. Бұл әдісті қолдану кезінде жүктемені ең төменгі шамадан жоғарғы шамаға дейін жоғарылатып, басқаруға болады.
 Әр түрлі дене қуатының қасиетін дамыту және жаттығулармен әрбір дене мүшесіне әсер ету.
3 Дене тәрбиесі үрдісінде жеке үйретуді пайдалану.
4 Кез келген күрделі жаттығуларға үйрету.
5 Дене тәрбиесі жаттығуларын әр түрлі жастағы адамдар арасындағы сабақ, жаттықтыру кездерінде пайдалана алу мүмкіншілігі. Біз осы әдістің көмегімен жаттығуларды жас балалардан бастап егде тартқан адамдарға дейін қолдана аламыз.
Қатаң шектелген жаттығулар әдістері екі топқа бөлінеді: а) қимыл-әрекетке үйрету; ә) дене қуаты қасиеттерін жетілдіру.
Қимыл-әрекетке үйрету әдістері
Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады.
Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйреу кезінде мынадай жағдайларда қолданылады:
- қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде;
-дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен жаттықтыру сабақтарында;
-қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе техника негізінің сапасы болмайтын жағдайда;
-бұрын үйренген жаттығуларды жетілдіруде.
Жаттығуларды бөлшектей үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды. (Мысалы, гимнастика сабағындағы алдыға аунап түсу, басқа тұру, дөңгелек айналу жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйреніп, меңгергеннен кейін толық қайталау және т.б.)
Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жеңілдету үшін жақындататын жаттығулар қолданылады. Жақындататын жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар бір тұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет