Дене тәрбиесінің Әдістері



бет6/7
Дата19.10.2023
өлшемі36.86 Kb.
#481131
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 4. Дене тәрбиесінің әдістері

Көрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топка бөлінеді:

  1. Көру көрнекілігі әдістері.

  2. Есту көрнекілігі әдістері.

  3. Қимыл көрнекілігі әдістері.

Көру көнекілігі әдістеріне жататындар:
Үйренетін қозғалысты мұғалімнің немесе мұғалімнің тапсырмасымен оқушының көрсетуі. Көрсету кезіңде мұғалім мынандай әдістемелік талаптарды басшылыққа алуы керек:
- көрсетудің мазмұны сөз қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс;
- көрсетудің мазмұны, үйренудің мақсатына сәйкес келуі қалжет: а) бірінші рет жаттығу тәсілін көрсеткенде ол стандартты түрде, оқушыларға түсінікті денгейде толық орындалуы керек; ә) үйрету кезінде оқушылар қиын элементтерді жақсы игеруі үшін қозғалыс толық немесе белшектеліп, ақырын өз қарқынында немесе баяу қарқында көрсетіледі; б) жетілдіру кезеңінде оқытушы жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері орындағандай көрсетуі керек, ол оқушыларды ынталандырады, сол денгейде орындауға ұмтылдырады;
- жаттықтырушы жаттығуды көрсеткенде спортзалдың, алаңның ең қолайлы, оқушылардың бәріне көрінетін, өзі де жаттығудың орындалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы керек;
- қарапайым, жалпы жетілдіру жаттығуларын көрсеткенде «айна тәсілін» колданған жөн;
- оқытушы көрсетуді өзі орындай алмайтын жағдайда: а) денсаулығына байланысты; ә) көрсету кезінде дене қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса (мысалы, баспен төмен қарап тұрса); б) жаттығуды орындағанда мүмкін болатын қателіктерді оқушының өзі аркылы көрсету керек болса, көрсетуді жақсы дайындығы бар оқушыға тапсыруына болады.
Көрнекі құралдарды көрсету. Жаттығуларды бөлшектеп қарауда оның орындалу тәсілін түсіндіруде көрнекі құралдар, суреттер, плакаттар, фото, кино, бейне көріністер үлкен рөл атқарады (дене қалпы, статикалық дене тұрғысы т.с.с)
Суреттеме - тақтаға немесе қағазға оқушының жаттығудың орындалу схемасын түсіруі. Оқытушы сол суреттеме арқылы окушының жаттығуды орындауды қалай тусінгенін біледі. Сонымен қатар кино және бейне магнитофон таспаларында жазып алынған жаттығуды көрсету арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуге болады. Өйткені ол қозғалысты әр қырынан көрсетіп, тәсілдің барлық бөлшектерін анықтап түсінуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет