Дене тәрбиесінің Әдістері


Шеңберлі, айналмалы орындау әдісі



бет5/7
Дата19.10.2023
өлшемі36.86 Kb.
#481131
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 4. Дене тәрбиесінің әдістері

Шеңберлі, айналмалы орындау әдісі. Спортзал мен спорт алаңдарында шеңбер бойынша орналасқан «станцияларда» жаттығуларды шеңбер бойымен айналып жүріп орындау шеңберлі орындау әдісі деп аталады.
«Станциаларда» (саны 6-10 болуы мүмкін) қарапайым, үйренген бір жаттығу орындалады (мысалы, штанганы иықта ұстап отырып-тұру, аспа темірде тартылу және т.б.). Жаттығуды орындау саны әрбір «станцияда» жеке тағайындалады. Бір сабақта «шеңберді» бір реттен үш ретке дейін тынықпай немесе тынығу аралығымен өтуге болады.
Шеңберді бір айналып жаттығуды орындау уақытын, тынығу аралық уақытын, жаттығуды қайталау санын мөлшерлеп белгілеу қажет. Шеңберлі орындау әдісінің бірнеше түрі бар:

  1. Жаттығуларды ұзақ, үзбей орындау әдісі. Сабақ тынығусыз, шеңбер бойынша бірден үш ретке дейін қайталана орындалады. Сабақ міндеті- жалпы және арнайы төзімділікті дамыту.

  2. Аралық орындау әдісі бойынша. Жаттығуларды орындау аралығында тынығу қатаң аралықты. Күш және жылдамдық, күш төзімділігін тәрбиелеуге қолданылады.

  3. Бірқалыпты орындау әдісі бойынша. Тынығу аралығы толық. Күшті және жылдамдықты тәрбиелеуге қолданылады.

Шеңберлі жаттығу әдісін қолданар алдында жаттығуларды топтап, жүйелеп алады, «станциялардың» орындары белгіленеді, жаттығуларды орындау мөлшері тағайындалады.
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері
Сөз қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету үрдісінде, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеуде сөз қолдану әдісінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөз қолдану әдісі үш топқа бөлінеді:

  1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Бұл әдістерді қолдану кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады.

  2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.

  3. Талдау, бағалау әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған.

Енді осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық.
Баяндау теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі қозғалыс әрекетін түсіндіруге, спорттық жаңалықтарды хабарлауға пайдаланылады. Оқушыларды жаттығуды орындау техникасымен таныстыруға түсіндіру әдісі қолданылады. Оқушылардың білімін, бір нәрсеге құштарлығын білу, ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін арттыру үшін әңгімелесу әдісі қолданылады.
Қысқа, бұйрықты раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сөйлеу түрін бұйрық беру әдісі дейміз. Бұйрық саптық (әскери) және төрешілдік (сөреден жүгіру кезіндегі бұйрықтар, төрешілердің бұйрық сөздері) болып бөлінеді. Бұйрық көп адамдар қатысатын әрекеттерді ұйымдастыруда қолданылады. Мысалы, жаттығуды орындауға берілетін бұйрықтар, жаттығушылардың саптағы әр түрлі қозғалыстарын басқаруға берілетін бұйрықтар т.б.
Сабақ алдында немесе сабақ кезінде кейбір жеке міндеттер тапсырма әдісінің қызметіне жатады.
Қысқаша айтылып, бұлжытпай орындауды талап ететін сөз әсерін нұскау беру деп атаймыз. Бұл әдіс көбінесе қозғалысты үйретуде қолданылады. «Жылдамдат», «тездет», «асықпа», «еркін жүр», «тізені бүкпе», «шынтақты түсірме» т.с.с. нұсқаулармен мұғалім қимыл-қозғалысты басқарып отырады. Белгілі бір тапсырма орындалған соң (мысалы, ойын) талдау жасалады. Талдау әдісінің көмегімен кателер оларды түзету жолдары керсетіледі, келешектегі оқу-дайындық әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып болғаннан соң, оған «жақсы», «орташа», «жаман» деген ауызша баға беріледі. Сабақ аяғында оқушылардың жаттығулар техникасын, сынақ жаттығуларын орындағаны бағаланады, баға қойылады. Осы жұмыстар бағалау әдістері көмегімен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет