3.Оқушылардың өзік іс-әрекеті; 4.Жобаның мазмұндық бөлігі құрастыру; 5.Зерттеу әдістерін қолдану; 6.Шешімін іздейтін мәселенің болуы,жоба бұл байсалды ойын,баланың дербестігі және ата-ана мен баланың ортақ шығармашылығы; Жобалау түрлері
Жобалауда көбіне қолданылатын әдістер:зерттеу,шығармашылық,рөлдік-ойындық,таныстыру-бағыттау,т.б
Жобаны бағыттау: тікелей,жасырын.
Қарым-қатынас: бір мектеп,бір сынып,қала,аймақ,халықаралық оқушылар арасында.
Жобаға қатысушылар саны;
Жоба уақыты: тақырып ауқымына сай.
Зерттеу әдісті жоба: Мұндай жобалар жан-жақты ойластырылған,мақсаты айқын,барлық қатысушылар үшін өзектілігі бірдей,әлеуметтік маңызы бар.Алынатын нәтижені өңдеу, жасалатын тәжірибелер мұқият қарастырылған.Зерттеу қисынында толықтай бағындырылып,нағыз ғылыми зерттеулерге мейлінше жақындастырылған. Жобалау технологиясында төмендегідей іс-әрекеттер жүзеге асуы тиіс:
42. Ақпараттық телеқатынастық және қашықтықтан оқыту технологиясы. Қазіргі таңда білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты заманауи талаптарға сәйкес қоғамды дамытудың тиімді де сапалы технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Сол себепті, өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әрбір педагог өз кәсіби тәжірибесін жаңашылдыққа бағыттап, әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануы шарт. Осыған орай қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған оқушыларымыздың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы төмен деп айта алмаймын, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалануда.Мұны әрі қарай дамытуда, жаңа білім алу жолдарын іздестіруде оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту жүзеге асырылуда. Олай болса, қашықтықтан оқыту дегеніміз не және оны ұйымдастырудың ерекшелігі неде? сауалына жауап ізделік. Қашықтықтан оқыту – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқытудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі – вебинар.